И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік келіс



Pdf көрінісі
бет45/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік келіс
 
Тҧлғалық-іс-әрекеттік келіс оның компоненттерінің жиынтығы-
ның ең ортақ формасында (әсіресе, тҧлғалық) оқытушының 
позициясынан 
«оның 
ӛмірінің 
жалпы 
контексінде, 
яғни 
қызығушылықтарының 
бағыттануы, 
ӛмірлік 
жоспары, 
құндылықтары, тұлғаның шығармашылық дамуын дамыту үшін 
оқудың мәнділігін түсінудегі оқушының оқу әрекетін мақсатты 
ұйымдастыру мен басқаруды» білдіреді [98, 9 б.]. Тҧлғалық – іс-
әрекеттік келіс дегеніміз педагогтың оқыту процесін дәстҥрлі 
тҧжырымдалуына басқаша қарау, басым кӛпшілік жағдайда оның білім 
беру, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру, яғни тек оқу 
материалын меңгеруді ҧйымдастыру ретінде; қарым-қатынастың 


84 
субъекттік-объекттік схемасы, оқытушы мен оқыту объекті - студенттің 
ӛзара әрекеттесуі тек меңгерілетін білімдердің жиынтығын білдіреді. 
Тҧлғалық-іс-әрекеттік 
келіс 
оқушылардың 
оқу 
әрекетін 
ҧйымдастыру (және басқару) ретіндегі оқу процесінің ӛзін 
ҧйымдастыруды ҧйғара отырып, олардың ӛздері алдына нақты оқу 
тапсырамаларын (танымдық, зерттеушілік, қайта жаңартушылық, 
жобалық және т.б) қойып, оларды шешу осы процесті қайта бағыттауды 
білдіреді. Әрине, тҧлғалық-іс-әрекеттік келіс барысында педагогтың 
тапсырмалар мен әрекеттердің номенклатурасын, оның тӛменнен 
жоғары дамуын (иерархиясын), ҧсынылу тҥрін және олардың 
орындалуының алгоритмі мен бағыттану негізін меңгерген жағдайында 
оқушылардың осы әрекеттерді орындауын ҧйымдастыру міндеті тҧр.
Кез-келген әрекет, оқу әрекетін де қоса, тҧлғалық-іс-әрекеттік 
келісті жҥзеге асырушы мҧғалім, оқытушы ҥшін қажеттелік шартынан
туса, негізгі және ең маңызды мәселе тек қана оқушының 
коммуникативтік және оқу-танымдық қажеттелігін қалыптастыру болып 
қана қоймай, олардың ӛздерінің де оқу әрекетінің жалпыланған әдістері 
мен тәсілдерін ойлап табудағы, жаңа білімді меңгеру, зерттелінетін 
әрекеттердің барлық тҥрлерінде одан да жетік жетілдірілген біліктерді 
қалыптастыру болып табылады.
Тҧлғалық-іс-әрекеттік келіс оқытудың процесі мен объектісінің 
сипатының ӛзгеруін анықтай отырып, мҧғалім, оқытушы мен 
оқушылардың, студенттердің ӛзара әрекеттесуінің негізгі схемасының 
ӛзгеруін де ҧйғарады. Әрекеттесудің кеңнен тараған S→О схемасының 
орнына, мҧнда S – мҧғалім, оқытушы – педагогикалық әсер ету мен 
басқарудың субъекті, ал О – оқушы, студент – осындай әсерді объекті, 
субъекттілік-субъектті, мҧғалім, оқытушы оқу міндеттерін шешуді 
оқушылар, мен студенттің бірлескен [87 б.].  Мҧғалімнің, оқытушының 
ақпараттық-бақылаушы 
функциялары 
кӛп 
жағдайда 
ӛзіндік 
ҥйлестірушілік функцияға орын беруі тиіс. «Мҧғалім ғылыми тҧрғыдан, 
- тек әлеуметтік тәрбие беруші ортаның ҧйымдастырушысы, оның әрбір 
оқушымен ӛзара әрекеттесуінің реттеушісі мен бақылаушысы», - деп 
Л.С. Выготский ерекше кӛңіл аударған [46, 192 б.]. 
«Школа-88» ВНИК тҧжырымдамасының авторлары атап ӛткендей, 
«оқушыға оқыту мен тәрбие берудің «объекті» ретінде қарау ақыр 
аяғында оның мҧғалімнен алшақтауына әкеліп соқты, оны мақсаттан 
мектеп жҧмысындағы қҧралға айналдырды. Соның нәтижесінде оқу 
оқушы ҥшін ӛз мәнін жоғалтты, алынған білім нақты ӛмір шындығында 
сыртта қалды. Білім беру процесінен осындай алшақта қалуды мҧғалім 
де басынан кешірді, ол ӛз бетімен білім беру мақсаттарын қоюдан, ӛз 


85 
әрекетінің қҧралдары мен әдістерін таңдаудан қалды. Ол ӛзінің кәсіптік 
позициясының адамдық бағытын жоғалтып алды. Шын мәнінде алғанда, 
мҧғалім де, оқушы да білім беру машинасының әртҥрлі «бҧрандасына» 
айналды» [94, 10-11 б.]. Мектепте оқытудың бҧл сипаттамасы кӛп 
жағдайда жоғары оқу орынындағы оқытуға да қатысты.
Тҧлғалық-іс-әрекеттік 
келістің 
жағдайында 
оқыту 
мен
педагогикалық қарым-қатынастың ӛзі осылайша S
1
→S

схемасы 
бойынша жҥзеге асырылады, мҧнда S
1
- бҧл мҧғалім, оқытушы, яғни 
қарым - қатынас пәніне, ӛзіне серіктес ретінде, оқушыларға ақпарат 
беруші мазмҧнды тҧлға, қызықты тыңдарман ретінде шынайы 
қызығушылық тудыратын адам; S

- бҧл оқушы, студент, онымен 
қарым-қатынасты оқытушы оның ҧйымдастырушылық, ҥйлестірушілік, 
дҧрыс бағытта стимул беруші және нығайтушы реакциясын есепке ала 
отырып оқу міндеттерін шешуде еңбектестік деп қарастырады.
Бҧл жерде ҧжымдық субъект қалыптасып және оқытудың 
ҧжымдық коммуникативтілігінің принципі жҥзеге асырылуы ҥшін оқу 
міндеттерін шешуде оқушылардың ӛздерінің оқу еңбектестігі 
ҧйымдастырылуы қажет. Бҧл принципті ересектерді курстық оқытудағы 
қазір жҥзеге асырылып жатқан тҧлғаның резервтік мҥмкіндіктерін 
белсендіру әдісінің ҥшінші принципіне жатқызуға болады, Г.А. 
Китайгородская бойынша бҧл - «топтық оқыту арқылы жекелеп оқыту» 
принципі [85]. Басқа сӛзбен айтқанда, оқу процесінде «субъект» S

схемасы (мҧғалім, оқытушы) ← S 
1
+ S
2
+ S
3
+ S
4
+..... + S
n
(оқушылар, 
студенттер), оның нәтижесінде бірыңғай, ӛзара әрекеттесуші, 
жиынтық 
субъект пайда болады (S
3
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет