И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет19/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

бойынша жетістіктерінің соңғы бағасын береді, онда негізгі 
қызығушылық тұлғаның нақ осы уақытта не істей алатынына назар 
аударылады» [9, 2 кітап, 37 б.].
Бҧл тестердің мазмҧны ӛзінің кейбір бӛлімдерінде білім беру 
стандарттарымен астарласуы мҥмкін. Оларды оқу бағдарламаларына 
объективті баға беру тәсілі және тҥзету қҧралы ретінде қарастырады. 
Әдетте, табыстылық тестілері біртҧтас білім беру жҥйелері ҥшін барлық 
оқу бағдарламаларын қамтитын тестілік «батареялар» сияқты. 
Америкада 1923 жылдан бері қолданылып келе жатқан табыстылық 
тестілер батареясын мысалға келтіре отырып, мысалы Стенфорд 
табыстылық тестілері (1970 ж. Ҧлттық табыстылық тесті, 1970 жылғы 
Калифорния табыстылық тесті және т.б.), А. Анастази оған кіретін 
субтестілерді атайды: сӛздік; тҥсіну: а) оқылғанды және б) 
тыңдалынғанды; сӛздерге талдау; математикалық: а) ҧғым, б) есептеу; 
математиканы пайдалану, тіл; әлеуметтік және жаратылыстану 
ғылымдарын білу [9, 2 кітап, 43 б.]. Сонымен бірге, ол тестілер 
бойынша барлық тапсырамалар кӛп жауаптар таңдап алумен сҧрақтар 
тҥрінде беріледі, және кӛрсеткіштер, оларды тҥсінік беру, стандарттау 
бойынша нҧсқаулар келтіреді. А. Анастази мҧғалімнің нақты 
жҧмысының пәні бойынша осы негіздерді пайдаланып тестік 
тапсырмалар мен бақылаулар әзірлеу мҥмкіндігін кӛрсетеді. Сонымен 
қатар, бірқатар пәндер бойынша оқушылардың әртҥрлі топтары ҥшін 
проценттік нормалар әзірленгені және мектепке дайындығы тестілерінің 
дайындығы аталынады. Жас ерекшеліктері әртҥрлі оқушылардың 
психологиялық диагностикасының нақты мысалдарын Р.С. Немов 
келтірген. [148, 73-493 б.]. Бҧл жерде біздің елімізде тестология 
проблемасының операционалды-әдістемелік жағы біраз ҧтылып тҧрса 
да әдіснамалық, ҧғымдық жағы (М.С. Бернштейн, Г.С. Геллерштейн, 


37 
К.М. Гуревич, В.С. Аванесов, А.К. Ерофеев, А.Г. Шмелев және т.б.) 
әлемдік деңгей бойынша жоғары деп бағаланады.
Жоғарыда айтылғандрдың барлығы педгогикалық психологияда 
тест жҥргізуді қолдану - жауапты, этикалық, жоғары кәсібилікті, арнайы 
дайындықты және адамның психолог-диагностың этикалық кодексіне 
сәйкестігін талап ететін іс екенін білдіреді [58]. 
Педагогикалық психологияда зерттеудің тағыда бір маңызды әдісі 
социометрия болып табылады. Бҧл Я. Морено әзірлеген топ ішілік 
тҧлға аралық байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бҧл 
қойылған сҧрақтарға топ мҥшелерінің ішіндегі таңдаулыларының 
жауаптарын пайдаланатын әдіс - топтың қаншалықты ҧйымшылдығын, 
топ кӛшбасшысын анықтауға мҥмкіндік береді. Ол педагогикалық 
тәжірибеде оқу ҧжымдарын қалыптастыру және қайта топтарға бӛлуде, 
топішілік ӛзара әрекеттесуді анықтау ҥшін кеңінен пайдаланады 
[әдістер туралы толығырақ 39, 88-116 б. қараңыз].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет