И. А. Зимняя педагогикалық психология


Дамудың әлеуметтік жағдаяты



Pdf көрінісі
бет55/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Дамудың әлеуметтік жағдаяты
 
Л.С. Выготский педагогикалық психология ҥшін ӛте маңызды 
«дамудың әлеуметтік жағдаяты» ҧғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік 
жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір 
жҥйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмҧнын, бағытын және 
жаңадан пайда болған негізгі ӛзгерістермен байланысты оның орталық 
бағытының қалыптасуын анықтайды. Бҧл жҥйенің ӛзгеруі жас 
ерекшеліктердің ӛсімінің негізгі заңын айқындайды. «Осы заңға сәйкес, 
баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы кҥштер ішкі қажеттілікпен 
дамудың әлеуметтік жағдаятының кҥшін жоғалтуын анықтай отырып, 
осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару және 
кҥйзелтуге сӛзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуын 
және келесі, немесе жоғары, жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын 
анықтайды» [49, 260 б.].
Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму – 
бҥкіл тҧлғаның біртҧтас дамуы деп ҥнемі ерекше атап ӛтеді. Баланың 
әлеуметтік ӛмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік 
жағдаяты деген ҧғымға осы қатынастарды жҥзеге асырушы қҧралдарды 
– жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты тҥрлері де кіреді, атап 
айтқанда Л.С. Выготский бойынша, «әрекеттің кейбір тҥрлері берілген 
кезеңде жетекші болады және тҧлғаның ары қарай дамуында ҥлкен 
маңызы болады, басқалары – азырақ. Кейбіреулері дамуда басты рӛлді 
ойнайды, басқалары - бағынышты рӛл ойнайды» [111, 285 б.].
Психикалық дамудың негізгі сызықтары
 
Ҧсынылып отырған қарастыру тҧрғысынан жалпыға ортақ 
қабылданған ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тҧлғасын 


98 
толығымен қамтиды, бҧл процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) 
белгілене алынады. Мысалы, баланың психикалық дамуы оның біртҧтас 
тҧлғалық дамуы сияқты бір мезгілде келесі сызықтар бойынша жҥзеге 
асырылады: танымдық аясы (интеллекттің қалыптасуы, таным 
механизмдерінің дамуы); әрекеттің психикалық қҧрылымы мен оның 
мазмҧны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы, 
әрекеттің қҧралдары мен әдістерін меңгеру); тҧлғаның (бағыттануы, 
қҧндылық бағдарлануы, ӛзіндік сана сезімі, ӛзін-ӛзі бағалау, әлеуметтік 
ортамен ӛзара әрекеттесуі және т.б.). Бала дамуының бағыттары біраз 
басқаша ҧсынылуы да мҥмкін - даму ретінде: а) білімдердің; әрекеттің 
тәсілдері; б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық 
механизмі және в) тҧлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді [43, 30 б.].
Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, 
тҧлғалық сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап ӛтеді [3]. 
Баланың барлық интеллекттік-тҧлғалық-әрекеттік қалыптасуында 
психиканың арындылығы, интегративтілігі, жҥйелілігі, сензитивтілігі, 
компенсаторлығы сияқты негізгі заңдылақтарының кӛрініс табатыны 
маңызды. Бала дамуы сызықтарының ҥшеуінің әрбіреуін толығырақ 
қарастырайық (интеллект, әрекет, тҧлға), сонымен қатар нақты ӛмірде 
олардың бір-бірінен ажыратылмайтынын атап ӛткеніміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет