И. А. Зимняя педагогикалық психология


«Білім беру» ұғымының жалпы әдіснамалық мағынасы



Pdf көрінісі
бет27/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

«Білім беру» ұғымының жалпы әдіснамалық мағынасы 
Білім беру дәстҥрлі тҥрде адамның ӛз ӛн бойына, ӛз бейнесіне 
ҧқсасты қҧру ретінде анықталады. Бҧл анықтамада терең діни мағына да 
болуы және бҧл ҧғымды ақсҥйектік мәдени-тарихи тҧрғысынан 
тҧжырымдау болуы мҥмкін. «Білім беру» деген ҧғым ӛзінің бастамасын 
ежелгі орта ғасырлардан алады, ол «бейне», «Қҧдай бейнесі» 
ҧғымдарымен байланысады. Адам Қҧдайға ҧқсатылып жаратылған және 
бҧл бейнені тҥсіну, оған жету, сол бейнені ҧстану білім беру ретінде 
(қазір де православты христиандар дінінде) тҥсіндірілген. Адамның ӛзі 
қҧндылық болған Қайта ӛрлеу дәуірінен бастап білім беру адамның 
ӛзін-ӛзі дамыту, мәдениетке тартылу, оған ену, басқа адамдармен 
қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарастырылады. Білім беру ӛз 
бейнесін, тҧлғасын жасаудың қҧралы бола бастайды. Бҧл жағдайда 
мәдениет бейнесі білім беруде қолданылатын мазмҧнға, ҧйымдастыру 
мен әдістерге тҥседі. К.Д. Ушинский негізгі әдіс – «сократтық» әдіс, 
сҧрақтар қою әдісі, әдістің бҧл тҥрі оқушыларға ой қозғау барысында 
жауапты ӛздері табуға мҥмкіндік береді.  
Еуропада, Ҧлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education 
терминінің (образование дегенді білдіреді) «образ» деген тҥбірі жоқ, 
алайда білім беру процесіне қатысушылардың ӛзара әрекеттесуінің 
барлық аспектілерін қамтып, ол мазмҧны бойынша кең ҧғым болып 
табылады. Сол себепті білім беру оның мәденисәйкестілігіне 
байланысты 
қоғамның 
әлеуметтік-мәдени 
қҧндылықтарын 
интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие берудің ӛздерін 
қосады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие берудің ӛзара байланысы бҧл 
процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де 
ажыратылмайды, - деп Л.Н. Толстой еркше атап ӛткен. Білім бермей 
тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар» 
[214, 409 б.]. Бҧл ойды XVIII ғ. аяғында И.И. Бец ерекше атап ӛткен. 
Соған сәйкес, білім беру шын мәнінде сырттан басқарылатын ӛзін-ӛзі 
оқыту болып табылып, яғни мәдениет бейнесі және оны ҧдайы ӛндіру 
бойынша «МЕН» бейнесін жасау ҥш ӛзара байланысты тҧрғыдан 
қарастырыла алынады: білім беруші жҥйе; «жастардың қазіргі заманда 
білім беру» немесе нақты адамға білім беру, оның білімділігін назарға 
ала отырып, осы процестің жеке немесе ҧжымдық нәтижесі ретінде 
қарастырылады.


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет