И. А. Зимняя педагогикалық психология


қабілеттерін оқыту арқылы дамыту



Pdf көрінісі
бет9/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   210
қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сӛз жоқ; … 
Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» [83, 264 б.].
И. Песталоццидің рӛліне талдау жҥргізе келе, П.Ф. Каптерев
«Песталоцци оқудың барлығын оқушының ӛз шығармашылығы деп 
түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, ӛз бетімін әрекет 


18 
жасау, ӛзін-ӛзі дамыту акті ретінде түсінген» [83, 294 б.]. Алайда, 
сонымен қатар П.Ф. Каптерев айтқандай, «…Оның (Песталоццидің – 
И.З.) оқытуда әдістің әсерін тым асыра кӛтеріп, оқытуда мектепте 
қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға кӛп мойын бұрғаны 
анық. Мектептегі кӛрнекті фактор ретіндегі мұғалімнің жанды 
тұлғасы әлі түсініксіз. Жалпы Песталоцци білім беру процесінің 
психологиялық жағын, оның негіздері, жолдары мен, нысандарын 
қажетті деңгейде ашпаған» [83, 304 б.] (бӛліп кӛрсеткен мен – И.З.). 
Педагогикалық психологияға И. Гербарттың қосқан ҥлесін бағалай келе, 
П.Ф. 
Каптерев 
«…Гербарт 
дидактикасының 
аса 
маңызды 
басымдылықтары бар: ол педагогикалық әдіске психологиялық талдау 
береді, ол оқуға қызығушылық туралы аса маңызды мәселені кӛтереді, 
ол оқыту мен тәрбие беруді бір – бірінен ажыратпайды. Гербарт 
дидактикасының жетіспеушілігі оның біржақты интеллектуализмі 
және 
кейбір 
мәселелерді 
толығымен 
игермеуінде, 
мысалы, 
оқушылардың қызығушылықтары жӛнінде» [83, 316 б.] (бӛліп 
кӛрсеткен мен – И.З.). Бҧл жерде, «тәрбиелеп оқыту» ҧғымы И. 
Гербарттың тҧжырымдамасынан бастау алады.
А. Дистервегтің шығармашылығы, П.Ф. Каптерев бойынша, оның 
заманына сай педагогикалық тәжірибенің психологиялық бағыттанған 
ережелерінен тҧрады. А. Дистервегтің білім беру процесінде 
мҧғалімнің, педагогтың басқарушы рӛлі туралы тезистері бар. Ол оқу 
процесін оқушының - оқытылатын субъектің, мҧғалімнің, оқылатын 
пәннің және оқыту жағдайларының біртҧтастығы деп қарастырады. 
Ӛзін-ӛзі жетілдіру, оқушының ерекшелігін ескеру және педагог 
әрекеттерінің пәрменділігі - тәрбиелеп оқытудың кепілі мен негізі. П.Ф. 
Каптерев атап ӛткендей, «…Дистервегтің кӛптеген ережелері ой 
саралығы мен айқындығы, ықшамдығы, сонымен бірге, педагогикалық 
қолайлылығы мен мәнділігі бойынша жаңалық пен тереңділігі жоқ 
болғанына қарамастан, дидактика оқулықтарына кіріп, күнделікті 
педагогикалық тәжірибенің ережелеріне айналды» [83, 324 б.]. Олар 
оны жан-жақты ғылыми тҧрғыдан тҥсіну қажеттілігіне себепші болды.
Педагогикалық 
психологияның 
осы 
«алғы 
шарттық» 
жалпыдидактикалық даму кезеңінде қалыптасуына К.Д. Ушинскийдің 
«Адам тәрбие пәні ретінде» атты жҧмысы ҥлкен рӛл атқарды. 
Педагогикалық антропология тәжірибесі; мҧнда адам дамуының 
біртҧтас тҧжырымдамасы ҧсынылған. Бала - тәрбие мен оқытудың 
ортасында тҧр, және де шешуші рӛл тәрбиеге беріледі. Оқыту 
процесінде ес, зерде, ойлау мен сӛйлеудің психологиялық-
педагогикалық мәселелері арнайы талдау қҧралдары және даму 


19 
міндеттері ретінде шығады. К.Д. Ушинский бойынша, тіл дамыту, ойлау 
қабілетін дамытуға байланысты баланың сӛздері, оның танымы мен 
ҧғымын, жалпы тҧлға ретінде қалыптасуының алғы шарты деп 
саналады.
Педагогикалық психология негіздерін қҧруда П.Ф. Каптеревтың 
ӛзінің қосқан ҥлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның 
негізін қҧраушыларының бірі. Ол ӛмірге Песталоццидің ӛсиеттерін - 
педагогиканы психологтандыруды енгізуге ҧмтылды. «Психологиялық 
педагогика» ҧғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми 
айналымға 1877 ж. Каптеревтың «Педагогикалық психология» атты 
кітабы шыққан соң кірді. Шынында да, Э. Торндайктың осыған аттас 
кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық кӛрді. Сонымен қатар, 
П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жҥрген 
білім беру мен тәрбие берудің жиынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің 
байланысы ретіндегі «білім беру» ҧғымын кіргізді. Сонымен бірге, 
мҧғалім еңбегі мен мҧғалім дайындаудың педагогикалық мәселелері, 
эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да кӛптеген 
мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің ӛзін П.Ф. Каптерев 
психологиялық тҧрғыдан қарастыруы ӛте маңызды, ол жӛнінде 
«Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші 
тарауы - «Білім беру процесі - оның психологиясы» дәлел болады.
Автордың ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі 
әрекетінің кӛрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа ҥрдістер кіреді 
[83, 340-345 б.].
П.Ф. Каптеревқа тек ҧлы дидактардың еңбектеріне іргелі талдау 
жасаудағы 
сіңірген 
еңбегі 
ғана 
емес, 
былайша 
айтқанда, 
эксперименталдық дидактиканың, негізінде алғанда, оқытуда және 
оқыту ҥшін эксперименталдық психология ӛкілдерінің еңбектеріне 
жасаған талдауын атап ӛту қажет. П.Ф. Каптеревқа сәйкес, осы еңбектер 
авторларының міндеті оқушылардың ой еңбегі жҧмысын зерттеу, ой 
еңбегі жҧмысында қимылдың орны, оқушылардың пән және сӛз арқылы 
берілетін тҥсінігі, мектеп оқушылары дарындылығының тҥрлері және 
басқа мәселелерді зерттеу болып табылады.
Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезеңде 
жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік психология ӛкілі С.Т. 
Шацкийдің (1878-1934) қосқан ҥлесі қомақты. Ол адамды 
әлеуметтендіру 
процесінде 
тәрбие 
беруді 
ізгілендіру 
және 
демократияландырудың біртҧтас тҧжырымдамасын жасаған. С.Т. 
Шацкийге әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде оның 
тҧлғасы мен кәсіби қҧзырлылығына қойылатын жалпыланған 


20 
талаптарды қамтитын педагог моделін қҧрған. С.Т. Шацкийдің 
педагогикалық тәжірибесіне шет елдік зерттеушілер жоғары баға 
берген. Атап 
айтқанда, Дж. Дьюи ресейлік оқушылардың 
дайындығының жҥйелілігін, ҧйымдастырушылығын, қазіргі заманғы 
американдық мектептермен салыстырғанда демократты екендігін атап 
ӛтеді.
Осылайша, бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И. 
Ньютонның 
механистикалық 
тҥсінігінің 
басымдылығымен, 
Ч. 
Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық ӛмірді 
ассоциативтік тҥсіну - психикалық ӛмірдің негізін сезімдік әсерлену 
қҧрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім - сенсуализммен 
сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бҧл кезең негізінен педагогикалық 
болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша 
жорытылған, қисынды қҧрылған жорытпалар кезеңі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет