И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау



бет126/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   257
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау

(өзін-өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау)
Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымында маңызды орын бақылауға (өзін-өзі бақылау), бағалауға (өзін-өзі бағалау) беріледі. Себебі, кез-келген басқа оқу әрекеті іс-әрекет құрылымында бақылау мен бағалау болғанда ғана реттелетін, ырықты болады. Әрекеттің атқарылуын бақылау кері байланыс механизмімен жүзге асырылады немесе күрделі функционалды жүйе ретінде іс-әрекеттің жалпы құрылымындағы кері афферентация арқылы жүзеге асырылады (П.К. Анохин). Кері афферентацияның екі формасы бөлінеді (немесе кері байланыс) – бағыттаушы және нәтижелеуші. Біріншісі, П.К. Анохин бойынша, негізінен проперцептивтік немесе бұлшық еттің импульсациясымен жүзеге асырылады, ал екіншісі үнемі кешендік болып келеді және де қойылған әрекеттің нәтижесіне қатысты барлық афференттік белгілерді қамтиды. Кері байланыстың екінші нәтижелеуші формасын П.К. Анохин, сөздің тура мағынасында, кері афферентация деп атайды. П.К. Анохин аралық немесе аяққы, тұтас әрекеттің орындалуы жайлы ақпарат беру бермеуіне байланысты оның екі түрін бөледі. Кері афферентацияның бірінші түрі – сатылы, екіншісі – санкциялаушы. Бұл – аяққы кері афферентация. Әрекеттің орындалуы үрдісі жайлы немесе нәтижесі жайлы әрбір ақпараттың өзі кез-келген нұсқада бақылауды, реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын кері байланыс болып табылады.

Функционалды жүйенің жалпы схемасында «қажетті болашақ үлгісін» (П.К. Бернштейн бойынша) немесе «әрекет нәтижесінің бейнесін» (П.К. Анохин) және оның шынайы орындалуы жайлы ақпаратты салыстыру жүзеге асатын негізгі буын «әрекет акцепторы» ретінде анықталады (П.К. Анохин). Алыну керек нәрсенің нәтижесі мен алынған нәрсені салыстыру нәтижесі әрекетті жалғастыру (олар сәйкес келген жағдайда) немесе түзету үшін негіз болып табылады. Осылайша, бақылау үш буынды ұйғарады деп бекітуге болады: 1) үлгі, қалаулы, қажетті әрекет нәтижесінің бейнесі; 2) осы бейне мен шынайы әрекетті салыстыру үрдісі; 3) әрекетті жалғастыру немесе түзету туралы шешім қабылдау. Осы үш буын субъектінің өз іс-әрекетінің жүзеге асуын іштей бақылауының құрылымын көрсетеді. Іс-әрекеттің әр буыны, оның әр әрекеті іштей көптеген арналармен, кері байланыс «ілгектерімен» бақыланады. Дәл осы жайлы, И.П. Павловтың ізінше, адам өзін-өзі реттеуші, өзін-өзі оқытушы, өзін-өзі жетілдіруші машина ретінде айтуға болады. О.А. Конопкина, А.К. Осницкий және басқалардың жұмыстарында бақылау (өзіндік бақылау) проблемасы тұлғалық және заттық өзіндік реттеудің жалпы проблематикасына қосылған.

Іс-әрекет құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау) мен бағалау (өзін-өзі бағалау) рөлдерінің маңыздылығы былайша себептеледі: ол сыртқының ішкіге, интерпсихикалықтың интропсихикалыққа өтуінің ішкі механизмін ашады (Л.С. Выготский), яғни мұғалімнің бақылау мен бағалау әрекеттері оқушының өзіндік бақылау мен өзіндік бағалау әрекеттеріне өтуі. Сонымен қоса, Л.С. Выготскийдің психологиялық тұжырымдамасы өзінің ішкі бақылауының немесе, нақтырақ айтқанда, өзіндік бақылаудың қалыптасуын сатылы өту ретінде түсінік беруге мүмкіндік береді. Бұл өту мұғалімнің сұрақтарымен, неғұрлым маңыздыны, негізгіні бекітумен әзірленеді. Мұғалім бақылаудың өзіндік бақылауға да негіз болатын жалпы бағдарламасын дайындайды.

П.П. Блонский материалды меңгеруге қатысты өзін-өзі бақылаудың көрінуінің төрт сатысын белгілеген. Бірінші саты ешбір өзін-өзі бақылаудың болмауымен сипатталады. Осы сатыдағы оқушы материалды меңгерген жоқ және сондықтан ештеңені бақылай алмайды. Екінші саты – толықтай өзін-өзі бақылау. Осы сатыда оқушы меңгерген материал қайта жаңғыртуының дұрыстығын және толықтығын тексереді. Үшінші сатыны П.П. Блонский таңдаулы өзін-өзі бақылау сатысы ретінде сипаттайды, мұнда оқушы сұрақтар бойынша тек бастысын ғана бақылайды, тексереді. Төртінші сатыда көрнекті өзін-өзі бақылау жоқ, ол өткен тәжірибе негізінде, қандай да бір мәнсіз бөлшектер, белгілер негізінде жүзеге асады.

Өзін-өзі бақылауды оның шет тілін сөйлеуді игеруге араласуы мысалында қарастырайық. Ары қарай келтірілген есту арқылы бақылаудың қалыптасуы схемасында шет тілде сөйлеуге оқытуда төрт деңгей белгілеген. Олардың әрқайсысында сөйлеушінің қатеге қатынасы, сөйлеушінің ұйғарған әрекеттерінің түсіндіруі, яғни есту арқылы бақылау механизмі және қате әрекет жасаушының вербалды реакцияларының сипаты бағаланады. П.П. Блонский бойынша, сөйлеушінің реакциясы өзіндік бақылау деңгейімен теңестірілуі мүмкін.

Атап кететін жайт, алғашқы екі деңгей мұғалімнің сыртқы бақылаушы әсер етуімен сипатталады, бұл ішкі есту арқылы кері байланыстың қалыптасуына себеп болады, екі соңғы деңгейлер – қателерді түзеуде сондай әсер етудің болмауымен сипатталады. Бұл деңгейлер шет тіліндегі сөздік әрекеттердің орындалуын саналы қадағалау сатысынан тілдік бағдарламаны сөздік жүзеге асыруды санасыз бақылау сатысына, яғни сөздік автоматизм сатысына өтудегі өтпелі деңгейлердей болып табылады.

Есту арқылы кері байланыстың шет тілін оқыту процесінде сөйлеу процесін реттеуші ретінде қалыптасуының өзінің оқытушының сыртқы басқарушы әсерінің сөйлеушінің өзінің осы үрдісті іштей басқаруымен байланысын айқын көрсетеді. Сонымен бірге, есту арқылы бақылау механизмі іс-әрекеттің өзінде қалыптасады. Тағы да маңыздысы, есту арқылы бақылау ойды шет тілі арқылы қалыптастыру мен тұжырымдаудың барлық буындарын дұрыс іске асыруын реттейді. Осылайша, шет тілінде сөйлеуге үйретуде мұғалім оқушының сөйлеу әрекеттерін сырттай бақылаудан олардың өздерінің ішкі есту арқылы бақылауына мақсатты түрде өте отырып, сөйлеу іс-әрекетінің барлығына ортақ механизмді қалыптастырмауы мүмкін емес.

Өзін-өзі бақылауға ұқсастық ретінде іс-әрекет құрылымында заттық өзін-өзі бақылаудың қалыптасуы да жүреді. А.В. Захарова көрсеткендей, бұл үрдістегі өте маңызды ерекшелік – өзін-өзі бағалаудың іс-әрекет субъектінің сапасына, мінездемесіне өтуі – оның өзін-өзі бағалауына. Бұл бақылаудың (өзін-өзі бақылау), бағалаудың (өзін-өзі бағалаудың) оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымына маңызды тағы бір позициясын анықтайды. Ол немен шартталады десек, іс-әрекеттік пен тұлғалықтың байланысы, заттық процессуалдық әрекеттер тұлғалық, субъективтік сапаларға, қасиеттерге өтуі дәл осы компоненттерде жүзеге асады. Осындай жағдай білім беру процесіне, оның мақсаттылығы мен шынайылығына деген тұлғалық-іс-әрекеттік ықпалдың екі компонентінің ажырамастығын көрсетеді.


***
Оқу іс-әрекеті 6-7 жастан 22-23 жасқа дейінгі адамдардың қоғамдық болмысқа енуінің негізгі формасы бола отырып, заттық мазмұн мен сыртқы құрылымының ерекшелігімен сипатталады, мұнда ерекше орынды оқу міндеттері мен оны шешудегі оқу әрекеттері алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұнына не жатады?

  2. Оқу іс-әрекетінің құрылымында оқу әрекеттерінің қандай түрлері бөлінеді және оған не негіз болады?

  3. Мұғалімнің бақылауы, бағалау мен оқушының өзіндік бағалауы арасында қандай байланыс бар?

  4. Оқу міндеттерінің құрамына не жатады?

Әдебиет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет