227
сақтауға бейім, оған қайта жаңалау , қайта комбинациялау ӛте қиын...
Жоғары сынып оқушысында ол үшін барлық мүмкіндіктер бар, егерде
олар жүзеге асырылмаса, оған тек оқытудың ұйымдастырылуындағы
кемшіліктер кінәлі»
[ 194, 2т., 92 б.]. Меңгеру механизмі тасымал болып
табылады, оның ішкі механизмі – жалпылау (С.Л. Рубинштейн, Е.Н.
Кабанова-Меллер, Д.Н. Завалишина). жҥргізілген зерттеулерде оқыту
процесінде жалпылау ҥш желіс бойымен жҥретіні кӛрсетілген: әрекет
принципін, бағдарламасы мен тәсілін жалпылау. Егерде әрекет
принципін жалпылау оқушының негізгі ережені, заңдылықты, әрекеттің
негізгі стратегиясын тҥсінуі болса, онда тәсілді жалпылау оның жҥзеге
асырылу жолын тҥсіну болады. Бағдарламаның ӛзі әрекеттердің
бірізділігі болып табылады. Оқу іс-әрекетінде, олай болса,
жалпылаудың ҥш қҧраушылары да ӛңделуі тиіс.
Меңгеру тағы да білімдердің ӛзектелуге дайындығымен
(жеңілдігімен) және олардың толықтығымен, жҥйелілігімен сипаттала-
ды. Меңгерудің маңызды сипаттамасы оның кӛрсеткіші ретінде әрекет
болатындығы, әрекеттің сипаты меңгерілгендігін растайды. Басқаша
айтқанда, әрекет сипаты меңгерудің барлық сипатын куәләндырады.
Сондықтан, соңғылар тек тікелей ғана емес, әрекет арқылы жанама да
болады.
Достарыңызбен бөлісу: