И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет



бет123/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет
Іс әрекеттің құрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып табылады – кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бұл адамзат іс-әрекетінің маңызды «құраушысы». «Адамзаттық іс-әрекет әрекет формасы немесе әрекеттер қатарынан өзгеше түрде бола алмайды, ... іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бөлінген жеке мақсаттарға бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске асырылады» [112, 154-155 б.]. А.Н. Леонтьев бойынша, «әрекет –түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, өзі бағытталған нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын процесс [111, 289 б.]. Сонымен қатар, «әрекет заты оның тікелей, түсінілген мақсаты болып табылады» [111, 290 б.]. Басқаша айтқанда, егерде түрткі тұтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің өзі әрекеттерден көрінсе, ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа жауап береді.

А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясында көрсетілгендей «іс-әрекет пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін. Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда болады» [111, 290 б.]. Мұндай айналуды А.Н. Леонтьев келтірген мысалмен көрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бұл оқушы болса және оның әрекеттерін мұғалім бағалайтын болса, және де ол оларды орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың өзі оған қызықты, онда бұл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда – оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бұл мектепке дейінгі жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген, соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тұрады және де оларсыз іс-әрекет мүмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады. Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін түрлі оқу әрекеттері ғана талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет