И. А. Зимняя педагогикалық психология


Білім беру нәтиже ретінде



Pdf көрінісі
бет30/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Білім беру нәтиже ретінде
Білім беру нәтиже ретінде екі тҧрғыдан қарастырыла алынады. 
Біріншісі – бҧл нақты білім беру жҥйесі арқылы алынатын және білім 
беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі 


53 
замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын аяқтау 
ҥстіндегі адамның сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын 
талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмҧны бҧл әлеуметтік мәдени 
тәжірибенің идеалды формада сақталынатына әлеуетті қол жететін 
кӛрінісі екені мәлім.
Екінші тҧрғыдан білім берудің нәтижесі бҧл белгілі бір білім 
беруші жҥйеде оқытудан ӛткен адамның ӛзі. Интеллектуалды, тҧлғалық, 
мінез-қҧлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның 
тәжірибесі оған осы енгізде кез-келген жағдайда адекватты әрекет 
жасауға мҥмкіндік береді. Бҧл тҧрғыдан білім берудің нәтижесі 
білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмҧнды бола 
алады. Осылайша, мектеп тҥлектің жалпы білімділігін қалыптастырады. 
Кез-келген жоғары оқу орнының тҥлегі осы негізде аранайы кәсіптік 
білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жҥйелі білім 
беру ӛмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге 
қабілеттілік және ӛзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі
беталыстары мен психологиялық принциптері
Жоғары білім беру психологиясы проблемаларының жетекші
зерттеушілерінің бірі А.А. Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды 
ажыратады, олар қазіргі уақытта әртҥрлі дәрежеде да ӛз кӛрінісін табуда 
және бҧл кӛріністер ХХ ғасырдың аяғына дейін орын алмақшы [40].
Бірінші беталыс – білім берудің әрбір деңгейін ҥздіксіз халықтық 
білім беру жҥйесінің қҧрамдас бӛлігі ретінде ҧғыну. Бҧл беталыс тек 
қана мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық 
проблемасын шешуді ҧйғарады, сонымен қатар ол студенттердің 
кәсіптік дайындығын кӛтеру міндетін шешуді ескере отырып, жоғары 
оқу орны мен студенттердің болашақ ӛндірістік қызметінің арасындағы 
сабақтастық проблемасын шешуді ҧйғарады. Бҧл, ӛз кезегінде 
студенттердің оқу іс-әрекеттерінде ӛндірістік жағдайларды модельдеу 
міндетін қойды, ол барып оқытудың жаңа тҥрі – белгілік-контекстік 
оқытуды (А.А. Вербицкий бойынша) қалыптастырудың негізіне 
салынды.
Екінші беталыс – оқытуды индустрализациялау, яғни оны 
компьютерлендіру 
және 
онымен 
бірге 
жҥретін 
оқытуды
технологизациялау, ол қазіргі замандағы қоғамның интеллектуалдық 
әрекетін іс жҥзінде кҥшейтуге мҥмкіндік береді.


54 
Ҥшінші 
беталыс 
– 
басымды 
ақпараттық 
формалардан 
проблемалық элементтерді, ғылыми ізденісті, оқушылардың ӛз бетімен 
жҧмыс істеу қорын кеңінен пайдалануды енгізу арқылы оқытудың 
белсенді әдістері мен тҥрлеріне кӛшу. Басқа сӛзбен айтқанда, бҧл А.А. 
Вербицкийдің салыстырамалы тҥрде айтқаны бойынша, «ҧдайы ӛндіру 
мектебінен» «тҥсіну мектебіне», «ойлау мектебіне» кӛшу беталысы.
Тӛртінші беталыс А.А. Вербицкий бойынша, «оқу-тәрбие беру 
процесін ұйымдастырудың қатаң тәртіппен бақыланушы алгоритм-
делген әдістерінен және осы процесті дамытушы, белсендендіруші, 
жылдамдатушы, ойындық әдістеріне ауысудың психологиялық-
дидактикалық шарттарын шарттарын қарастырумен...» байланыс-
тырылады. 
Бесінші және алтыншы беталыс оқушы мен оқытушының ӛзара 
әрекеттесуін ҧйымдастыруға қатысты және оқытуды ҧжымдық, 
оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ҧйымдастыру қажеттілігін атап 
ӛтеді, бҧл жерде ерекше назар «оқытушының оқыту әрекетінен 
студенттің танымдық әрекетіне» ауысады.
ХХ жҥзжылдықтың аяғында білім берудің жалпы жағдайындағы
ӛзгерістердің беталыстары оны әлемде және Ресейде реформалаудың 
жалпы принциптерімен дәлме-дәл келді. Бҧл принциптердің орта білім 
беруге сәйкес тҧжырымдалғанына қарамастан [94], білім беру жҥйесінің 
барлық деңгейлеріне, барлық білім беруге таратылады [202, 33-37 б.]. 
Бҧл келесі негізгі принциптер:

қоғамның барлық тәрбиелеуші кҥштері, ӛсіп келе жатқан 
ҧрпақты 
тәрбиелеу 
мақсатында 
мектеп 
пен 
басқа 
арнайы 
институттардың бірлігі;

адамгершіліктендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік 
қҧндылығы ретіндегі әрбір бала тҧлғасына кӛңіл аударуды кҥшейту, 
жоғары интеллектуалдық, адамгершіліктік және физикалық қасиеттері 
бар азаматты қалыптастыруға бағдар беру;

жіктеу және жекелеу, әрбір оқушының қабілеттілігін толық 
анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;

демократтандыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігі, 
бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту ҥшін алғышарттар 
қҧру, оқушылар мен мҧғалімдердің қызығушылықтарынан туған ӛзара 
әрекеттесуі, жҧртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.
Осы принциптерді жҥзеге асыру білім беру жҥесінің ӛзінің бет 
бейнесінің, оның мазмҧны мен ҧйымдастырушылық формасының 
ӛзгеруін ҧйғарады, ол ҧлттық мектепті дамытуда аса толық кӛрініс 
тапты [21]. «Жалпы және орта білім беру тҧжырымдамасына» - ВНИК 


55 
«Школа-88» негізделген осы жобаға сәйкес, білім беруді 
реформалаудың негізінде келесі базалық принциптер жатыр: білім 
беруді демократтандыру, оның кӛп вариативтілігі, аймақтандырылуы, 
мектептің ҧлттық ӛзін-ӛзі анықтауы, білім берудің айқындылығы, білім 
беруді адамгершіліктендіру, оның жіктелінуі және мобильділігі, оның 
әрекеттік сипаты, білім берудің ҥздіксіздігі.
Білім беруді реформалаудың осы принциптері ЮНЕСКО 
материалдары бойынша шолу жасасақ, әлемдік қауымдастықтағы білім 
беру жҥйелерін реформалаудың негізгі бағыттарына жатады 
(«Образование в целях обновления, развития, в интересах демократии», 
1990). Бҧл бағыттарға: білім беруді жалпы планеталық жаһандандыру 
және адамгершіліктендіру; оқыту мазмҧнын мәденитанушылық 
әлеуметтендіру және экологтандыру; білім беру технологиясында 
пәнаралық интеграциялау; білім берудің ҥздіксіздігіне бағдарлану; оның 
дамытушы және азаматтық міндеттері. Ҧлттық ресейлік мектепті 
дамыту жобасында білім берудің тәрбиелеуші сипаты арнайы ерекше 
аталынып ӛтеді: «Жеке және ӛте маңызды мәселе - азаматтылықты, 
дербестілікті, жеке жауапкершілікті, қоғамға қызмет ету 
құндылығын түсіну, демократтық қоғам құру проблемаларын шешуде 
ынтымақтастықты тәрбиелеу» [21, 14 б.].
Білім берудің қарастырылған принциптері мен бағыттары 
демократияландыру, жаһандандыру, аймақтандыру, полярландыру, 
маргиналдандыру
және кӛріністік
процестерінде
қазіргі замандағы 
әлемнің ғаламдық беталыстарын айқындайды [190]. Білім беру 
кеңістігінде ӛзгеріп отыратын беталыстар әлемдегі ӛзгерістердің жалпы 
бағыттарын айқындайтыны мәлім және, керісінше, бҧл бағыттар білім 
беруде қалыптасып жатқан беталыстардың бейнесінің мәні
.
Әрине, 
білім беруде болып жатқан ӛзгерістер ғылыми қабылдау, жалпылауда 
және жалпы тҧрғыдан – оқыту теориялары мен оның негізгі 
бағыттарында кӛрінісін тапты және әлі де тауып жатыр. Бҧл ӛзгерістер 
қоғам тарапынан да адамның психикалық дамуының негізгі 
психологиялық принциптерін тҥсінуін кӛрсетеді, олар «білім беруді 
қҧру» барысында ескерілуі қажет. Осындай принциптердің жҥйесіне 
В.П. Зинченко дамудың шығармашылық сипатын, дамудың әлеуметтік 
мәдени контексінің жетекші рӛлін; дамудың сенситивтік кезеңдерін; 
бірлесіп әрекеттесу және қарым-қатынас жасау; жетекші қызмет пен 
оны ауыстыру заңдылықтары; жақын арада даму зоналарын анықтау; 
бала дамуның ҥдетуі; балалық дамудың барлық сатыларының 
қҧндылығының мәңгілігі; аффект пен интеллекттің бірлігі (белсенді 
қызметкер принципі); белгілік-символикалық қҧрылымдардың әсер ету 


56 
рӛлі; интериоризация мен экстериоризация және дамудың бірқалып-
сыздығы (гетерохронность) [77, 246-252 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет