Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптік модельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқушылар зерттелінетін объекттің осындай бірлікте ол туралы жеке білімдер жүйесінде генетикалық бастапқы, жалпыға ортақ қатынасын нақтылай алу қабілеті болуы қажет, ол жалпыға ортақтан жекеге және кері ойша ауысуларын қамтамасыз етеді.
Оқушылар әрекеттерді ой-еңбектік тұрғыдан орындаудан оларды сыртқы тұрғыда және кері орындауға ауыса алу қабілеттері болуы тиіс» [63, 164 б.] (өзімнің белгілегенім. – И.З.).
Мектепте білім беру практикасына енгізілген Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқытуға Л.И. Айдарова, А.К. Маркова, В.В. Рубцов, А.З. Зак, В.В. Репкин. М.М. Разумовский, Г.Г. Граниктің және т.б. еңбектерінде түсінік беріледі. Дамыта оқытудың идеясының өзі Д.Н. Богоявленский, С.Ф. Жуйков, М.Ф. Косилова, И.Я. Каплунович, Б.Е. Хаевтің оқытудың эксперименталдық жүйелерінде [толығырақ 231 қараңыз], сонымен қатар, Т.В. Некрасова, Г.Н. Кудина, Р.Г. Мильруд және т.б. жұмыс тәжірибелерінде қысқаша көрініс тапты. Л.В. Тарасованың ұсынған «Жалпы білім берудің жаңа үлгілері. Экология және диалектика» еңбегінде негізінен Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқытуының негізгі ережелері пайдаланылады. Осының барлығы дамыта оқытуды мұғалімнің оқыту практикасына кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен болашағына ие бола отырып, шын мәнінде оқушының психикалық дамуын басқаратынын көрсетеді.
***
Адамның әлеуметтік ортада, арнайы білім беру мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы – бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері, сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту Л.С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың принциптерін табысты жүзеге асыру болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
«Үйрету», «оқу», және «оқу әрекеті» деген ұғымдар арасында қандай айырмашылық бар?
Оқу пәнінің мазмұны, бағдарлама, оқыту әдісі және оқушының ойлау типі өзара қалай байланысты?
«Абстрактіден нақтыға көтерілу» формуласы нені білдіреді және дамудың жалпы заңымен қалайша байланысты?
Л.В. Занков және В.В. Давыдов бойынша дамыта оқытудың ортақ принциптері қандай?
Эмпирикалық және теоретикалық білімдер өзара қалайша ажыратылады?
Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда дамыта оқытудың артықшылығы неде?
Әдебиет
Достарыңызбен бөлісу: |