И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет93/188
Дата11.10.2024
өлшемі2,46 Mb.
#147774
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   188
Байланысты:
Зимняя

Мотивация құрылымы

Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович. А. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды, яғни оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді.


Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы – қатып қалған, статикалық емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды.
Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компонент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған, қалған үшеуі – оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткинсон бойынша табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі, оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру төменде көрсетілгендей оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А. Маслоу және т.б.).
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі (тұлға қажеттіліктері терминінде) Х. Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді: жетістікке, үстемдікке, дербестікке, аффилиаци-яға бөлген. Кең контексте қарастырылған осы қажеттіліктерді М.Аргайл мотивацияның (қажеттіліктердің) жалпы құрылымына енгізген: 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биологиялық қажеттіліктер); 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, әсіресе беделді және билігі бар адамдардан; 3) аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ортасында болуға, достық үндесуге, топпен, құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзақ ұзағырақ сөйлеуіне, шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5) сексуалдық қажеттілік – денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен достық және интимдік-әлеуметтік өзара әрекетті; 6) агрессияға деген қажеттілік, яғни денелік немесе вербалды зиян келтіру; 7) өзінің абыройына (self-esteem), өзіндік сәйкес болуға деген қажеттілік, яғни өзін маңызды деп қабылдау. Тәуелділікке, өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын.
Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А. Маслоудың «қажеттіліктер үшбұрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан – оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді. Төменде А. Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы келтірілген. Оны қарастырған кезде біріншіден, адамның когнитивті (танымдық) және коммуникативтік қажеттіліктеріне берілген орын мен мағына назар аудартса, екіншіден адамның қажеттіліктер саласы оның іс-әрекеті құрылымынан тыс – тек оның тұлғасына, өзін-өзі өзектендіруіне, дамуына, ыңғайлы тіршілік етуіне қатысты қарастырылуы (Дж. Брунердің түсінуінде).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет