И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет117/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 2. Оқу мотивациясы 
 
Оқу мотивациясының жалпы сипаттамасы.
Оның жүйелік ұйымдасуы 
 
Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін 
мотивациялардың жеке тҥрі ретінде анықталады. Кез-келген басқа тҥр 
сияқты оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән ӛзгеше факторлар 
қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жҥйесімен, оқу іс-
әрекеті жҥзеге асатын білім беру мекемесімен анықталады; екіншіден, – 
білім беру процесін ҧйымдастырумен; ҥшіншіден, – оқушының 
субъектілік ерекшеліктерімен (жасы, жынысы, интеллектуалдық дамуы, 
қабілеттері, жеке адам талабының дәрежесі, ӛзін-ӛзі бағалауы, басқа 
оқушылармен ӛзара әрекеттесуі); тӛртіншіден, – педагогтың субъектілік 
ерекшелгімен, ең алдымен, оның оқушыға, ісіне деген қатынастар 
жҥйесімен; бесіншіден, – оқу пәнінің ӛзгешелігімен. 
Оқу мотивациясы, оның басқа тҥрлері сияқты жҥйелі болып 
табылады. Ол бағыттылығымен, тҧрақтылығымен және ӛзгермелігімен 
сипатталады. Мысалы Л.И. Божович және оның әріптестерінің 
жҧмыстарында мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін зерттеу 
материалдары негізінде келесі жайт атап кӛрсетілген: оқу мотивациясы 
тҥрткілер бағыныстылығымен анықталынады және де олардың ішінде 
осы іс-әрекет мазмҧнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі 
тҥрткілер немесе баланың қоғамдық қатынастар жҥйесінде белгілі бір 
орынға ие болуға ҧмтылуымен байланысты кең әлеуметтік тҥрткілер 
ҥстем болуы мҥмкін. Бҧл жерде жас ҧлғаюымен бірге ӛзара 
әрекеттесуші қажеттіліктер мен тҥрткілердің дамуы, жетекші ҥстем 
қажеттіліктер мен олардың иерархиялануының ӛзгеруі жҥреді. «... Оқу 
мотивациясы үнемі ӛзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа 
қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады (мектеп 


213 
оқушысы үшін оқу қажеттілігі мен маңызы, оның түрткілері, 
мақсаттары, эмоциялары, қызығулары). Сондықтан мотивацияның 
жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың ӛсуі немесе 
теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған 
мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің
күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде 
қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы». Осыған сәйкес оқу іс-
әрекетінің мотивациясын талдауда тек ҥстем тҥрткіні анықтап қана 
қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының
бҥкіл 
қҧрылымын есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты аясын қарастыра 
отырып, А.К. Маркова оның қҧрылысының бағыныстылығын атап 
ӛтеді. Сонымен, оған: оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу тҥрткісі, 
мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет