И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет147/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   210
 
Ә д е б и е т
 
Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996. 
Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993. 
Митина Л.М.  Учитель как личность и профессионал. М., 1994. 
 
 
 


263 
3 тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі 
 
§ 1. Іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы 
 
 
Іс-әрекет стилінің анықтамасы 
Мҧғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген 
басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада 
іс-әрекет (мысалы, басқару, ӛндірістік, педагогикалық) стилі – оны 
орындаудың тҥрлі жағдайларында кӛрінетін тәсілдердің, әдістердің 
тҧрақты жҥйесі. Ол іс-әрекеттің ӛзінің ӛзгешелігімен, оның субъектінің 
даралық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталады (И.В. Страхов, 
Н.Д. Левитов, В.С. Мерлин, Е.А. Климов және т.б.). Психологиялық тар 
мағынада іс-әрекеттің даралық стилі – «бұл типологиялық 
ерекшеліктермен шартталған тәсілдердің орнықты жүйесі, ол 
берілген іс-әрекетті неғұрлым жақсы жүзеге асыруға ұмтылған 
адамда қалыптасады, ...ӛзінің (типологиялық шартталған) даралығын
іс-әрекеттің сыртқы заттық шарттарымен неғұрлым жақсы 
теңдестіру мақсатында адам саналы немесе стихиялы түрде әрекет 
жасауға мәжбүр болатын психологиялық құралдардың даралық-ӛзіндік 
жүйесі» [87, 49 б.]. Осы анықтамада оның «іс-әрекеттің неғҧрлым 
жақсы орындалуын қамтамасыз етуші амал-тәсілдердің жеке ӛзіндік 
тіркесі» екені ерекше атап кӛрсетіледі (В.С. Мерлин). Іс-әрекет стилі
объектінің ӛзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-
психологиялық және тҧлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып
оның операционалдық қҧрамын, іскерліктер мен дағдыларды қамтиды 
(В.Э. Чудновский). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет