И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу міндеті және проблемалық ситуация



Pdf көрінісі
бет106/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   210
Оқу міндеті және проблемалық ситуация 
 
Оқу іс-әрекеті процесінде оқу міндеті белгілі бір оқу 
ситуациясында беріледі. (Біздің тҥсіндіруімізде оқу ситуациясы тҧтас 
білім беру процесінің бірлігі ретінде кӛрсетіледі). Оқу ситуациясы 
әріптестік немесе қақтығыстық болуы мҥмкін. Егер де пәндік қақтығыс, 
яғни оқу пәніне қатысты тҥрлі позициялардың, қатынастардың, 
кӛзқарастардың тартысы тҧлғааралық игеруге ықпал етсе, ал 


194 
тҧлғаралық қақтығыс, яғни адамдар, тҧлғалар ретінде оқушылардың 
арасындағы қақтығыс оған кедергі келтіреді.
Мазмҧны бойынша оқу ситуациясы бейтарап немесе проблемалық 
болуы мҥмкін. Ситуациялардың осы екі тҥрі де оқытуда кӛрсетілген, 
бірақ екіншісінің ҧйымдасуы мҧғалімнен (оқытушыдан) ҥлкен кҥш 
жігерді талап етеді, сондықтан да олар оқыту мәселендендірудің бҥкіл 
маңыздылығын саналы тҥсінген кезде, проблемалық ситуациялар 
бейтараптарға қарағанда оқу процесінде неғҧрлым сирек кездеседі. 
Проблемалық ситуацияны тудыру проблеманың (міндеттің), яғни жаңа 
мен белгілінің (берілген) ара қатынасының, оқушының оқу-танымдық 
қажеттілігінің және оның осы міндетті орындауға қабілетінің 
(мҥмкіндігінің) болуын ҧйғарады (В. Оконь, А.М. Матюшкин, А.В. 
Брушлинский, М.И. Махмутов және т.б.). Мҧғалімнің алдында 
(оқытушының) оқушының мҥмкіндіктеріне сай қарама-қайшылықтарға 
толы, біртіндеп субъективтіге айналатын объективті проблемалық 
ситуацияны ҧйымдастырып, кейбір шешілуі керек проблема тҥрінде 
беру міндеті тҧрады.
Проблемалық ситуацияны қалыптастыру едәуір педагогикалық 
қиындықты 
кӛрсетеді. 
Осы 
қиындық 
себептерін 
толығырақ 
қарастырайық. Ең алдымен, М.И. Махмутов берген проблемалық 
оқытудың жалпы дидактикалық анықтамасын еске салайық: «...бұл 
дамыта оқыту түрі, мұнда оқушының дербес жүйелік ізденуші іс-
әрекеті мен олардың дайын ғылыми қорытындыларды игеруімен 
үйлеседі, ал әдістер жүйесі болса мақсатты ұйғару мен проблемалық 
принципін есепке ала отырып құрылған; оқыту мен оқудың ӛзара 
әрекеттесу процесі шәкірттердің ғылыми ... дүниетанымын, олардың 
танымдық дербестігін, оқуға деген тұрақты мотивтерінің 
қалыптасуына және де оларда проблемалық ситуациялар жүйесімен 
детерминациаланған іс-әркет тәсілдері мен ғылыми түсініктерді игеру 
барысындағы ақыл-ой қабілеттерінің (шығармашылық қабілеттерді 
қоса) қалыптасуына бағытталған» [137, 6 б.]. Психологиялық 
проблемалық 
ситуация 
адамның 
алдында 
шешілуі 
қажет 
проблемалардың, міндеттердің пайда болуын білдіреді. П.П. Блонскиий 
мен С.Л. Рубинштейн бойынша, белгілі бір проблемалық ситуацияларда 
адамның ойлауы пайда болады. «Проблеманы қоюдың ӛзі кӛбінесе үлкен 
және күрделі ақыл-ой жұмысын талап ететін ойлау әрекеті болып 
табылады» [194, 1 т., 374 б.].  
А.М. Матюшкин кӛрсеткендей, проблемалық ситуация, субъект 
пен іс-әрекет шарттары арасындағы қатынасты анықтайды, ӛйткені онда 
белгісіздік және іздестіру ашылады. Тағы да атап ӛтейік, проблемалық 


195 
ситуацияны қалыптастыру мен шешу ҥшін ҥш шарт қажет: 1) 
субъекттің танымдық қажеттілігі; 2) берілген деректер мен іздестіру 
арақатынасы; 3) орындаудың белгілі бір физикалық, интеллектуалдық, 
операциялық 
мҥмкіндіктері. 
Басқаша 
айтқанда, 
субъект 
интеллектуалдық қиындықтар жҥйесіне қойылуы тиіс және де одан 
шығуды ӛзі табу керек. Әдетте, проблемалық ситуация оқушыға 
«неге?», «қалай?» деген сҧрақтар формасында беріледі. Бірақ адам ҥшін 
жаңа міндетті орындауда интеллектуалдық жҧмысты талап ететін сҧрақ 
қана проблемалық бола алатынын есепке алу керек. «Қанша?», «қайда?» 
тәрізді сҧрақтар адам білетін, оның есінде сақталған нәрселерді қайта 
жаңғыртуға ғана бағдарланған және де оған жауап беру арнайы 
пайымдауды, шешімді талап етпейді.
Проблемалық 
ситуация 
проблемалық 
дәрежесі 
бойынша 
ажыратылады (ертеде кӛрсетілген проблемалық оқыту теориясынының 
сипаттамасын қараңыз). Проблемалықтың ең жоғарғы дәрежесі адам 
проблеманы ӛзі қалыптастыратын, оның шешімін ӛзі табатын, осы 
шешімнің дҧрыстығын ӛзі қадағалайтын ситуация – оқу ситуациясына 
ғана тән. Оқушы осы процестің тек ҥшінші компонентін, яғни шешімді 
ғана жҥзеге асырған жағдайда проблема неғҧрлым тӛмен дәрежеде 
кӛрінген. Қалғанының барлығын педагог дайындайды, жасайды. 
Проблемалылық деңгейін анықтауға басқа позициядан да қарайды, 
мысалы міндетті орындау ӛнімділігінің ӛлшемі, әріптестік және т.б.
Оқу процесін ҧйымдастыруда педагог міндеттерді орындауда 
ҧйғарылған қиындықтардың кезектілігін жасау керек екені айқын.
Проблемалық міндеттің басқаларынан айырмашылығын белгілей
отырып, А.М. Матюшкин былай деп кӛрсетеді «жәй ғана қандай да бір 
ситуацияның, яғни міндет шарттарын құрайтын берілгендердің
сипаттамасын қамтитын жағдайдың суреттемесі және осы 
шарттар негізінде ашылуы тиіс белгісіздерді кӛрсету беріліп 
қоймайды. 
Проблемалық 
міндетте 
субъекттің 
ӛзі 
міндет 
ситуациясына араласады». Бҧл жерде «проблемалық ситуацияның 
пайда болуының негізгі шарты- адамның жаңа қатынасты, әрекеттің 
қасиеті мен тәсілін ашуға деген қажеттілігі болып табылады» [135, 
275 б.]. 
Оқудың проблемалық ситуациясын жасау оқушыға оқу міндетін 
берудің алғышарты мен формасы. Бар оқу іс-әрекеті мҧғалімнің 
проблемалық ситуацияны және кезектеп беруінде және оны оқушының 
оқу әрекеті арқылы тапсырманы орындау жолымен «шешуінде» жатыр. 
Іс жҥзінде орын алатын оқу іс-әрекеті белгілі бір оқу ситуацияларында 
берілген және белгілі бір оқу әрекеттерін ҧйғаратын оқу міндеттерінің 


196 
жҥйесі ретінде болуы тиіс. Атап ӛтетін жайт, «міндеттер» тҥсінігі 
«проблемалық ситуация» тҥсінігімен қатар заңсыз
қолданып отыр. Осы 
екі тҥсінікті нақты ажырата білу керек: проблемалық ситуация дегеніміз 
іс-әрекет барысында адам қандай да бір белгісіз, тҥсініксіз нәрсеге 
жолығады, яғни пайда болған проблема белгілі бір адамнан алдымен 
ақыл-ойлық, ал соңынан мҥмкін практикалық кҥш жҧмсауды талап 
ететін объективті жағдайдан туындайды. Адамның іс-әрекетіне ойлау 
«қосылған» кезде проблемалық ситуация міндетке айналады – «міндет 
кез-келген түрдегі проблемалық ситуациядан туындайды, және де 
онымен тығыз байланысты, бірақ одан біршама ажыратылады» [36, 
59 б.]. Міндет талдау нәтижесінде проблемалық ситуацияның салдары 
ретінде пайда болады (белгілі бір себептерге байланысты субъект 
проблемалық 
ситуацияны 
қабылдамаған 
кезде, 
ол 
міндетке 
айналмайды). Басқаша айтқанда, міндет оны орындаушы субъект 
қабылдаған «проблемалық ситуация моделі» (Л.М. Фридман) ретінде 
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет