И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы



бет21/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   257
Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы – адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу және т.б.) өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе ішікі түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.

Педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек қолданылады. Оқушылардың іс-әрекеті өнімінің, олардың шығармашылығының талдауы (есептер шешімінің, конспектілер, шығармалар, еңбек өнімі, оқушылардың бейнелеу шығармашылығының және т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы (үйретуші) эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда ең көп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып келеді. Осы әдісті қолданатын зерттеуші-педагогтың тек жоғары кәсіби жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігін ескере отырып оны тереңірек қарастырайық.

Тестілеу - қаттырақ айтқанда бұл - психодиагностикалық процедура, және «...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы психологияның моральдық-этикалық кодексінен туатын бірқатар міндеттер алады». Тестер толық және жүйелі түрде А. Анастазидің «Психологиялық тестілеу» атты еңбегінде баяндалған [27, 3 б.]. Бұл жұмыстың алғысөзінде жалпыға түсіну үшін жалпы диагностикалау және тестік диагностикалаудың маңызды проблемалары, атап айтқанда, біздің белгілі кезекпен баяндап беретін ережелер белгіленген. Біріншіден, алғысөздің авторлары К.М. Гуревич пен В.И. Лубовскийдің пікірі бойынша, «психологиялық диагностиканың тест, сауалнама, өз-өзіне есеп беру, жетістіктер тесті (табыстылықты тіркеу) сияқты түрлері мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, кәсіпорындар, мекемелер мен жоғары оқу орындарында айтарлықтай орын алған жоқ, ал оның біздің білім беру жағдайымызда қажеттілігі анық. Екіншіден, авторлар басқа елдерде қолданылатын тестерді біздің диагностикалау тәжірибемізге сол қалыпында көшіру мүмкін еместігін атап өтеді. «Тестерді олардың пайда болған әлеуметтік ортасынан басқа ортаға көшіру екі жақты қиыншылықтармен байланысты. Бірінішісі, басқа мәдениеттің өкілі болып табылатын сыналушылар тест тапсырмаларын өздігінше қабылдайды, себебі олар өздерінің маңыздылық және семантикалық жүйелерін қолданады.... Екінші қиыншылық - тестің тілдік трансплантациясында» [9, 1 кітап, 13-14 б.]. Басқа сөзбен айтқанда, тесті әлеуметтік-мәдени детерминациялау тіркеліп отыр, ол тестілеу кезінде ескерілуі қажет (жас ерекшелік және жыныстық тұрғысынан жеке қарау және тестердің вариативтілігімен бірдей). Үшіншіден, тестердің күрделілігі мен валидтілігіне және осыған байланысты арнайы бағытталған тестерді әзірлеудің қаншалықты болшағы бар екеніне назар аударылады. «Бұл тестерді қолдануда жеке тұлғаның (немесе топтың) жауаптарының нәтижесін нормамен, яғни берілген тесті сыналушылардың басым көпшілігі қалай орындағанымен салыстыру қажеттілігі жоқ. Егер тест жақсы әзірленген болса, онда сыналушының сол жиынтық өкілдері болып табылатын басқа сыналушылармен салыстырғанда қандай екендігін емес, оның білімі мен біліктілігін көрсетуі қажет [9, 1 кітап, 11 б.]. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде нормалы бағытталған тестерге қарағанда критериалды бағытталған тестерге басымдылық беріліп отырылғанын және олардың бір-бірінен айырмашылығын көреміз.

Біздің еліміздегі нормалы бағытталған тестілеуде компьютерлік тестік диагностика НОРТ жүйесінде толығынан ұсынылған (185). Бұл жүйені әзірлеуші А.К. Ерофеев НОРТ жүйесін пайдаланушы міндетті түрде келесілерді білуі қажет: 1) нормалы бағытталған тестіледің негізгі қағидаларын; 2) тестердің түрі мен оларды қолдану саласын; 3) психометрика негіздерін (яғни, бұл жүйеде психологиялық сапалар қандай бірлікте өлшенетінін); 4) тестің сапалық өлшемдерін (тестердің валидтілігі мен сенімділігін анықтау әдістері); 5) психологиялық тестілеудің этикалық нормалары және сараптама және кеңес беру жағдайындағы ерекшеліктер. Осыған сәйкес, талаптар өлшемді бағытталған тестерге және оны қолданушыларға да қойылады.

Т-деректер тестердің әртүрлі түрлері, немесе объективті тестерді, жоғарыда аталып өткендей, Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртон 12 топқа жинақтаған, олар бір жағынан, олардың саналуандылығын көрсетеді, ал басқа жағынан- зерттеудің берілген әдісінің ауқымдылығын көрсетеді (В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский). Бұл топтарға:


  1. Қабілеттілік тестілері (интеллектуалды функция, білім, тәсілдер және т.б.).

  2. Іскерлік пен дағды тестілері (көру-моторикалық үйлестіру, лабиринттен өту)

  3. Қабылдауға арналған тестілер.

  4. Сауалнамалар (мінез-құлық, денсаулық жағдайы және т.б. туралы сауалнамалар).

  5. Пікір (басқа адамдарға, нормалар мен т.б. көзқарасын анықтау).

  6. Эстетикалық тестер (қандай картиналар мен суреттерге және т.б. басымдылық беретінін анықтау).

  7. Жобалау тестілері (тұлғалық тестілер). Объективті болып табылмайтын, формализациялау талаптарын қанағаттандырмайтын ТАТ, Роршах тестері мұнда кірмейді.

  8. Әр түрлі жағдайлардағы тестілер (әртүрлі жағдайда - жеке, топта, жарыста және т.б. тапсырмалар орындауды зерттеу).

  9. Адамдардың өздерін неғұрлым толығынан көрсететін ойындар.

  10. Физиологиялық тестілер (ЭКГ, КГР және т.б.).

  11. Физикалық тестілер (антропометрикалық).

  12. Кездейсоқ бақылаулар, яғни тестің қалай өткізілуін зерттеу (мінез-құлықты жазып алу, қорытынды және т.б.).

Білім беруде тест жүргізуді талдай келе, А. Анастази бұл процесте қолда бар тестілердің барлық түрі қолданылатын атап өтеді, алайда барлық стандарттандырылған тестілердің ішінде ең көбі табыстылық тесті. Олар бағдарламалар мен білім беру процесінің тиімділігін анықтау үшін жасалынған. Онда «әдетте тұлғаның оқуды аяқтағаны бойынша жетістіктерінің соңғы бағасын береді, онда негізгі қызығушылық тұлғаның нақ осы уақытта не істей алатынына назар аударылады» [9, 2 кітап, 37 б.].

Бұл тестердің мазмұны өзінің кейбір бөлімдерінде білім беру стандарттарымен астарласуы мүмкін. Оларды оқу бағдарламаларына объективті баға беру тәсілі және түзету құралы ретінде қарастырады. Әдетте, табыстылық тестілері біртұтас білім беру жүйелері үшін барлық оқу бағдарламаларын қамтитын тестілік «батареялар» сияқты. Америкада 1923 жылдан бері қолданылып келе жатқан табыстылық тестілер батареясын мысалға келтіре отырып, мысалы Стенфорд табыстылық тестілері (1970 ж. Ұлттық табыстылық тесті, 1970 жылғы Калифорния табыстылық тесті және т.б.), А. Анастази оған кіретін субтестілерді атайды: сөздік; түсіну: а) оқылғанды және б) тыңдалынғанды; сөздерге талдау; математикалық: а) ұғым, б) есептеу; математиканы пайдалану, тіл; әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарын білу [9, 2 кітап, 43 б.]. Сонымен бірге, ол тестілер бойынша барлық тапсырамалар көп жауаптар таңдап алумен сұрақтар түрінде беріледі, және көрсеткіштер, оларды түсінік беру, стандарттау бойынша нұсқаулар келтіреді. А. Анастази мұғалімнің нақты жұмысының пәні бойынша осы негіздерді пайдаланып тестік тапсырмалар мен бақылаулар әзірлеу мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, бірқатар пәндер бойынша оқушылардың әртүрлі топтары үшін проценттік нормалар әзірленгені және мектепке дайындығы тестілерінің дайындығы аталынады. Жас ерекшеліктері әртүрлі оқушылардың психологиялық диагностикасының нақты мысалдарын Р.С. Немов келтірген. [148, 73-493 б.]. Бұл жерде біздің елімізде тестология проблемасының операционалды-әдістемелік жағы біраз ұтылып тұрса да әдіснамалық, ұғымдық жағы (М.С. Бернштейн, Г.С. Геллерштейн, К.М. Гуревич, В.С. Аванесов, А.К. Ерофеев, А.Г. Шмелев және т.б.) әлемдік деңгей бойынша жоғары деп бағаланады.

Жоғарыда айтылғандрдың барлығы педгогикалық психологияда тест жүргізуді қолдану - жауапты, этикалық, жоғары кәсібилікті, арнайы дайындықты және адамның психолог-диагностың этикалық кодексіне сәйкестігін талап ететін іс екенін білдіреді [58].

Педагогикалық психологияда зерттеудің тағыда бір маңызды әдісі социометрия болып табылады. Бұл Я. Морено әзірлеген топ ішілік тұлға аралық байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бұл қойылған сұрақтарға топ мүшелерінің ішіндегі таңдаулыларының жауаптарын пайдаланатын әдіс - топтың қаншалықты ұйымшылдығын, топ көшбасшысын анықтауға мүмкіндік береді. Ол педагогикалық тәжірибеде оқу ұжымдарын қалыптастыру және қайта топтарға бөлуде, топішілік өзара әрекеттесуді анықтау үшін кеңінен пайдаланады [әдістер туралы толығырақ 39, 88-116 б. қараңыз].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет