жалпы психологиялық контекст Педагогикалық психология адам туралы ғылыми түсініктердің жалпы контекстінде дамиды. Олар әрбір нақты тарихи кезеңдерде педагогикалық ойларға үлкен әсерін тигізген негізгі психологиялық ағымдарда (теорияларда) жазылып көрсетілген. Бұл - оқу процесінің психология теориялары үшін қашанда табиғи зерттеу «полигоны» ретінде болуымен байланысты. Педагогикалық процесті ұғынуға ықпалын тигізе алатын психологиялық ағымдар мен теорияларды нақтырақ қарастырайық.