Мотивациялық саладағы оқуға деген қатынас Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оған деген қатынасының сипаты маңызды. Мысалы, А.К. Маркова қатынастардың үш түрін анықтай отырып – теріс, бейтарап және жағымды қатынастар, оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды. Автор оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі: а) жағымды, айқын емес, белсенді, мектеп оқушысынң оқуға кірісуге дайындығын білдіретін; б) жағымды, белсенді, танымдық, в) оқушының қарым-қатынас субъекті ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін жағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік; басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті субъектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай-ақ әртекті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын екеніне көз жеткізеді.