Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы Қойылған сұрақтарға жауап көзі В.В. Давыдовтың тұжырымдаған келесі ережелері болып табылады [63, 163б.]:
оқу-тәрбие беру процесі ...оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру негізінде жүзеге асырылады;
әрбір оқу пәні қоғамдық сананың (ғылымның, өнердің, адамгершіліктің, құқықтың) кез-келген «жоғары» формасының меңгеру өзіндік бейнеленуі болып келеді;
оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады, яғни меңгеруге арналған білім мен біліктердің жүйелі және төменннен жоғары баяндалуы;
оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама ... оның білім берудегі әдістерін, дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды..., ұсынылған материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін жобалайды;
оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес әзірлеу қажет [63, 163 б.].