И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері



бет12/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері


Ақпарат көздері педагогикалық психология
әдістерінің негіздемелері ретінде

Педагогикалық психологияда адамды зерттеуде пайдаланылатын әдістер туралы баяндамас бұрын, ғылыми тәжірибеде ақпарат алудың бір-бірінен мүлдем өзгеше көздері бар екенін бар екенін атап өту қажет: L -, Q - және Т - деректер [140].


Ақпарат алудың бірінші көзі – L – деректер (Life record) – негізінен бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы алынған деректер; мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский осындай бағалар алуға негізгі талаптар келтіреді [140, 10 б.]:

  1. Баға берілетін қасиеттер мінез-құлықтың байқауға алынған терминдерінде анықталуы тиіс.

  2. Сарапшының баға берілетін тұлғаның мінез-құлығын ұзақ уақыт бойы байқау мүмкіндігі болуы тиіс.

  3. Баға берілетін 1 адамға кем дегенде 10 адам қажет.

  4. Сынаққа алынғандарды басымдылығы бойынша бөлу әр кезекте барлық қасиеттері бойынша емес, тек бір қасиеті бойынша (мінездемесі) жүргізілуі тиіс.

Ақапарт алудың екінші көзі – Q - деректер (Questionnaire data) сауалнамалар мен өзін-өзі бағалаудың басқа әдістері негіздерінде алынады. Мұндай ақпарат көзіне ММРI (Минесоттық көпсалалы тұлғалы тізбе), Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасы және т.б. В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский зерттеулер нәтижесін танымдық және мотивациялық керібұруды атайды. Оның біріншісі сыналатындардың интеллектуалдық және мәдени деңгейінің төмендігінен, интроспекция (өзін-өзі байқау) дағдыларының жоқтығынан және теріс үлгі-нұсқалар пайдаланғандығынан тууы мүмкін. Мотивациялық керібұрулардың себептеріне сұраққа жауап беруден бас тарту және жауаптардың «әлеуметтік қажеттілік» жағына бұруды жатқызады.
Ақпараттың үшінші көзі – Т - деректер (Objective test data) – бұл объективті тестердің деректері, олардың ішіндегі негізгі 12 топ Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртонға сәйкес педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет