344
қарағанда), оларды қатал, «барьерлі» деп есептейді (З.А. Нолиу, Л.Б.
Филонов).
Студенттердің педагогикалық қарым-қатынастарына жҥргізілген
зерттеулер тек қана педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің қиындықтарының ӛзгешелігін ғана емес, сондай-ақ осы
қиындықтардың біріншіден, бесінші курсқа дейінгі ӛзгеру динамикасын
да айқындауға мҥмкіндік берді.
Әлеуметтік бағдарланған оқу-
педагогикалық қарым-қатынас жағдайында студенттер жҧртшылық
алдына шығып сӛйлеуге ҥйренбегендіктен (49%), болып жатқан
жағдайлардың қалайша болуы керектігі жӛніндегі ішкі тҥйсігінде
қалыптасқан елеске сәйкес келмеуінен, бҧрын табиғи болған
қимылдарының, қозғалыстарының, жалпы мінез-қҧлығының қысылшаң-
дығының салдарынан қиындықтарды сезінеді (71%) [176].
Л.А. Поварницына тарапынан студенттер қарым-қатынасындағы
қиындықтардың алты тобы бӛлінген. Біріншісіне студенттердің ӛзін
қалай ҧстауды, не айту керектігін білмеулерімен байланысты
қиындықтар жатады. Екінші топтағы
қиындықтар қарым-қатынас
серігінің тҥсінбеушілігінен туындайды, яғни қарым-қатынастың ӛзіндік
перцептивті жағының жеткіліксіз қалыптасуынан. Ҥшінші топ,
сӛйлеушінің қарым-қатынас серігінің тҥсінбеуі және қабылдамауынан
туындаған қиындықтар қҧрайды. Тӛртінші топтағы қарым-қатынас
қиындықтары сӛйлеуші басынан кешіретін қысылу, ыңғайсыздану,
сенімсіздік сезімдерімен шартталған. Бесінші топ қиындықтары
серігіне
қатысты риза болмау, тіпті ашулануды бастан кешірумен
байланысты. Алтыншы топ адамның жалпы қарым-қатынасқа риза
болмауымен байланысты қиындықтарды қамтиды. Осы негізде автор
студенттердің тҥрлі әлеуметтік салалардағы, курсқа (біріншіден
ҥшіншіге дейін) және тағы басқа факторларға байланысты қарым-
қатынас жасау ерекшеліктерін талдайды. Ҥлкендермен
араласқанда
студенттер қарым-қатынас серігін тҥсінбеу қиындығына сирек
кездесетіні (14,2 %) және де ӛзін қалай ҧстауды, қарым-қатынас пәнін
білмеумен байланысты қиындықтармен жиірек (29,6 %) кездесетіні
кӛрсетілген. Студенттердің қҧбылыстармен қарым-қатынасында екінші
және ҥшінші топ қиындықтары жеңілірек ӛтіледі. Бірінші курстан
ҥшінші курсқа ӛту
шамасына қарай ата-аналарымен, туыстарымен
қарым-қатынас жасау қиындықтары сақталады, ал танымайтын
адамдармен араласуда қиындықтардың кҥрт тӛмендеуі байқалады.
Қарым-қатынастағы,
іс-әрекеттегі
қиындықтардың
негізгі
аймақтарын талдау, олардың қарым-қатынас жағдайының ӛзін
ӛзгертетінін
кӛрсетеді.
Іс-әрекеттің
қарама-қарсы
мақсаттары,
345
қызығушылықтары, позициялары, қҧралдары, тәсілдері тҥйісе отырып
қақтығысты
тудырады, оны тек психологияның арнайы салалары ғана
емес, сондай-ақ қақтығыстану сияқты тҧтас ғылымды зерттейді және де
қызығушылық танытқан оқырмандарды соған сілтейміз. Осы жерде
атап ӛтуді ӛқажет ететін жағдай - топтық ӛзара әрекеттесуде қақтығыс
қарама-қайшы
шешімдердің,
стратегиялардың,
қҧралдар
мен
тәсілдердің тҥйісуі, проблемалық ситуацияны жасай отырып, біріккен
(топтық) субъекттердің интеллектуалдық белсенділігін жоғарлатады.
Мҧндай қақтығыс субъекттердің ӛздерінің бағалау деңгейіне ӛтіп
кетпеуі және сӛздің тар мағынасында жағымсыз тҧлға аралық болып
кетпеуі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: