И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу еңбектестігінің амалдары



Pdf көрінісі
бет174/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Оқу еңбектестігінің амалдары 
 
Оқудағы еңбектестік тҥрлі тәсілдердің, амалдардың кӛмегімен 
ҧйымдастырылады, олар шәкірттердің іс-әрекетін белгілі ережелерге 
бағындырады. Оқу міндетін орындаудағы оқудағы еңбектестіктің 
неғҧрлым кең таралған тәсілі дискуссия, талқылау, проблемалық сҧрақ 
болып табылады. Сонымен қатар, амалдардың еңбектестік формасынан, 
яғни оның қорытынды және ағымдағы тҥрлерінен де тәуелділігі
белгіленген. Бірлескен жҧмысқа арналған тапсырманы
қорытынды 
орындауда ол міндетті орындау даралық болуы мҥмкін, ал оны бақылау 
мен бағалау – қорытынды нәтижені талқылау процесінде бірлесіп
жҥргізілуі мҥмкін. Ағымдағы еңбектестікте тапсырманы орындау 
барлық кезеңдерде барлық қатысушылармен бірлесіп орындалады.
Бірлескен іс-әрекетте тапсырманы орындау проблемасының
теоретикалық талдауы кез-келген міндет еңбектестікке сәйкес еместігін 
кӛрсетті: белсенді диалог және біріккен шешім логикалық пайымдауды, 
ӛзара талдауды және әртҥрлі кӛзқарастарды ӛзара бағалауды талап 
еткенде пайда болады. Оқудағы еңбектестікке сәйкес міндет оны 
шешудің мазмҧны мен тәсіліне аз дегенде бір кӛзқарастың болуын 
ҧйғарады. Еңбектестікке неғҧрлым проблемалық оқу міндеттері сәйкес. 
Мҧндай 
міндеттер 
танымдық 
процестердің 
басымдылығының 
ӛлшемдері бойынша оларды орындау барысында ойлау-мнемикалық 
болып табылады. Олар теоретикалық білімдерді белгілі бір деңгейде 
меңгеру және оларды нақты жағдайларда қолдану ептіліктерін талап 
етеді.
Оқудағы еңбектестік жағдайында міндетті бірлесе орындау 
қатысушылардың пәндік-танымдық, пәндік-коммуникативтік және 
пәндік-рефлексивтік тҧрғыдағы шағын міндеттерді талқылауын 
ҧйғарады (Е.Н. Емельянов, Е.Д. Маргулис). Біріншілері тікелей топқа 
ҧсынылған тапсырманы шешуді іздеумен байланысты, екіншілері – 
қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекетті ҧйымдастырумен, ҥшіншілері – 
біріккен іс-әрекетке қатысушылардың әрқайсысының санасында 


305 
олардың серіктестерінің міндеттер пәні мен шарттарын қалай тҥсінетіні 
жайлы сәйкес тҥсініктердің қалыптасуымен байланысты. Міндеттерді 
орындау, ҥш сатылы кезеңдерден ӛтеді: шарттармен танысу, шешу және 
бақылау. Оқудағы еңбектестік жағдайында міндетті бірігіп орындау 
барысында барлық кезеңдерге жеке тҧрғыдан шешумен салыстырғанда 
белгілі бір ерекшелік тән, алайда жеке пікірлерді дер кезінде, тиімді 
бақылау да ерекше маңыздылыққа ие болады. Оның тиімділігінің
тӛменділігі немесе мҥлдем болмауы топ жҧмысын ӛнімсіз немесе тіпті 
пайдасыз етуі мҥмкін (Е.Д. Маргулис). 
Оқудағы еңбектестіктің тиімділігі ҥшін оның ҧйымдастырылу 
сипаты, соның ішінде қатысушылар іс-әрекетінің сыртқы белгілі бір 
ережелерге бағынуы ҥлкен мағынаға ие (біріккен жҧмыс тәсілдерінің 
рӛлдерін немесе тапсырмаларын тарату арқылы). Бҧл жерде триададағы 
талқылау барысын реттеуге тиісті жетекшіні тағайындау оқудағы 
әріптестікке қатысушылардың бірлескен жҧмысының ӛздігінен 
ҧйымдасуының факторы болуы мҥмкін (В. Янтос). Еңбектестік 
тәсілдері жайлы айта отырып, еңбектестік формасының ӛзі ғана емес, 
сондай-ақ, Т.К. Цветкованың зерттеулері кӛрсеткендей, міндетті бірлесе 
орындауды ҧйымдастыру тәсілі де елеулі мәнге ие екенін атап ӛту 
қажет. Студенттер триадасының вербалды тапсырмаларды орындауын 
талдау материалының негізінде, вербалды тапсырманы бірлесе 
орындаудың алдын ала ӛңделген бағдарламасы еңбектестікті 
ҧйымдастыру тәсілі ретінде бірлескен жҧмыс ӛнімділігін арттыратыны 
кӛрсетілген. Бҧл жерде бағдарлама пәндік ӛзгеріс тәсілдерін де ҧсынады 
(Т.К. Цветкова).
Оқушылардың оқудағы топішілік ӛзара әрекеттесулерінің
зерттеуі 
бойынша 
жҥрзізілген 
теоретикалық-эксперименталдық
жҧмыстардың нәтижелері бірлескен, ҧжымдық субьект болып 
табылатын мҧғалім мен оқу тобының оқудағы еңбектестігін жҥзеге 
асыру мҥмкіндігі жайлы сҧрақты туындатты. Осы сҧрақтың шешімі
В.П. Панюшкиннің осы процестің фазалығының тҧжырымдамасында 
терең және жҥйелі тҥрде ҧсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет