И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет168/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Формалдық жағы

Мазмұндық жағы

Өктемшілдік стиль

Іскерлік, қысқа әмірлер.

Аяусыз, қоқан-лоққылы тиым салу-лар.

Нақты сөз, салқын үн.

Мақтау мен сөгу субъективті.

Эмоциялар есепке алынбайды.

Тәсілдерді көрсету – жүйе емес.

Лидер позициясы- топтан тыс.


Топтағы істер алдын-ала жоспарла-нады (барлық көлемінде).

Тек тікелей мақсаттар ғана анықта-лады, алыстары – белгісіз.

Жетекшінің сөзі – шешуші.


Демократиялық стиль

Нұсқаулар ұсыныс түрінде.

Құрғақ сөз емес, жолдастық үн.

Мақтау мен сөгу – кеңеспен.

Әмірлер мен тиымдар – пікірталас-пен.

Лидер позициясы – топ ішінде.


Шаралар алдын ала емес, топ ішінде жоспарланады.

Ұсыныстардың іске асуына бәрі жауап береді.

Жұмыстың барлық бөлімдері тек қана ұсынылмай, талқыланады.


Бетімен жіберу стилі

Үн – конвенционалды.

Мақстау мен сөгудің болмауы.

Ешқандай ынтымақтастық жоқ.

Лидер позициясы – елеусіз, топ жағында.



Топтағы істер өздігінен жүреді.

Лидер нұсқаулар бермейді.

Жұмыстың бөлімдері жеке мүдде-лерге қаланады немесе жаңа лидер тарапынан беріледі.


Зерттеушілер стильдің инструменталды, компенсаторлық, жүйеқұраушы және интегративті сияқты әртүрлі функцияларын (Е.А. Климов, В.С. Мерлин және т.б.) және оның құрылымдық ұйымдасуын анықтайды. Іс – әрекеттің даралық стилінің, Е.А. Климов бойынша, белгілі бір құрылымы бар, оның ұйытқысына даралық-психологиялық ерекшеліктер кіреді, олар іс-әрекеттің табысты болуына не ықпалын тигізеді, не кері әсер етеді.

Мінез-құлықтың жалпы стильдерін анықтай отырып зерттеушілер, адамдар қысылшаң, қақтығыстық жағдайларда мінез-құлықтың онға жуық даралық стильдерін айқындайтынын атап өтеді, олар қақтығыстық, конфронтациялық, келеңсіздікті жуып-шаюшы, ынтымақтастық, ымыраға келушілік, көнгіш, қашқақтау стилі, басу, бәсекелестік және қорғаныс стилі (Г.Б. Морозова). Маңыздысы, мінез-құлықтың бұл стильдері іс-әрекеттің кез-келген даралық стильдерімен қатарласып жүреді және ол оның аясын құрай отырып, сәйкес эмоционалдық реңк береді. Олар педагогикалық іс-әрекеттің, педагогикалық қарым-қатынастың жалпы эмоционалдық аясын да анықтайды.



Қорыта келе, мінез-құлыққа, іс-әрекетке, қарым-қатынасқа қатысты неғұрлым ортағы К. Левин ұсынған стильдер (оның формалды және мазмұнды жақтарының жиынтығында) болып табылады. Стильдің саралап жіктелінуі адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігімен және олардың даралық-психологиялық ерекшеліктерімен, мысалы, мінез акцентуациясымен байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет