И. А. Зимняя педагогикалық психология


Тұлғааралық қатынастар қиындықтар саласы ретінде



Pdf көрінісі
бет194/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   210
Тұлғааралық қатынастар қиындықтар саласы ретінде
 
Тҧлға аралық қатынастар елеулі мӛлшерде ҥйренушілердің 
бірлескен оқу іс-әрекет сипатына және мҧғалімнің (оқытушының) 
педагогикалық іс-әрекетіне әсер етеді (А.К. Маркова, Я.Л. 
Коломинский, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан және т.б.). Осы қатынастар 
негізінде жатқан симпатия (антипатия), қабылдау (қабылдамау), 
қҧндылық бағдарлардың сәйкес келуі немесе олардың айырмашылығы, 
іс-әрекеттің когнитивтік және жалпы даралық стильдерінің сәйкестігі 
немесе айырмашылығы және кӛптеген басқа жағдайлар адамдардың 
ӛзара әрекеттесулерін жеңілдетуі немесе елеулі қиындатудан оны 
тоқтатуға дейін әкелуі мҥмкін. Конвенционалдық қатынастар рӛлдерінің 
негізгі репертуарымен сәйкес келетін тҧлға аралық қатынастар, іс-
әрекет тиімділігін кҥшейтеді, ал олардың ішкі айырмашылықтары оның 
бҧзылуына әкеледі.
Қарым-қатынаста қиындықтарды тудыратын, серіктердің маңызды 
тҧлға аралық ерекшелігі, олардың әрқайсысында қандай да бір тҧлғалық 
кҥйлердің ҥстемдігі болып табылады. Э. Берн бойынша [23], әр адам 
тҧлғасының сана қҧрылымында ҥш кҥй болады: «Ата-ана», «Ересек 
адам», «Бала». Бҧл жерде біріншісі – «Ата-ана» – екі жақты ашылуы 
мҥмкін: не қадағалаушы-ӛктемшілдік функцияда, не кӛмектесуші-
қамқоршы функцияда. Э. Берн ҥш кҥйдің әрқайсысының вербалды және 
вербалды емес сипаттамаларын және бірдей немесе тҥрлі 
жағдайлардағы адамдардың ӛзара әрекеттесуі мысалдарын келтіреді. 
Педагогикалық қарым-қатынас ҥшін оның оқытушы-тәрбиелеуші 
сипатына қарай «Ата-ана» кҥйі ҥндес болып табылады. Педагогтың 


343 
рӛлдік орыны мен «Ата-ана» сипаттамасы кӛп жағынан сәйкес келеді. 
Оған бағалау, рҧқсат ету, тҥсіндіру, ҧялту кіреді. Бҧл педагог пен ата-
ана ҥшін ортақ әрекеттер болып табылады. Алайда, олар педагогикалық 
процесте педагог («Ата-ана») – оқушы («Бала») қатынасына ғана 
жарамды. Егер де оқушы рӛлінде «Ересек адам» болса, оның 
сипаттамасы тҥсіну, логикалық, пайымдау, контакттылық, ӛз бетімен
шешім қабылдаушылығы болып табылса, ондай қарым-қатынаста екі 
жақты
қиындық пайда болады. Әрине, педагогикалық процесс ҥшін 
оңтайлы вариант «Ересек адам – Ересек адам» қатынасы болып 
табылады.
Тҧлғааралық қатынастар факторымен шартталған қарым-қатынас 
қиындығы іскерлік қарым-қатынас стилін ӛзгерту формасында, 
келіспеушілікті сылтаурату, серігін әдейілеп жалған ақпараттандыру
іскерлік қарым-қатынастан кету және т.б. формаларда табылатыны 
кӛрсетіледі. Қарым-қатынасты қиындатушы кӛптеген факторлардың 
ішінде (тҧлға аралық қатынастар сипаты, жеке даралық-психологиялық 
ерекшеліктер, іс-әрекетке араласушылық, ӛзара әрекеттесу жағдайының 
ерекшеліктері) дәл осы тҧлға аралық қатынастары статистикалық мәнде 
бірінші орын алады [229].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет