И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет29/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Бағдарламаланған оқытудың пайда болуы Б.Ф. Скиннердің есімімен байланысты. Ол 1954 жылы педагогикалық қауымды оқытудың (сабақ берудің) тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Басқару категориясы бағдарламалау үшін ең маңыздысы ретінде қарастырылады: «Нағыз проблема білім берудің барлық сатыларында бастауыш мектепті және мектепке дейінгі мекемелердің де өзін қамтылуымен оқыту жақсы басқарумен болуында [208, 7б.].

В.А. Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерінің схемасы





Деңгей

Мұғалімде қалатын буындар саны

Оқушыға берілетін буындар саны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

0
(дәстүрлі)

3

-

Проблема қояды, оны тұжырымдай-ды, проблеманы шешеді

Проблеманың шешілу жолын есінде сақтайды

І

2

1

Проблема қояды, оны тұжырымдайды

Проблеманы ше-шеді

ІІ

1

2

Проблема қояды

Проблеманы тұ-жырымдайды, проблеманы ше-шеді

ІІІ

-

3

Жалпы ұйымдас-тырады, бақылау және білікті жетек-ішілік етеді

Проблеманы түсінеді, тұжырымдайды, оны шешеді

Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ (В.П. Беспалько) және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарлама-ланған оқытудың басты элементі - оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» (немесе бағдарламаланған оқулықтың) болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады.


Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы - хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф. Скиннер бойынша, үйрету - стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевио-ристік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны ары қарай орындауға сигнал рөлін атқарады. В. Оконь [152, 241б.] бойынша Скиннердің түсінігінде сызықты бағдарлама келесілермен сипатталады:

  • дидактикалық материал қадамдар (step) деп аталатын азғантай мөлшерлеп бөлінеді, оны оқушылар қадам сайын қадамдап (step by step) оп-оңай меңгереді;

  • бағдарламаның жеке шеңберінде орын алатын сұрақтар мен ақтаңдақтар (frame) өте қиын болмауы тиіс, себебі оқушылардың жұмысқа қызығушылығы жоғалады;

  • оқушылар сұраққа жауапты өздері береді және ақтаңдақтарды толтырады, ол үшін олар қажетті ақпаратты қолданады;

  • оқыту барысында оқушылар олардың жауаптырының дұрыс немесе қате екені жөнінде хабардар етіледі;

  • барлық оқушылар кезекпен бағдарламаның барлық шеңберінен өтеді, алайда оның әрбіреуі оны өзіне ыңғайлы жылдамдықпен меңгереді;

  • жауап алуда жеңілдіктер беретін бағдарламаның бас жағында көп берілетін нұсқаулар біртіндеп шектелінеді;

  • ақпаратты механикалық есте сақтау болмас үшін бір ой бағдарламаның бірнеше шеңберінде әртүрлі варианттарда қайталанады [152, 241 б.].

Тармақталған бағдарламалау (Н. Кроудер) сызықтық бағдарлама-лаудан қадам таңдаудағы көптілігімен (көп рет қайталануымен) айрықшылынады. Ол іс-әрекеттің қатесіздігіне ғана емес, мұғалімнің (оқушылардың да) қате туғызатын себепті анықтауына бағытталған. Осыған сәйкес, тармақталған бағдарламалау оқушылардан ой-еңбегін талап етеді, шын мәнінде ол «ойлау процесін басқару» болып табылады (В. Оконь). Бағдарламалаудың осы формасындағы жауаптың дұрыстығын тек қана (әсер заңы бойынша) болымды дұрыс бағалау ғана емес кері байланыс та дәлелдейді. Тармақталған бағдарлама оған қойылатын сұрақтары бар үлкен мәтіннен тұруы мүмкін. «Шеңберлерде» ұсынылатын толық жауаптар бұл жерде не дұрыс деп қабылданады, не қабылданбайды, екі жағдайда да оған толық дәлел келтіріледі. Егер жауап дұрыс болмаса, оқушыға бастапқы мәтінге қайта оралып, ойланғаннан соң басқа шешім табу ұсынылады. Егер жауап дұрыс болса, онда ары қарай жауап мәтіні бойынша келесі сұрақтар ұсынылады және т.б. В. Оконь атап өткендей, [152, 244 б.] Кроудердің түсінігі бойынша сұрақтардың мақсаты:
а) оқушының берілген шеңбердегі материалды білетінін тексеру;
б) кері жауап алған жағдайда оқушыны жауапты үйлестіруші және негіздемелуші шеңберлерге қайтару;
в) негізгі ақпаратты рационалды жаттығулардың көмегі арқылы бекіту;
г) оқушының күшін үстемелеу және сонымен бірге ақпаратты көп рет қайталау арқылы механикалық оқытуды жою;
д) оқушының талап ететін түрткісін қалыптастыру.
Тармақталған бағдарлама сызықтыққа қарағанда толығырақ, ол адамды үйретудің ерекшеліктерін ескереді (мотивацияны, мағыналылық, жылжу жылдамдығының әсері). Аралас бағдарламалау және оның басқа формалары жалпы алғанда жоғарыда қарастырылғандармен жақын тұр.
Бағдарламаланған оқыту 60-шы жылдардың аяғында 70-ші жылдардың басында Л.Н. Ланданың еңбектерінде жаңа дамуын бастады [102], ол бұл процесті алгоритмдеуді ұсынды.



1. Анықтауыштың анықтағыш сөзін табыңыздар және ол қандай сөз табымен берілгеніне назар аударыңыздар



жіктеу есімдігімен



жіктеуге жатпайтын есімдікпен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет