Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 433.78 Kb.

бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі433.78 Kb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің 

мазмұны мен түрлері 

 

Әдістемелік құрал



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  

2013 


 


Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама). 

 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  мектеп 



және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – 

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 б. 

 

 

Бұл  әдістемелік  құралда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 



қалыптастырудағы  мектеп  және  отбасының  өзара  іс-әрекетінің  мазмұны  мен 

түрлері қарастырылған, отандық және шетелдік тәжірибе талданып, әдістемелік 

ұсыныстар берілген. 

Әдістемелік  құрал  мектеп  басшылары  мен  мұғалімдерге,  педагог-

зерттеушілерге, ата-аналарға арналған. 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 

 

                                                                     © 

Ы.Алтынсарин атындағы  

                                                                         

Ұлттық білім академиясы, 2013 

 


Кіріспе 

 

Қазақстан  күн  сайын  қарқынды  дамып  келеді  және  ұлттың  зияткерлік 

әлеуетін  қалыптастыруға  батыл  қадам  жасап  отыр.  Елдің  білім  беру  жүйесі 

терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыру  –  білім  беру 

процесінің  негізі  болып  табылады.  Қазақстанда  кеңестік  кезеңнен  кейінгі 

кеңістікте  алғаш  рет  2012-2016  жылдарға  арналған  функционалдық 

сауаттылықты  дамытудың  Ұлттық  іс-қимыл  жоспары  дайындалды,  онда 

оқушылардың  құзыреттілік  біліктерін,  алған  білімдерін  шынайы  өмірлік 

жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1]. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның 

әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  жиырма 

қадам»  атты  мақаласында  стратегиялық  жаңғырту  барлық  саланы,  сонымен 

қатар,  білімді  де  түрлендіруді  қажет  ететінін  атап  көрсетті  [2].  Осы  орайда, 

өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  бес  жылдық 

Ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  қабылдау  бойынша  нақты  міндеттер  Мемлекет 

басшысының  2012  жылдың  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді 

[3]. 


Ел  үшін  маңызды  осы  стратегиялық  міндеттерді  шешу  жағдайында 

тұлғаның  ынталылығы,  шығармашылықпен  ойлауы  мен  дәстүрлі  емес  шешім 

қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы

 

– 



оның  басты  функционалдық  қасиеттері  болып  табылады.

 

Аталған 



функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.  

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасында  анықталған,  басты  мақсаттардың  бірі  –  жалпы 

білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі 

және  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның 

табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру 

болып табылады [4]. 

«

Функционалдық  сауаттылық»  түсінігі  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  60-



жылдарының  соңында  ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды  және  кейінірек 

қолданысқа енді. 

Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның 

көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану 

амалын  көрсетеді.  Заманауи  әлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  іс-әрекетіне,  сол  сияқты  өмір 

бойы  білім  алуға  белсенді  түрде  атсалысуына  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың бірі болып табылады. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  балаларды  оқыту 

мен  тәрбиелеу  процесіндегі  маңызды  фактор  –  ата-ананың  белсенді  рөлі 

 


екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) – 15 жастағы 

жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами 

іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас 

пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу 

қабілеттерін  бағалау)  зерттеулерінде  үнемі  көшбасшы  елдер  қатарынан 

табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік 

Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр. 

«Отбасы»  ұғымына  –  отбасы  тәрбиесіндегі  функционалдық  сауаттылық, 

ата-аналардың  саналылығы,  тәрбие,  тәрбиенің  бірізділігі,  отбасы  құрылымы, 

отбасының  жіктелуі,  тәрбиенің  оң  тәжірибесі,  құқық,  заң,  құқықтық  тәрбие, 

тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады. 

Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, 

отбасы  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлері,  баланың  отбасына  құқығы,  қарашаңырақ, 

шежіре,  әке  және  ана,  әкенің  және  ананың  беделі,  ата-ана  махаббаты  мен 

қамқорлығы,  баланың  отбасында  қорғалғандығы,  қарттарға,  кішілерге, 

науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады. 

Отбасы  бала  бойында  балалық  кезеңнен  адамгершілік  құндылықтарды, 

парасатты  және  тиімді  өмір  дағдыларын  құру  бағытын  қалыптастыруы  тиіс. 

PISA-2009 

зерттеуі  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіне  ата-аналардың 

қатысуы  функционалдық  сауаттылық  деңгейіне  оң  әсер  ететінін  көрсетті. 

Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға 

бағытталған  шаралардың  тұтас  жүйесін:  қамқоршылық  кеңесін,  ата-аналар 

қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.  

Ғылыми,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттер  және  жалпы  білім 

беретін  мектептер  мен  отбасы  жұмысының  заманауи  өзара  іс-әрекеті 

практикасының  талдауы  көрсеткендей,  көптеген  педагогтар  ата-анамен 

байланыстың  мазмұны,  түрлерін  және  әдістерін  жеткілікті  дәрежеде  толық 

меңгермеген.  Бір  жағынан,  бұл  міндетті  тиімді  шешуде  ата-анаға  тиісті 

педагогикалық  білім  жетіспейді.  Отбасы  және  мектеп  іс-әрекетінің  жеткілікті 

түрде  үйлеспеуі  ата-аналардың  тәрбие  түрлері  мен  әдістерін  тиімді  жүзеге 

асыруға  даяр  болмауынан  көрінеді,  мектеп  тарапынан  оқушыларда 

функционалдық  сауаттылықты  қалыптастырудағы  әрекетінің  нәтижелілігін 

төмендетеді. 

Екінші  жағынан,  мектептің  отбасымен  әрекеттілігін  қалыптастырудағы 

әкімшілік  және  ағартушылық  көзқарастары  отбасы  әрекетін  шектейді, 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  әлеуетін 

ашпайды.  Оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  айтарлықтай  арттыру 

мүмкіндігі  мектеп  пен  отбасының  бала  тәрбиесіндегі,  ұлттық  құндылықтар 

басымдығын  қамтамасыз  етудегі  отбасы  және  мектептің  бірлескен  жұмысын 

ұйымдастырудағы  субъектілік  принциптерін,  іс-әрекеттік  және  құзыреттілік 

тұғырын  жүзеге  асырудағы  мектеп  пен  отбасы  әрекеттерінің  өзара  кірігуінде 

болып табылады.  

 



 



Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  мәселелерін  зерттеу 

әдіснамасы 

 

Қоғам  дамуының  заманауи  кезеңінде  постиндустриалдық  әлемдегі 

өзгерістерге  тез  бейімделетін  адамдар  қажет.  Жаңа  жағдайларда  мектептегі 

оқыту  процесі  «өмір  бойы  оқыту»  тұжырымдамасын  жүзеге  асыруға  ықпал 

ететін  құзыреттерді  дамытуға  бағдарлануы  тиіс.  Құзыреттілікті  дамытудың 

алғышарты  ретінде  белгілі  бір  функционалдық  сауаттылық  деңгейдің  болуын 

атауға болады.  

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін 

дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, 

талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады.  

Функционалдық  сауаттылық,  яғни  «адамның  өмірдің  және  іс-әрекеттің 

түрлі  саласында  қолданбалы  білім  негізінде  қалыпты  тіршілік  міндеттерін 

шешу қабілеті» – осы процестің өзегі болып саналады [5, 27].  

Осыған  орай,  білім  беру  ұйымдарындағы  оқыту  процесі  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталуы  тиіс.  Пәндік  талаптарды 

жеке  пәндердің  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкін  болса,  білім  берудің 

тұлғалық  және  метапәндік  нәтиже  талаптарын  мектептің  негізгі  білім  беру 

бағдарламасына  енетін  барлық  оқу  пәндері,  курстары  және  модульдерінің 

бірлескен және келісілген әсері арқылы жүзеге асыруға болады.  

Отандық және  шетелдік  білім  беру  теориясы  мен практикасына  жүргізген 

зерттеулер  көрсеткендей,  мектеп  және  отбасы  өзара  іс-әрекетінің  көптеген 

аспектілері  зерделенген,  мектеп  −  отбасылық  қатынастардың  тиімді  дамуына 

кедергі келтіріп отырған себептер анықталған, проблемаларды шешудің тиімді 

жолдары (Х.А.Арғынбаев, Н.Н.Архангельская, К.Т. Атемова, С.В.Дармодехин, 

Е.Г.Замолоцких,  М.  Кабакова,  И.А.  Корнилко,  К.К.Құнантаева,  И.Н.Миняйло, 

Е.С.Муляр, О.А.Перегудова, Г.В.Сабитова және т.б.) іздестірілуде. Мектеп пен 

отбасында тәрбие берудің (Ш.А. Амонашвили, С.Г. Вершловский, Г.Н. Волков, 

Н.В.  Бордовская,  Қ.Б.  Бөлеев,  Қ.Б.  Жарықбаев,  Л.Н.  Ибраимова,  С.Қ.  Қалиев, 

К.Ж.  Қожахметова,  И.С.  Кон,  Ә.Т.  Табылды,  С.А.  Ұзақбаева  және  т.б.), 

құзіреттілік бағыт әдіснамасының (В.А. Болотов, М.Ж. Жадрина, А.К. Маркова, 

С.Д. Мұқанова, Ф.Ш. Оразбаева, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, 

А.В. Хуторской және т.б.) өзекті мәселері зерттелуде. 

Білім  сапасының  мәнін  ашу,  педагогикалық  квалиметрия,  оқушылардың 

білімдік  және  біліктік  сапасы,  оқушылардың  деңгейлік  тұрғыдан  білімділігі, 

білім  беру  сапасының  мониторингі  және  диагностикасы,  оқушылардың 

жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары 

көп көңіл бөлінуде.  

Өкінішке  орай,  білім  сапасын  бағалаудың  педагогикалық  және 

дидактикалық-әдістемелік,  мониторингтік  және  диагностикалық  зерттеулері 

жиі кездеспейді және сондықтан да көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмей 

отыр.  



 



Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары, 

біріншіден,  бағалау  қажеттілігін  (оқыту  сапасы  нәтижелері,  білім  беру 

стандарты,  оқушылардың  білімділік  деңгейі,  мектеп  түлектерін  даярлау 

сапасына  қойылатын  талаптар  проблемалары),  және  екіншіден,  бағалау  қалай 

жүзеге  асырылғанын  (бағалау  кезеңдері,  принциптері,  түрлері,  әдістері, 

құралдары)  айқындаудан  тұрады.  Соңғы  жылдары  оқытудың  теориясы  мен 

әдісінде  білім  беру  сапасын  бағалау  проблемасы  өзекті  сипат  алып  отыр. 

Мәселені  зерттеу  бұл  бағытта  мектеп  түлектерін  даярлау  сапасын  бағалау 

бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға 

қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру 

процесі  нәтижесінің  сапасын  бағалау  проблемасы  жағдайын  талдау 

қорытындысы  біздің  қоғамның  жаңа  әлеуметтік-мәдени  жағдайлары,  білім 

берудегі  бұрынғы  құндылықтар  мен  басымдықтардың  дағдарысы,  білім  беру 

жүйесінің  пәнді  оқыту  сапасын  бағалаудың  озық  үлгілері  мен 

технологияларына  көшуі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

бағалаудың  заманауи  теориялары  мен  әдістерін  құру  қажеттілігін  көрсетті. 

Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары: 

 

1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы;  



2)  нақты  әлеуметтік  жағдаяттарда  көрінетіндіктен,  тұлғаның  ахуалдық 

сипаттамасы болып табылады; 

 

3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты; 



 

4)  бұл  үнемі  дерлік  оқу  және  жазу  білігінің  кейбір  қарапайым  (базалық) 

деңгейі;  

5)  көп  жағдайда  халықтың  ересек  тобының  сапасын  бағалауда 

қолданылады;  

6) 


ең  бастысы  сауатсыздықты  жоюдың  жеделдетілген  тәсілдерін  іздеу 

проблемасымен  контексте  мағыналы.  С.А.  Крупник,  В.В.  Мацкевичтің 

пікірінше,  жеке  жағдайда,  мемлекет  өткеннің  орнын  толтыру,  басқа  елдерді 

басып  озу  қажет  болған  кезде  ғана  сауаттылық  проблемасы  (функционалдық 

сауаттылық)  өзекті  болады.  Сол  себепті,  функционалдық  сауаттылық  түсінігі 

қоғам  өмірінің  сапасын  (өзінше  мәдени  стандарт)  түрлі  елдердің  әлеуметтік- 

экономикалық  тиімділігін  салыстырудағы  бағалаудың  өлшем  бірлігі  ретінде 

қолданылады  [5].  Сонымен,  функционалдық  сауаттылық  –  оқу  және  жазу 

білігін  күнделікті  өмірде  қолдану  («мәтінмен  жұмыстың  әлеуметтік 

практикасы»).  Басқаша  айтқанда,  бұл  –  адамның  іс-әрекетін  оның  басылым 

сөзін  тұрмыста  қолдануымен  анықтайтын  сауаттылық  деңгейі  [6].  

А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды 

және  терең  түсінік  берді:  «Егер  формалды  сауаттылық  –  оқу  техникасының 

дағдылары  мен  біліктерін  меңгеру  болса,  функционалдық  сауаттылық  – 

адамның  осы  дағдыларды  нақты  мәтіннен  түсіну,  қысқарту,  тасымалдауға 

қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті» [7].  

Қ.А.  Байтажикованың  пікірінше,

 

білім  беру  қоғамның  экономикалық, 



әлеуметтік  және  рухани  прогресінің  факторы  ретінде  мемлекеттің  жалпы 

тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Білім  берудің  бұл  миссиясын  жүзеге 

 


асырудың  басты  шарттарының  бірі  өмір  сүру  сапасына  жаңа  қатынасты 

дамытуды көздейтін сауаттылық түсінігінің ауқымын кеңейту болып табылады. 

Бірқатар  дүниежүзілік  ұйымдар  (ЮНЕСКО,  ЮНИСЕФ  және  т.б.)  сауаттылық 

түсінігінің  жаңа  мәнін  ой  елегінен  өткізе  отырып,  оны  «өмірлік  дағдылар» 

түсінігімен  байланыстырады.  Жалпыға  мәлім  «Дакар  әрекет  ету  шеңберінде» 

жалпыға  білім  берудің  (ЖББ)  алты  мақсаты  анықталған,  бұл  адамның  бүкіл 

өмір  бойы  қоғамның  әр  мүшесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  және  өмір  сүру 

қабілетін қамтамасыз ететін сауаттылықтың мәнділігін дәлелдейді.

 

Оқушылардың  п



әндік  білімдеріне,  ептіліктеріне  және  дағдыларына  (БЕД) 

сүйене  отырып,  оқу  пәндері  арқылы  функционалдық  сауаттылықты  дамыту 

үдерісі  ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  негізінде  жүзеге  асады  (1-сурет). 

Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде 

берілген  пәндік  БЕД  жатады,  ал  ұйымдастыру  формасына  –  проблемалық 

жағдайлар  жатады.  Осыған  байланысты,  ойлау  дағдыларының  өзі  БЕД-тердің 

құзыреттілікке  көшуінің  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  яғни  олардың 

функционалдық сауаттылығы [8].  

 

 

 



1-

сурет ‒ Функционалдық сауаттылық мазмұны 

 

А.К.  Рауандина  «функционалдық  сауаттылық»  ұғымына  қатысты  жүргізілген 



зерттеулер  бүгінгі  күні  отандық  және  әлемдік  ғалымдардың  еңбектерінде 

«функционалдық  сауатгылық»  ұғымын  қолдануда  бірізділік  жоқ  екенін  көрсетті 

деп санайды. 

 



Білім  берудегі  сауаттылық  мәселесі,  біріншіден,  нақты  бір  елдегі  халықтың 

әлеуметтік  жағдайына,  екіншіден,  мемлекеттің  экономикалық  дамуына, 

үшіншіден,  елдегі  мәдени  ахуалға  тәуелді  болатындығы  айқын.  Бүгінгі 

өркениеттің  даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының  мазмұны 

мен  оны  түсінудің  сара  жолдарын  іздестіруді  қажет  етіп  отыр.  Ғылыми 

еңбектерде  сауаттылық  ұғымының  белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің 

грамматикалық  нормаларына  сай  оқу,  дұрыс  жаза  алу  дағдыларын  игеру  екені 

байқалады.  Әйтсе  де  адамның  өмір  сүруіне  қажетті  деп  танылып,  меңгеруге 

ұсынылған  бастауыш  мектеп  деңгейіндегі  белгілі  бір  білім,  білік  пен 

дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік 

сауаттылық  қазіргі  кездегі  әлеуметтік  сұраным  талаптарымен  сәйкес  келе 

бермейді. 

Ғалым  мектептік  білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына  орай  өзіміздің 

ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін 

«Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [9]. Мектеп түлектерін өмірде 

болып  жатқан  өзгерістерге  дайындау  және  білім  беруді  заман  ағымына  сай 

өзгерту  мақсатында  оқытудың  түпкі  нәтижесі  ретінде  оқушылардың  игерген 

құзыреттіліктері алынған (2-сурет). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



2-

сурет ‒ Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері 

 

Оқушылардың қатысымдық, 



ақпараттық, проблемалардың 

шешімін табу 

құзыреттіліктерінің бірлігі 

Оқушылардың білім, білік, 

дағдыларының 

құзыреттілікке ұласу жолы 

Оқушылардың сыртқы 

ортамен қарым-қатынас 

жасау қабілеті 

Оқушылардың өзгермелі 

өмірге бейімделуінің 

шарты 


Оқушылардың 

әлеуметтік дағдыларын 

дамытудың негізі 

Оқушылардың жеке бас 

қабілеттерін дамытудың 

тетігі 


Оқушылардың 

әлеуметтік-мәдени 

дамуының өлшемі 

 



Р.Н. Бунеев айтқандай, оқытудың соңғы нәтижесі – «өмір бойы алған білім, 

білік және дағдыларының барлығын адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы және 

әлеуметтік  қатынастарының  түрлі  шеңберінде  өмірлік  міндеттердің  барынша 

кең өрісін шешуде қолдануға қабілетті» тұлға – «функционалды сауатты тұлға 

тәрбиелеу» болуы тиіс [10].  

Мұндай түсіндіруде функционалдық сауаттылық тек негізгі құзыреттіліктің 

синониміне  ғана  емес,  өзінше  «жарқын  болашақтың  кезекті  құрылысшысы 

кодексіне»  айналғанын  байқау  қиын  емес.  «Функционалдық  сауаттылыққа» 

бағдарлану  кәдімгі  практикалық  жағдаяттарда  оқушыларда  қарапайым  іс-

әрекеттерді орындау білігін (несие төлеуде пайыздарды есептеу, өз өмірбаянын 

жазу,  топта  ағылшын  тілінде  келіссөздер  жүргізу,  өзі  және  отбасы  үшін 

салауатты өмір салтын ұйымдастыру, қандай да бір саяси жағдайларды дұрыс 

бағалау  және  т.б.)  қалыптастыру  білім  беру  процесінің  шамадан  тыс 

бағытталуына  алып  келуі  мүмкін,  яғни  мектептегі  білім  беру  мақсатын 

принципті  түрде  тым  қарапайым  етуі  және  интеллектуалды  дамыған  тұлға 

қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін. 

Мысал  ретінде  оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын 

қарастырайық. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – бұл тек білім беру ғана 

емес, сонымен бірге, көп жағдайда, қоғамның ғылыми және инновациялық іс-

әрекетті  қолдау  қабілетімен  қатар,  мәдени  деңгейін  көрсететін  азаматтық 

сипаттама.  Қазақстан  Республикасында  технологиялық  жаңғыртуды  жүзеге 

асырудағы халықтың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығына деген қажеттілік 

ғалымдар, конструкторлар, инженерлерге деген қажеттілікпен бірдей дәрежеде 

деп айтуға болады. 

Дегенмен,  PISA  халықаралық  зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей  [5], 

оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын  қалыптастыруда 

еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз. 

Тұжырымдалған  ойлардан  байқағанымыздай,  жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылық  құзыреттіліктері  мен  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартының  (МЖБС)  метапәндік  білім  беру  нәтижелері  жаңа  жалпыланған 

сапаны  таза  пәндік  білімдер  және  біліктермен  салыстыра  сипаттайды, 

сондықтан  жаратылыстану-ғылыми  пәндерді  оқытуда  қандай  да  бір  ортақ 

тәсілдерді  қолданғанда  ғана  бұл  нәтижелерді  күтуге  болады.  Өз  кезегінде 

метапәндік  жаратылыстану-ғылыми  біліктерді  (зерттеуші  рәсімін  қолдану, 

модельдердің  көмегімен  құбылыстарды  түсіндіру,  деректердің  талдауы 

негізінде қорытындылар жасау) меңгеру – таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай 

шешуге мүмкіндік береді.  

В.Н.  Максимованың  ұйғаруынша,  пәнаралық  біліктер  –  бұл  «оқушының 

ұқсас  пәндерден  білім  және  біліктерді  тасу  және  жалпылау  процесінде 

байланыс орнату мен меңгеру қабілеті» [11, 42]. 

Оқушылардың  практикаға  бағдарланған  оқытуын  ұйымдастырудың 

дидактикалық  шарты  ретінде  пәндердің  өзара  байланысының  жүзеге 

асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы 

 



біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) 

қолдануға ықпал ететінін атап өту керек. 

Сондықтан,  пәнаралық  мазмұнның  міндеттерін  де  өмірлік  маңызды 

міндеттер және проблемалар ретінде қабылдау қажет. А.В.Усованың пікірінше 

[11, 

63],  оқушыда  есепті  шығарудың  жинақтау  білігі  қалыптасуы  қажет.  Ол 



нақты тақырып бойынша есеп шығару кезінде қалыптаса бастайды, сонан кейін 

ол  жинақталады  және  жинақталған  құрылым  нақты  мазмұнмен 

толықтырылады. 

Осыған  ұқсас  пікірді  Г.П.Стефанова  [11,  67]  да  білдірген.  Ол  есепті 

жинақтау  әдісімен  шешуді  меңгерген  оқушы,  дұрыс  үйреткен  жағдайда,  кез-

келген практикалық есептерді табиғи білімін пайдалана отыра, сауатты шығара 

алады деп есептейді. 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастырудың  тағы  бір  тәсілі  –

жаратылыстану-ғылыми пәндердің барлығы үшін ортақ оқу тапсырмаларының 

номенклатурасын  бөліп  көрсету.  Бұл  номенклатура  әр  пән  бойынша  оқу 

тапсырмаларының  барлық  түрін  қамтымайды,  бірақ  тікелей  жаратылыстану- 

ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған 

тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар: 

− 

жаратылыстану-ғылыми 



зерттеулердің 

(немесе, 

танымның 

жарытылыстану-ғылыми әдісінің) негізгі ерекшеліктерін түсіну; 

− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру 

немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі; 

− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді 

қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі. 

 

Осы негізгі үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың да үш тобын бөліп 



көрсетуге  болады.  Бұл  топтар  жинақталған  шартты  тараулардың  атаулары  да 

оқушы  тіліне  түсінікті,  олар  үшін  түрткі  болатын,  ынталандыратын  мағынада 

болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың бір тобын «Қалай тануға болады?» деп 

атауға  болады.  Бұған  енетін  тапсырмалар  ғылыми  танымның  әдісіне  жататын 

құзыреттіліктің  біріншісіне,  яғни  ғылыми  білім  алудың  тәсілдеріне  сәйкес 

келеді.  Бұл  тапсырмаларда  оқушыға  қандай  да  бір  фактілерді  белгілеу, 

физикалық  шамаларды  (өлшемдерді)  анықтау,  жорамалдарды  тексеру 

тәсілдерін  табу;  ұсынылған  проблеманы  зерттеу  жоспарын  жасау  ұсынылуы 

мүмкін. 

«Түсіндіріп  көр»  тапсырмасы  құбылыстарды  түсіндіру  және  сипаттау, 

процестердің  өзгерістері  мен  барысын  болжау  білігін  (құзыреттіліктердің 

ішіндегі  екіншісі)  қалыптастыратын  тапсырмалар  тобына  сәйкес  келеді.  Бұл 

біліктер  белгілі  бір  көлемдегі  ғылыми  білімге  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сол 

тілде  түсінік  немесе  сипаттама  берілетін  құбылыстардың  модельдерін 

операциялау қабілеттеріне сүйенеді.  

«Қорытынды  жаса»  сериясы  үшінші  құзыреттілікке  сәйкес  келеді  және 

қолда  бар  деректер  негізінде  қорытынды  жасау  білігін  қалыптастыратын 

тапсырмалардан  тұрады.  Бұл  деректер  сандар,  суреттер,  графиктер,  схемалар, 

диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген 

10 


 

деректердің  талдауы,  құрылымдық  түрленуі,  жинақтауы  қандай  да  бір 

заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды 

жасауға,  бағалауға  және  т.б.  мүмкіндік  береді.  Бұл  біліктер  көп  жағдайда 

формалды,  логикалық  іс-әрекетке  арқа  сүйейтіндіктен  құбылысты  түсіндіру 

білігіне  сәйкес  келмейтіндей  болып  көрінеді,  ал  түсіндіру  –  бұл  айтарлықтай 

дәрежеде эвристикалық әрекет. 

Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  қалыптастыру  міндеті  мен 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне 

қол  жеткізу  сабақтағы  оқу  әрекетінің  мазмұнына  және  мұғалімде  болуы  тиіс 

құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды. 

 

Осыған  сәйкес  сабақтың  материалы  да  жаратылыстану-ғылыми 



сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыратын осындай іс-әрекетті ұйымдастыру 

және  оқу  тапсырмаларын  құрастыру  үшін  «себеп  тудыруы»  тиіс.  Сонымен, 

шартты түрде сабақ мазмұнын өзінше ерекше тестілеуден өткізуге болады. Бұл 

тест  сұрақтарының  жалпы  мағынасы  төмендегідей.  Сабақ  мазмұны  бойынша 

нәтижелі сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру мүмкін бе? Басқаша айтқанда, 

сабақта  оқу  тапсырмалары  аясын  орындауда  қолдануға  болатын,  жоғарыда 

аталған  іс-әрекет  түрлеріне  сәйкес  келетін  тәсілдер  (формулалар,  модельдер, 

алгоритмдер) беріледі ме? 

Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  қалыптастыру  міндетін  ескере 

отыра тесттің түйінді сұрағын нақтырақ құрастырылған сұрақтар арқылы ашуға 

болады:  

1. Сабақтың мазмұны төмендегі сұрақтар арқылы тұжырымдауға мүмкіндік 

береді ме?: 

Баяндалған фактілер қалай алынды? ... екенін қалай білуге болады? 

... қатысты қандай болжам айтуға болады? 

Бұл болжамды қалай тексеруге болады? 

Мұндай  тапсырмалар  берілген  сабақтың  материалына  ғана  емес,  сонымен 

қатар, өткен сабақтарда ғылыми таным әдісін жүйелі түрде қолдануға сүйенуі 

тиіс. 

2. Сабақтың оқу материалы алынған білімді қолдану арқылы фактіні немесе 



құбылыстарды  түсіндіру  ұсынылған  сұрақтарды  тұжырымдау  мүмкіндігін 

береді ме? 

Ол үшін осы және осыған дейінгі сабақта фактілер мен құбылыстардың кей 

топтарын түсіндіруде қолдануға болатын ойдың (алгоритмдер) модельдері және 

схемасы қарастырылуы тиіс.  

3.  Сабақтың  оқу  материалы  бойынша  деректерді  талдау  және  қорытынды 

жасау тапсырылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкін бе? 

Ол  үшін  сабақта,  мысалы,  график  немесе  кесте  түрінде  ұсынылған 

өлшемдердің нәтижелері сияқты талдау үлгілері берілуі мүмкін.  

 

4.  Сабақтың  оқу  материалы  бойынша,  қандай  да  бір  проблемаға  балама 



көзқарастар  баяндалатын  немесе  түпкілікті  қорытынды  жасау  үшін  жетіспей 

тұрған факт көрсетілетін, пікірталас ұйымдастыру мүмкін бе? 

11 

 


Пікірталас  ғылыми  жетістіктерді  (зерттеушілік,  инновациялық  аспектілер) 

қолдану  мүмкіндігіне  қатысты,  сол  сияқты  этикалық  және  экологиялық 

аспектілерді қозғауы мүмкін. 

Бұл  тестіден  жекелеген  сабақтар  ғана  емес,  тұтас  сабақтар  блогы 

толығымен өтуі тиіс, бірақ әрбір сабақтың дерлік мазмұны осы шартты тесттің 

кем дегенде бір сұрағына оң жауап беруі қажет екені түсінікті. 

Мұғалім 

оқушылардың 

жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылығын 

қалыптастыру  міндетін  қойған  кезде  оның  құзыреттілігіне  де  қойылатын 

талаптар туындайды. 

Біріншіден,  мұғалім  өзі  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  құрайтын 

құзыреттіліктерді игеруі тиіс, ал ол көп жағдайда орын ала бермейді. Тек осы 

жағдайда  ғана  ол  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  оқу  процесінде 

мақсатты  түрде  қолданады,  тіпті  өздігімен  осындай  тапсырмаларды  әзірлей 

алады.  

Екіншіден, мұғалім оқушылардың жоғарыда аталған нәтижелі іс- әрекетінің 

ұйымдастырушысы  (немесе  үйлестірушісі)  болуы  тиіс.  Бұл  оның 

педагогикалық құзыреттіліктеріне белгілі бір талаптар қояды.  

Талаптардың  осы  екі  түрі  жаратылыстану-ғылыми  пәндер  циклі 

мұғалімдері дайындығының да, сонымен қатар біліктілігін арттыру мазмұнын 

да анықтайды. 

 

Сонымен, 



талаптардың 

бірінші 


түрі 

(жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылықты  меңгеру)  шындығында,  белгілі  бір  деңгейде  мұғалім  ғалым- 

зерттеуші  біліктілігін  меңгеруі,  яғни  өзінің  кәсіби  даярлығы  кезінде 

(біліктілігін  арттыруымен  бірге)  жаратылыстану  ғылымдары  саласында 

зерттеушілік  қызмет  тәжірибесін  алуы  және  толықтыруы  тиіс  екендігін 

білдіреді.  

Біліктілікті  арттыру  бағдарламасының  бір  модулі  осындай  тәжірибені 

қалыптастыруға бағытталуы мүмкін. 

Басқа  модуль  оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми  және  оқу 

сауаттылықтары  қалыптастыру  көзделген,  құзыреттілікті-бағдарлы  деп 

аталатын, тапсырмаларды әзірлеуге бағытталуы мүмкін.  

Үшінші, 

соңғы 


модуль, 

нәтижелі 

іс-әрекетті 

ұйымдастыру 

технологиясының  мазмұнына:  зерттеушілік  қызметтің  түрлері  мен 

элементтеріне,  модель  құруға,  деректерді  талдауға,  жобалауға,  пікірталас 

жүргізуге және т.б. арналуы мүмкін. 

Сонымен,  оқыту  процесінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  проблемасы  оқу  қызметі  мазмұны  мен  мұғалім  құзыреттілігі 

аспектісінде жүзеге асырылуы тиіс [12].  




  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал