111
негізінде ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі реттеу дағдылары қалыптасады.
Басқа сӛзбен айтқанда, әрекет субъекті ретінде баланың даму
процесінде мақсатты бағыттану (нысананы кӛздеу), еркіндік, ӛзін-ӛзі
реттеушілік, әртҥрлі ӛмір жағдайларында әртҥрлі міндеттерді шешу
ҥшін әрекет тәсілдері мен әдістерін қатаң ажырату қалыптасады.
Баланың даму процесін сипаттаушы негізгі қағидалардың талдауы,
біріншіден, қарастырылған барлық сызықтар (бағыттар)
ӛзара шартты,
ӛзара байланысты екенін кӛрсетеді. Бҧл - олардың тек қана бірге жҥзеге
асырылуы, сӛздің толық мағынасында, адамның психикалық, тҧлғалық
дамуы деп аталатын прогрессивті ӛзгерісті қҧра алады дегенді білдіреді.
Екіншіден, бҧл дамудың белгілі бір әлеуметтік жағдаятында және де ең
алдымен, оқыту және тәрбиелеу жағдаятында әлеуметтік ортаның,
бірлестіктің, ықпал етуінен болатыны ерекше атап ӛтіледі. Бҧл
прогрессивті педагогикалық психологияның барлық ережелері дамыта
және тәрбие беруші оқытудың барлық оқу пәндерінің қҧралдары
арқылы жҥзеге асырылуының маңыздылығына екпін тҥсіруімен
байланысты. Ҥшіншіден, адамның дамуы оқыту және тәрбие беру
процесінде басқа адамдармен ӛзара әрекеттесу барысында жҥретіні
аталып ӛтеді. Бҧл да педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің
бірі.
С.Л. Рубинштейн «бала дамымайды, тәрбиеленбейді және
оқытылмайды, ол тәрбиелене және оқи отыра дамиды» деген. Бҧл
дегеніміз: «тәрбие беру және оқыту бала дамуы процесінің дәл ӛзіне
кіреді, ол тек оның ҥстіне
қондырылмайды…» және ары қарай «…
баланың тҧлғалық психикалық қасиеттері, оның қабілеттілігі, мінезінің
ерекшеліктері және т.б. баланың жеке әрекеті барысында тек
Достарыңызбен бөлісу: