И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Проблемалық ситуациялар және мотивация



бет101/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Проблемалық ситуациялар және мотивация

Мотивациялық құрылымның өзгеруіне әсер ететін күшті фактор проблемалық ситуация болып табылады, ол таңдау жасау мәжбүрлігі арқылы, уақыттық шектеу мен бағалауды алып тастау арқылы шығармашылық белсенділікке итермелейді (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Авторлар төмендегілерді анықтады: а) үстем доминантты мотивация іс-әрекет өнімінде айқындалады; б) түрткінің өнім ерекшелігіне әсерін жанамалаушы фактор оның тұлғалық мәнділігі болып табылады, в) тұлғалық мәнділіктің психологиялық мазмұны мотивациялық құрылым түріне байланысты. Зерттеулерде мотивациялық құрылым түрі, іс-әрекет өнімінің ерекшелігі және оның субъектінің мінездемесі арасындағы байланыстардың сапалық өзіндік өзгешелігі айқындалды. Мысалы, эксперименталдық деректердің негізінде субъекттік сипаттамалар, эксперименталдық іс-әрекеттің өту ерекшеліктері, мотивация құрылымының, өнімінің ерекшеліктері ретіндегі осындай сипаттамаларының сапалы өзіндік тіркесімдерінің критериі бойынша студенттердің бірнеше топтары бөлінді. Сыналушылардың мотивациялық сипаттамаларының сандық-сапалық талдауы неғұрлым шығармашыл, қабілетті, ізденіске дайын, экспрессивті және қарым-қатынасқа бейім студенттер тобын анықтауға мүмкіндік берді. Олардың мотивация құрылымындарында процеске бағдарлануы тұрақты үстемдік көрсетеді; құрылымішілік өзгерістер уақыт факторы мен іс-әрекет шартының әсерінен құрылым компоненттерінің тәртіптілікке және сараланып жіктелінуге деген айқын көрінетін беталыспен сипатталады. Осы топтағы сыналушылардың іс-әрекет өнімі (мәтіндер) өзіндік өзгешелігімен, айқындықпен, жоғары эмоционалдықпен, логикалық бірізділікпен, аргументтілігімен, тұлғалық қатыстылықпен, шығармашыл сипатпен ажыратылады.


Осы проблеманы зерттеулерде ашылған факторлар арқылы мотивациялық құрылымдардың құрылымішілік динамикасына әсер етуге болады, олай болса, олардың қайта құрылуын басқаруға болады. Мұндай факторларға жататындар: уақыттық шектеу мен бағалауды алып тастау; қарым-қатынастың демократиялық стилі; таңдау жағдайы; тұлғалық мәнділік, жұмыстың шығармалық және өнімді түрі. Проблемалық ситуацияның шығармалық сипаты құрылым компонент-терінің сараланып жіктелінуі мен тәртіптелуге деген, яғни оның тұрақтылығы беталысына ынталандырады. Қарастырылғандардың барлығы оқу мотивациясының психологиялық феномен ретінде күрделі екеніне куәландырады, оны оқу үрдісінде басқару, оның құрылымдық ұйымдасуын, динамикалылығын, жас кезеңдерімен себептілігін есепке алуды талап етеді.


***

Оқу мотивациясы, мотивациялардың ерекше түрі бола отырып, күрделі құрылымымен сипатталады, оның формаларының бірі ішкі (үрдіс пен нәтижеге бағдарланған) және сыртқы (сый, келеңсіздіктерді туғызбау) мотивациялар құрылымы болып табылады. Оқу мотивациясының оның тұрақтылығы, интеллектуалдық даму деңгейі және оқу іс-әрекетінің сипатымен байланысы сияқты сипаттамалары аса маңызды.




Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



  1. Мотивациялық бағдарлардың (үрдіске, нәтижеге, сыйға, келеңсіздіктерді туғызбауға) қайсысы мотивацияның үлкен тұрақтылығын анықтайды?

  2. Қандай түрткілерді ішкі және сыртқы деп атайды?

  3. А. Маслоудың мотивациялық үшбұрышының қандай қажеттіліктері оқу іс-әрекетінің табыстылығымен байланысты болуы мүмкін?

Әдебиет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет