Хvііі ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері



Дата19.04.2023
өлшемі18,23 Kb.
#84711
Байланысты:
Тарих БӨЖ 3


ХVІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері.


XVIII-XX ғасырдың соңындағы Қазақстан - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.


XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді. Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
ХVІІІ ғасырдың соңындағы Орта Азия мемлекеттері.
Қазақ хандығы этногенездік тұрғыда Қазақ халқының ағымын білдіреді.
Қазақ ру-тайпаларының бірігуімен үлкен территорияны биледі. Тарих ғылымында XVI - XVIl ғ.ғ. Қазақстанның
Әлеуметтік және Экономикалық жағдайын зерттеу арқылы білуге болады. XVI-XVII ғ. Қазақ қоғамы бір қалыпты дамыды. Қазақтардың негізгі
шаруашылығымен айналысты,қалған бір бөлігі егінішілікпен айналысса, қала тұрғындары негізінен қолөнер, сауда, құрылыстармен айналысқан.
Қазақ хандығында да басқа Орта Азия мемлекеттері сияқты өзіндік ерекшеліктері болды. Осыған байланысты Қазақстанда сол ғасырларда алғашқы патриархалдық -феодалдық, қатынастар сақталып отырды.
Жаңа тарих кезеңінде Орталық, Азияға үстемдік ету ушін Жаңа ұлы
ойын қайтадан басталды. 1990 жылдардың басында КСРО
ыдырағаннан кейін энергетикалық, ресурстар үшін бәсекелестікпен
қатар Шанхай ұйымының құрылуы ынтымақтастық, Ауғанстандағы
қақтығыс және 11 қыркүйектен кейін американдық базаларды
орналастыру, айналасындағы аймақтық және әлемдік державалардың мүдделері тоғысқан жерде. Қытай ғалымдары жазғандай, қазіргі әлемдік қауымдастықта державалардың мүдделері мен саясаты тоғысқан және
соқтығысатын Орталық Азия сияқты аймақ жоқ. Орталық Азия аймағынданы геосаяси мүдделеріне байланысты Ресей мен Қытай әртурлі кезеңде одақтас ретінде де, бәсекелес ретінде де өзара әрекеттеседі деп
айтуға болады. Басқа державалар мен күштердін қауіп-қатерлерінің кезеңді түрде пайда болуына байланысты Ресей мен Қытай арасындағы өзара әрекеттесу сипаты жиі кездеседі, өзгереді, бірде бақталастық, бірде ынтымақтастық сияқты көрінеді.
Бүгінде Ресей мен Қытай жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл, екі жақ түрлі секторлар мен салаларда, соның ішінде Орталық Азиядағы аймақтық, қауіпсіздік саласында ынтымақтасады.


Студент:Үсен Еркемай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет