И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педагогикалық психологияның пәніне



Pdf көрінісі
бет13/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама 
бермес бҧрын кӛптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып 
табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, басқару 
теориясы, жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық 
психология) білім беру, педагогикалық процесс - кҥрделі, кӛп қимылды, 
кӛп қҧрамдас бӛлікті қҧбылыс екеніне назар аудару қажет. Оқыту 


26 
процесінің кҥрделі, кӛп қҧрамдас бӛлікті екенін кезінде ҧлы дидакттар 
– Я.А. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег атап ӛткен болатын. 
Мысалы, А. Дистервег «…оқытушылық іс-әрекетті анықтаушы 
әртүрлі кезеңдер мен пәндерді назарға алу қажет. Атап айтқанда: 1) 
оқытылатын адам, оқушы – субъект; 2) оқу және оқыту пәні – оқу 
пәні - объект; 3) оқушының оқу сәтінде қоршайтын сыртқы шарттар 
– уақыт, орын және т.б.; 4) оқытатын мұғалім» [66, 221 б.] дейді. 
(XIX ғ. ортасында оқушы оқыту объекті емес, оқыту субъекті ретінде 
қарастырылғаны маңызды болған). Педагогикалық психологияда білім 
беру процесінің кӛп қҧрамдас бӛлікті қҧрамы функционалдық тҧрғыдан 
факторлардың ӛзара әрекеті деп қарастырылады. Оқытудың тиімділігі 
осы факторлардың әрекеттерінің ӛзара келісімділігіне байланысты, яғни 
«не нәрсеге оқытады, кім және қалай оқытады, және кімді оқытады» [96, 
152 б.]. Бҧл жерде, білім беру процесін зерттеушілер оның қҧрамдас 
бӛліктерін қҧрастырушылардың барлығының бірдей маңыздылығын 
атап ӛтеді. Жалпы білім беру процесінің, оқушылардың әлеуметтік 
мәдени тәжірибені меңгеру және осы меңгеруді ҧйымдастыру 
кҥрделілігі педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің кӛпжоспарлы 
екенін анықтайды.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәні болып адамның 
әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және 
осы процестің білім беру процесінің әртҥрлі жағдайларында педагогтың 
ҧйымдастырып және басқаратын оқу қызметінің субъекті ретінде 
қарастырылатын адамның (баланың) интеллектуалдық және тҧлғалық 
даму деңгейінде ӛзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп 
айтқанда, педагогикалық психология «білімді, икемділік пен 
дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі 
жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың ӛз бетімен 
шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала 
психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын 
ӛзгерістерді зерттейді» [96, 7б.], яғни, жаңадан пайда болған
психикалық ӛзгерістерді қалыптастыру. Ал, кеңінен алғанда, ғылымның 
зерттеу пәні - ол объектте нені зерттесе сол болып табылады. Келтіріліп 
отырған анықтама педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің 
кҥрделігі, кӛп аспектілігі мен біртекті еместігін дәлелдейді.
Педагогикалық психологияның қазіргі уақытта даму ауқымы одан 
сайын кеңейіп отыр. Мысалы, отандық педагогикалық психология 
оқытуды басқарудың психологиялық механизмдерін зерттейді (Н.Ф. 
Талызина, Л.Н. Ланда және т.б.) және білім беру процесін жалпы 
зерттейді (В.С. Лазарев және т.б.); іс-әрекеттердің жинақтап 


27 
қорытылған тәсілдерін меңгеру процесін басқару (В.В. Давыдов, В.В. 
Рубцов және т.б.); оқу мотивациясы (А.К. Маркова, Ю.М. Орлов және 
т.б.); осы процестің табыстылығына әсер етуші жеке психологиялық 
факторлар, мысалы ынтымақтастық (Г.А. Цукерман және т.б.),
оқушылар мен мҧғалімдердің жеке тҧлғалық ерекшеліктері (В.С. 
Мерлин, Н.С. Лейтес, А.А. Леонтьев, В.А. Кан-Калик және т.б.). Жалпы, 
педагогикалық психология оқу процесін басқарудың психологиялық 
мәселелерімен, танымдық процестерді қалыптастыруды (ең алдымен, 
теоретикалық ойлау) зерттейді, оқушы тҧлғасын қалыптастырудың 
жалпы контекстінде «оқыту процесінде ой еңбегі дамуының неғұрлым 
жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ой еңбегі дамуының 
сенімді ӛлшемдерін іздейді, педагог пен оқушының ӛзара арақатынас 
мәселелерін, сонымен қатар оқушылар арақатынасын қарастырады» 
[43, 5 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет