И. А. Липский тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формала
Пән атауы:Инклюзивті білім беру
Орындаған:Турланова Жадыра ҚТӘ-202
№2 СРС-СРСП
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары және оны ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. ПМПК қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары. Ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайын ұйымдастыру.
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар, балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді.Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған. М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды.«Әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына көшпес бұрын «әлеуметтік» және «педагогикалық» қолдау түсініктеріне анықтама беруді жөн деп санаймыз.
И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді.Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. Педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы,баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі ретінде қарастырылады.
Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу,соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді. Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді. Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп атады.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау оның әрекетін үйлестірусіз жүзеге асырылмайды. Қызмет әрекетін үйлестіруші осындай орган Психологиялықмедициналық-педагогикалық (ПМП) консилиум болып табылады. ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, өзекті даму деңгейіне, соматикалық және жүйке-психикалық денсаулық жағдайына сәйкес балалар өмірінің тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұтас жүйесін құру болып табылатын тұрақты әрекет ететін, үйлестірілген, ортақ мақсатпен біріктірілген, қолдау стратегиясын жүзеге асыратын мамандардың ұжымы. Консилиум әрекеті белгілі бір алгоритм бойынша іске асырылады және үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, талқылау кезеңі және жүзеге асыру кезеңі. Дайындық кезеңі диагностикалық мәліметтерді жинақтауды, ақпаратты жалпылауды және оқушыларды дамыту міндеттерін қоюды қарастырады. Талқылау кезеңі – түзете-дамыту жұмысының міндеттерін нақтылау, педагогикалық міндеттерді қою, мамандар командасы әрекетінің мазмұнын анықтау. Жүзеге асыру кезеңі – өзінің кәсіби әрекетіне міндеттерді қою және жүзеге асыру, қойылған міндеттерді шешу үшін формалар мен әдістерді таңдау. Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялықпедагогикалық қолдау – бұл бейімдік мектеп әрекетінің өте маңызды және өзекті бағыты. Оны дұрыс ұйымдастыру – мектептің білім беру кеңістігіне қосылған кез келген баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың кепілі бола алады. Білім беру бағдарламасы ПМПК меңгерушілерінің консультациялар қызметін негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған: әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде балаларды тексеру, консультация беру, білім алуда ерекше қажеттіліктерін анықтау (бағалау).