И. А. Зимняя педагогикалық психология


Іс-әрекет (шығарамашылықтың) ӛнімінің талдауы



Pdf көрінісі
бет18/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Іс-әрекет (шығарамашылықтың) ӛнімінің талдауыадамды 
оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, 
бейнелеу және т.б.) ӛнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру 
арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бҧл әдіс (кӛбінесе ішікі тҥйсікпен) 
педагогикалық 
тәжірибеде 
оқушылардың 
мазмҧндамаларын, 
шығармаларын, тҥсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін 
және т.б. талдау тҥрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми 
зерттеу барысында іс-әрекет ӛнімінің талдау әдісі әрбір ерекше ӛнімнің 


34 
(мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын, 
болжамын және талдау тәсілдерін ҧйғарады. 
Педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне 
байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек 
қолданылады. 
Оқушылардың 
іс-әрекеті 
ӛнімінің, 
олардың 
шығармашылығының талдауы (есептер шешімінің, конспектілер, 
шығармалар, еңбек ӛнімі, оқушылардың бейнелеу шығармашылығының 
және т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы 
(ҥйретуші) эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда 
ең кӛп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар, 
педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып 
келеді. Осы әдісті қолданатын зерттеуші-педагогтың тек жоғары кәсіби 
жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігін ескере отырып оны 
тереңірек қарастырайық.
Тестілеу - қаттырақ айтқанда бҧл - психодиагностикалық 
процедура, және «...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы 
психологияның моральдық-этикалық кодексінен туатын бірқатар 
міндеттер алады». Тестер толық және жҥйелі тҥрде А. Анастазидің 
«Психологиялық тестілеу» атты еңбегінде баяндалған [27, 3 б.]. Бҧл 
жҧмыстың алғысӛзінде жалпыға тҥсіну ҥшін жалпы диагностикалау 
және тестік диагностикалаудың маңызды проблемалары, атап айтқанда, 
біздің белгілі кезекпен баяндап беретін ережелер белгіленген. 
Біріншіден, алғысӛздің авторлары К.М. Гуревич пен В.И. Лубовскийдің 
пікірі бойынша, «психологиялық диагностиканың тест, сауалнама, ӛз-
ӛзіне есеп беру, жетістіктер тесті (табыстылықты тіркеу) сияқты тҥрлері 
мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, кәсіпорындар, мекемелер мен 
жоғары оқу орындарында айтарлықтай орын алған жоқ, ал оның біздің 
білім беру жағдайымызда қажеттілігі анық. Екіншіден, авторлар басқа 
елдерде қолданылатын тестерді біздің диагностикалау тәжірибемізге 
сол қалыпында кӛшіру мҥмкін еместігін атап ӛтеді. «Тестерді олардың 
пайда болған әлеуметтік ортасынан басқа ортаға кӛшіру екі жақты 
қиыншылықтармен байланысты. Бірінішісі, басқа мәдениеттің ӛкілі 
болып табылатын сыналушылар тест тапсырмаларын ӛздігінше 
қабылдайды, себебі олар ӛздерінің маңыздылық және семантикалық 
жүйелерін қолданады.... Екінші қиыншылық - тестің тілдік 
трансплантациясында» [9, 1 кітап, 13-14 б.]. Басқа сӛзбен айтқанда, 
тесті әлеуметтік-мәдени детерминациялау тіркеліп отыр, ол тестілеу 
кезінде ескерілуі қажет (жас ерекшелік және жыныстық тҧрғысынан 
жеке қарау және тестердің вариативтілігімен бірдей). Ҥшіншіден, 
тестердің кҥрделілігі мен валидтілігіне және осыған байланысты арнайы 


35 
бағытталған тестерді әзірлеудің қаншалықты болшағы бар екеніне назар 
аударылады. «Бҧл тестерді қолдануда жеке тҧлғаның (немесе топтың) 
жауаптарының 
нәтижесін 
нормамен, 
яғни 
берілген 
тесті 
сыналушылардың басым кӛпшілігі қалай орындағанымен салыстыру 
қажеттілігі жоқ. Егер тест жақсы әзірленген болса, онда сыналушының 
сол жиынтық
ӛкілдері болып табылатын басқа сыналушылармен 
салыстырғанда қандай екендігін емес, оның білімі мен біліктілігін 
кӛрсетуі қажет [9, 1 кітап, 11 б.]. Басқа сӛзбен айтқанда, бҧл жерде 
нормалы бағытталған тестерге қарағанда критериалды бағытталған 
тестерге басымдылық беріліп отырылғанын және олардың бір-бірінен 
айырмашылығын кӛреміз.
Біздің еліміздегі нормалы бағытталған тестілеуде компьютерлік 
тестік диагностика НОРТ жҥйесінде толығынан ҧсынылған (185). Бҧл 
жҥйені әзірлеуші А.К. Ерофеев НОРТ жҥйесін пайдаланушы міндетті 
тҥрде келесілерді білуі қажет: 1) нормалы бағытталған тестіледің негізгі 
қағидаларын; 2) тестердің тҥрі мен оларды қолдану саласын; 3) 
психометрика негіздерін (яғни, бҧл жҥйеде психологиялық сапалар 
қандай бірлікте ӛлшенетінін); 4) тестің сапалық ӛлшемдерін (тестердің 
валидтілігі мен сенімділігін анықтау әдістері); 5) психологиялық 
тестілеудің этикалық нормалары және сараптама және кеңес беру 
жағдайындағы ерекшеліктер. Осыған сәйкес, талаптар ӛлшемді 
бағытталған тестерге және оны қолданушыларға да қойылады.
Т-деректер тестердің әртҥрлі тҥрлері, немесе объективті тестерді, 
жоғарыда аталып ӛткендей, Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртон 12 топқа 
жинақтаған, олар бір жағынан, олардың саналуандылығын кӛрсетеді, ал 
басқа жағынан- зерттеудің берілген әдісінің ауқымдылығын кӛрсетеді 
(В.М. Мельников, Л.Т. Ямпольский). Бҧл топтарға:
1. Қабілеттілік тестілері (интеллектуалды функция, білім, тәсілдер 
және т.б.). 
2. Іскерлік пен дағды тестілері (кӛру-моторикалық ҥйлестіру, 
лабиринттен ӛту)
3. Қабылдауға арналған тестілер.
4. Сауалнамалар (мінез-қҧлық, денсаулық жағдайы және т.б. 
туралы сауалнамалар).
5. Пікір (басқа адамдарға, нормалар мен т.б. кӛзқарасын анықтау).
6. Эстетикалық тестер (қандай картиналар мен суреттерге және 
т.б. басымдылық беретінін анықтау).
7. Жобалау тестілері (тҧлғалық тестілер). Объективті болып 
табылмайтын, формализациялау талаптарын қанағаттандырмайтын 
ТАТ, Роршах тестері мҧнда кірмейді. 


36 
8. Әр тҥрлі жағдайлардағы тестілер (әртҥрлі жағдайда - жеке
топта, жарыста және т.б. тапсырмалар орындауды зерттеу).
9. Адамдардың ӛздерін неғҧрлым толығынан кӛрсететін ойындар.
10. Физиологиялық тестілер (ЭКГ, КГР және т.б.).
11. Физикалық тестілер (антропометрикалық).
12. Кездейсоқ бақылаулар, яғни тестің қалай ӛткізілуін зерттеу 
(мінез-қҧлықты жазып алу, қорытынды және т.б.).
Білім беруде тест жҥргізуді талдай келе, А. Анастази бҧл процесте 
қолда бар тестілердің барлық тҥрі қолданылатын атап ӛтеді, алайда 
барлық стандарттандырылған тестілердің ішінде ең кӛбі табыстылық 
тесті. Олар бағдарламалар мен білім беру процесінің тиімділігін 
анықтау ҥшін жасалынған. Онда «әдетте тұлғаның оқуды аяқтағаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет