МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3
І ҚАНИПА БІТІБАЕВА – ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАСЫ....................................................................................................................5
1.1. Аңыз ұстаздың өмір жолы, марапаттары…………………………….............. 5
1.2 Қанипа Бітібаева – қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы.........................7
1.3 Педагогикада Қ. Бітібаеваның озат іс-тәжірибесін оқыту мәселелері……….9
ІІ. ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ……………………………………………………………………….13
2.1 Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесінің ерекшелігі……….…………………………13
2.2 Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, Ойланту, Ойлау» технологиясы…….…………20
2.3 Қ.О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологияларының тиімділігі.....................................................................................................................23
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ...................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі. Өз кезеңінде одақ көлеміндегі педагогикалық оқулар, ғылыми – эксперименттік жобалар мен конференцияларда ғылым мен тәжірибені тоғыстырып, үздік нәтижеге қол жеткізген Ш.А.Амонашвили, Ю.К.Бабанский, В.Ф.Шаталов сынды орыс ғалымдарымен тең түсіп, үзеңгілес болған Қанипа Омарғалиқызы шыңдалған шығармашылық пен ғибратты ғылым сүйгіштіктің үкілеген үлгісі бола білді.
Жарты ғасырға жуық ұстаздықтың жалауын жоғары ұстаған Қанипа Омарғалиқызы бүгінгі таңда авторлық эмпирикалық – ілімдік оқыту жүйесі қалыптасып, дамыған, педагогика ғылымының зерттеу объектісіне айналған тұлға. Ш.А.Амонашвилидің дәстүрлі оқытуды оқушылардың ынтамен, саналы түрде білім алатын ортасына айналдыру, Ю.К.Бабанскийдің оқу – тәрбие үдерісін оқушылардың мүмкіндіктеріне сай жүргізу арқылы нәтижеге бағыттау сынды әдістерін педагогика ғылымы толық мойындаса, Қанипа Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру қағидасы өміршең өзектілігімен таңғалдырады.
Қанипа ұстаз ұлттық сөз өнері ұлағатын орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы оқу-әдістемелік шеберлігімен жүзеге асырды. Оның пәндері бойынша тек ғана озық үлгірім көрсеткіштерімен білім алған шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көркемдік-эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда – өзіндік жаңашыл ізденістерімен, шәкірттердің қабылдау психологиясына айрықша ықпал жасаған инновациялық-әдістемелік жаңашылдығымен оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Өз сөзінде: «...данышпан Абай мен ұлы Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыту жөніндегі кітаптар жазу барысында ұлтымның асыл қасиеттеріне, қажыр-қайратына ешкімге ұқсамайтын қадіріне, салт-дәстүріне, бай тіліне тәнті болып келемін» деген сөздерінен ол кісінің ұлтын бар жан-тәнімен сүйе отырып, ұлт болашағы үшін қызмет еткенін байқауға болады. Бүкіл саналы ғұмырын білім беру саласына арнап келе жатқан Қанипа Омарғалиқызының өмірімен, еңбек жолымен танысу арқылы оның оқушыларды оқытуға арналған үздік технологиясының қыр-сырын меңгеру зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып табылмақ.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесінің ерекшелігін, маңыздылығын, педагогикалық идеяларын талдау, анықтау
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қ.Бітібаеваның өмірі, ұстаздық жолы мен марапаттары жайлы мағлұмат жинақтау;
Жаңашыл ұстаздың педагогикалық идеяларын зерделеу;
Педагогикада Қ. Бітібаеваның озат іс-тәжірибесін оқыту мәселелеріне тоқталу;
Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, Ойланту, Ойлау» технологиясының» маңыздылығын анықтау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесіндегі Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы – жас ұрпақты жаңашылдыққа, зерттеушілікке, құзырлылыққа жетелейтін бірден-бір құрал. Егер, аталмыш технологияны ағылшын тілі сабағында қолдансақ, оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына, пәнге қызығушылықтарының артуына жол ашылады.
Зерттеу пәні: Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесіндегі «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының сабақта қолданылу үрдісі.
Зерттеу нысаны: «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын қолданудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысын жүзеге асыруда теориялық (салыстыру, талдау), эмпирикалық (бақылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент).
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
1.1 Аңыз ұстаздың өмір жолы, марапаттары
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы 1-мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген.
Ұстаз 1963 жылы Тарбағатай ауданындағы Абай орта мектебін бітірген соң, бір жыл ауылда механизатор болып қызмет істеді.
1964-1968 жылдары Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оны «Үздік дипломмен» аяқтады.
Еңбек жолын 1968-1980 жылдар арасында ШҚО Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінде мұғалімдік қызметінен бастаған. Кейіннен аталған оқу орнында директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі болып жүргенде ауданда тұңғыш рет «Әдістемелік кабинет» жабдықтайды.
1980 жылы облыстық халыққа білім беру басқармасының шақыруымен Жамбыл атындағы мектеп интернатына жұмысқа келеді. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында мұғалімдік қызмет атқарды.
Қанипа Омарғалиқызы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да да еңбек етті. Университеттегі қазақ филологиясы кафедрасының негізін салуға белсене араласты. Оның жетекшілігімен 30-дай магистрлік, бітіру дипломдары жазылып, қорғалды.
1990 жылы 16 қаңтарда Москвада, Кремльдегі Свердлов залында оған СССР Мемлекеттік сыйлығының алтын жұлдызын беріп, лауреат атанды. Қанипа арнайы шақырумен Москвада 2 рет болып, ұстаздар күнін атап өтуге қатысады. Ол Одақтағы бесінші, еліміздегі бірінші лауреат атанды.
1990-1991 жылдары «Қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетімен байланыстырып оқыту» тақырыбындағы авторлық бағдарламасын жазып, оқу министірлігінің ұсынысымен Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының эксперттік сарабынан өтіп, авторлық сыныптар ашты.
1991 жылы Оқу министрлігінің №2 бұйрығымен Қ.Бітібаеваның республикалық оқу-әдістемелік атаулы мектебі ашылды.
1992 жылы Қанипа Омарғалиқызының әдебиетті тереңдетіп оқытатын авторлық сыныптары ашылды.
1992 жылы ұстаз шығармашылық іссапармен АҚШ-тың Аризона штаты Тусон қаласында 15 күн болып қайтты. Ұстазға «Тусон қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Ұстаз американдық әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесі, «Ой тастау» технологиясының моделі туралы ой бөлісіп қайтты.
Қанипа Омарғалиқызы әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымына да қомақты үлес қосты. Ғалымдар мен әріптестері арасында «Халық академигі», «Ғалым әдіскер» атанды. Республикада тұңғыш рет Абайды оқытуға 3 кітап, Әуезовті оқытуға 3 кітап жазды. 8000 дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, 40 оқу-әдістемелік кітаптар, оқулықтар («Рауан», «Мектеп», «Атамұра» баспаларынан жарық көрген), 104 ғылыми-әдістемелік мақала авторы. Республикалық, халықаралық симпозиумдарға қатысып, пленарлық отырыстарда баяндамалар жасады, іс-тәжірибесі 200-ден артық мақала, оқу фильмдеріне жинақталған, Республиканың барлық облыстарына шығып, 8 мың сағаттай дәріс оқыды.
1996 жылдан бастап «Дарын» орталығының қолдауымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық Қ.Бітібаева атындағы ғылыми–тәжірибелік олимпиада өткізіліп келеді.
Бүгінгі күні ұстаз тәжірибесін тарату мақсатында ашылған 16 Республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханалар жұмыс атқаруда. 2013 жылы Қ.Бітібаеваның Республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасына «ЮНЕСКО-ның Клубы» «EDTECH- KZ» Халықаралық Білім Орталығының зертханасы» мәртебесі берілді.
Даңқты ұстаз 2014 жылы қыркүйек айында дүниеден өтті.
Ұстаздың марапаттары:
«Құрмет» орденінің иегері;
СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі;
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері;
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Бүкілодақтық Крупская медалінің иегері;
Қаз.ССР, СССР Ағарту ісінің үздігі;
«Ы. Алтынсарин» төс белгісінің иегері;
Монғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағының иегері;
Республиканың «Ең үздік ұстазы»;
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері;
Тарбағатай ауданының құрметті азаматы;
АҚШ-тың Аризона штаты, Тусон қаласының құрметті азаматы;
Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы;
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері
Ғылыми атақтары:
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- дың құрметті профессоры;
Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры;
Қазақстан Амарикандық еркін университетінің құрметті профессоры;
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының профессоры;
Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі.
1.2 Қанипа Бітібаева – қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы
Қанипа Омарғалиқызы - қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы, ұстаздықты абырой шыңына шығарған біртума тұлға. Ұстаз тұлғасы туралы көзі тірісінде тұлғалы адамдар мен белгілі қайраткерлер өте жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірген болатын. Соның бірі тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев: «Қанекең – қазақ педагогикасындағы ерекше құбылыс. Оны ұстаздықтың Айша бибісі, Домалақ анасы деп кім айтпас? Ол мұғалім мамандығын шың биігіне көтерді, дәрісін тыңдап, сабағына қатысқандар, оны көптен білетіндер, Шоқанды тәкәппар орыс зиялылары мойындағандай, педагогикадағы құбылыс, ұлы ұстаз деп мойындағандары қашан!», - деп ұстаз тұлғасына тән ерекше қасиетті атап көрсетеді [1]. Өміріндегі бар асылы болған, қасиет санаған мұғалім мамандығы ұстаздың тағдырына, ғұмырына айналғанын өмір жолына көз жіберіп отырғанда байқауға болады. Жарты ғасырға жуық ұстаздық еңбек еткен, есімі Одаққа танымал, аңыз адамға айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өмір мектебі жайлы сыр шерткен соңғы жазған «Егіз өрім» атты кітабындағы өз сөзіне үңілетін болсақ: «Таңымды «мектеп» деп, түнімді «мектеп» деп жүріп өткізген 45 жылдың қалай өткенін білмей де қалдым... 45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін. Сол 45 минуттарда жарқылдаған, жайнаған ару жастығым, арғымақтай арқыраған, тау суындай сарқыраған, тау бұлағындай мөлдір, аққу көзінен айна айдынға тамшылаған ұлпа сезімім жатыр. Осы 45 минуттардың иірімі мен ирелеңі, етегі мен шыңы, жайлауы мен шөлі қатар келген, маңдайға жазылған тағдырым да жатыр. Ең бастысы, сол 45 минуттар мені «Дәуір ұстазы», «Ұлт ұстазы», «Ұстаздықтың падишасы», «Қазақтың Қанипасы» сияқты атақтарға бөледі» [2, 7 б.]. Ұстаз деген киелі мамандыққа бар ғұмырын арнап, дарқан жүрегі мен ақ ниетін халқының баласына, аяулы шәкірттеріне арнаған ұлы Ұстаз 45 жылдық өмір белестері жайлы осылай ой толғайды. Кітап басталғанда-ақ ұстаздық 45 минуттан 45 минутқа жалғасқан сабақтары зымырап өтіп, 45 жылдық ғұмырға ұласқанын терең сезіммен жеткізеді. Қанипа Омарғалиқызы – ғалым әдіскер, жаңашыл ұстаз. 200-ге жуық ғылымиәдістемелік мақалалардың, 40 кітаптың, 10 естеліктің авторы. Ол қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін, технологиясын дамытуға айрықша үлес қосты. Ежелгі дәуір әдебиетінен бастап, бүгінгі күнгі әдебиетке дейінгі оқу бағдарламасын, оқу құралдарын жазды. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты үш кітабында осы мәселелер сөз болады. Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» [3] атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жарық көрген бұл оқулықты бүгінде республиканың барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап беруінде, маңыздылығында деп ойлаймыз. Автор оқулықта алдымен, әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясының мына мәселелеріне ерекше көңіл бөледі:
- Педагогика ғылымының соны жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан тиімділік (оптимизация) идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру.
- Әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі оны ұтымды пайдалана білу.
- Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегін, түйінін нақты бір жағдай, нақты білім беру кезеңдеріне орай сұрыптап, бөліп алу, негізгі ұғымдарды анықтау, оларды оқушыға жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру.
Оқулықта ұстаздың ұзақ жылғы жаңашыл ізденістері теория мен тәжірибемен ұштастырыла беріледі. Әдіскер ұстаз көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелері мен технологиясын, әдеби шығармаларды талдау жолдарының оңтайлы әдіс-тәсілдерін ұсынады. Қанипа Омарғалиқызы әдебиетті тереңдетіп оқытудың проблемасымен айналысты. Оқулықтар, оқу бағдарламаларын, оқыту технологиясын жазды. Әдебиет алыптары Абай мен М.Әуезовтің адамзат баласына қалдырған мәңгі асыл мұраларын тереңдетіп оқыту жолдарын іздеді. Оларды оқыту туралы Республикада тұңғыш оқу құралдарын, кітаптар жазды. Бұрын оқу бағдарламаларында кірмей жүрген хас таланттарды қазіргі кезең әдебиетінің бір топ өкілдерін арнайы зерттеп, оқулық әрі әдістемелік бағдарламалар жазды. Қанипа Омарғалиқызы 7 сыныпқа арналған оқулықтың авторларының бірі. 12 жылдық білім беру ісіне де ат салысып, 12 бағдарлама жазды. Қазақ әдебиетін әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі ретінде оқытудың да алғашқы дәнін септі. Қазіргі кезең әдебиетіндегі ірі тұлғаларды оқытудың бағдарламасын, әдістемесін жазды. Сондай-ақ оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін «Ғылым әліппесі» атты оқулық-дәптер де бұрын қолға алынбаған тың еңбектер қатарында.
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырған шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі. Ұстаздың педагогикалық еңбек жолындағы биік тұлғасы, өзіндік ұстанымы, жаңашылдық шеберлігі, инновациялық әдістемесі мен ғылыми еңбектері – ұлттық білім беру ісінде мәңгілік сарқылмас қазына.
1.3 Педагогикада Қ. Бітібаеваның озат іс-тәжірибесін оқыту мәселелері
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болып отыр.
Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні – озық педагогикалық тәжірибені тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады. Сол себепті аталмыш ғылымының «Мектептану» бөлімінде озат педагогикалық тәжірибе және инновация деген тақырып бар. Аталған тақырыпта қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесін оқыту қарастырылады, яғни білім алушыларды орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақтаған жаңашыл педагогтарымыздың еңбектерімен таныстыру көзделеді.
Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз – қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірибе оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.
Педагогикалық озық тәжірибенің беретін негізгі мағынасы шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте ұстаздық жолын таңдаған білім алушылар осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату жолын үйрену керек.
Ендігі кезекте ойымызды жоғарыда аталған жаңашыл ұстаз тұлғасының келбетін ашатын, бүгінгі күні барлығымызды өмірі мен ерен еңбегінің өнегелі өрнегімен тәнті еткен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның озық іс- тәжірибесіне арнасақ. Өз кезеңінде одақ көлеміндегі педагогикалық оқулар, ғылыми – эксперименттік жобалар мен конференцияларда ғылым мен тәжірибені тоғыстырып, үздік нәтижеге қол жеткізген Ш.А.Амонашвили, Ю.К.Бабанский, В.Ф.Шаталов сынды орыс ғалымдарымен тең түсіп, үзеңгілес болған Қанипа Омарғалиқызы шыңдалған шығармашылық пен ғибратты ғылым сүйгіштіктің үкілеген үлгісі бола білді. Жарты ғасырға жуық ұстаздықтың жалауын жоғары ұстаған Қанипа Омарғалиқызы бүгінгі таңда авторлық эмпирикалық – ілімдік оқыту жүйесі қалыптасып, дамыған, педагогика ғылымының зерттеу объектісіне айналған тұлға. Ш.А.Амонашвилидің дәстүрлі оқытуды оқушылардың ынтамен, саналы түрде білім алатын ортасына айналдыру, Ю.К.Бабанскийдің оқу – тәрбие үдерісін оқушылардың мүмкіндіктеріне сай жүргізу арқылы нәтижеге бағыттау сынды әдістерін педагогика ғылымы толық мойындаса, Қ.О. Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру қағидасы өміршең өзектілігімен таңғалдырады.
Озық педагогикалық тәжірибенің негізгі белгілері мен оған қойылатын талаптарды ғылыми тұрғыда ұлағатты ұстаз еңбегімен ұштастырып көрсек.
Озат тәжірибенің бірінші белгісі – тәжірибенің қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізінде құрылған деңгейлік курстарынан өтіп жатқандығы баршамызға белгілі. Қазақстандық мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында құрылған бағдарламадағы жеті модульдің бірі - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі. Қ.Бітібаеваның "өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы" – деп білетін әдебиет пәнін оқыту тәсілдері оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, оқу материалын саралауға, сараптауға, өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, оны қорғауға, ой қорытуға жетелейді. Қанипа Омарғалиқызы өткен ғасырдың аяқ кезінде республикалық атаулы мектебінде интеллектуалдық дамуы басқаның білімін қажет етпей, өз еншілігіне тиесілі іс – тәжірибесін жаңа заман сұранысына сай өңдей білім беріп, талантты ұл – қыздарын қияға самғатқан ұлағатты ұстаз. Яғни, тәжірибелі ұстаздың бүгінгі қоғам талап етіп отырған сыни көзқарасы қалыптасқан, өзіндік ой-пікірі шыңдалған шәкірт даярллап шығаруы озат іс-тәжірибенің алғашқы белгісіне сай деуге болады.
Ғалымдар озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері,-деп көрсетеді. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
- оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде колдануы;
- оқушылардың жалпы дамуы.
Бұл орайда да дарабоз ұстаздың дарынды шәкірттері еріксіз еске түседі.
Бітібаевадай ұстаздың алдын көрген оқушылардың білім сапасы олардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінетіндігі озат іс-тәжірибенің екінші белгісінің айқын дәлелі.
Озық тәжірибенің үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірбие озық тәжірбие деп есептелмейді.
Шәкірттерін табысты оқытуға жетелейтін құзыретті ұстаздың әр шәкірті – дарынды , әр шәкірті – талантты. «Ой сабағы, ойлану сабағы» аталып кеткен әдебиет сабағында көркем шығарманың авторларынан бастап, оның әрбір кейіпкеріне айналу, оны оқушының санасына жете сіңіру үшін ұстазға небәрі өзі жазып кеткен 45 минут жеткілікті болатын. Озат тәжірибенің үшінші белгісіне академик Зәки Ахметұлының «Қанипаның әр шәкірті Абай мен Мұхтарды терең біліп тұр. Егер де еліміздегі әр ұстаз баланы Қанипадай оқытса, қазақ тілінің болашағына күмән келтіруге болмас..»-деген пікірінен артық баға қажет емес сияқты.
Жаңалық – озат педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі.
Ұстаз «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «Әуезов шығармашылығын оқыту», «Сабақ түрлері мен үлгілері», «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту», «Әдебиетті оқыту әдістемесі», «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Абайды таныту», «Әдебиеттану» сынды 23 әдістемелік құрал мен оқулықтың, 70-тен астам мақаланың авторы. Әр туындының мазмұны, құрылымы, маңызы, көркемдік – эстетикалық құндылығы жағынан қазақ әдебиетін оқытуға, отандық педагогика ғылымына қосқан үлесі, жаңалығы орасан зор. Бір ғана «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» әдістемелік құралының өзінде тереңдетіп оқыту оқытылатын шығармалар санының көптігімен емес, оқушының икем – дағдысының дамуы, өзіндік пікір айтуға, әдеби таласқа қалыптасуы, тілінің шебер де шешен болуы мен шығармашылық әлеуетінің артуы арқылы жүзеге асатындығын ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеді. Сонымен қатар, ұлттық сөз өнерін оқытуда жаңаша көзқарас пен әрекеттің қажеттілігін, пәндерді интеграциялап оқыту идеясын негіздей отырып, нәтижені функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттауды ұсынды. Сондықтан да, Қанипа Омарғалиқызының әдебиетті оқыту әдістемесіне әкелген ұлан-ғайыр шығармашылық жаңашылдығы – жаңалық екендігі сөзсіз.
Әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді. Озық тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Мұғалім мамандығын даярлап отырған біздер үшін білім алушыларымызды дербес және ұжымдық ізденуге, шығармашылық белсенділігін арттыру үшін үнемі ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістіктерімен танысып отыруға үйрету – негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
ІІ. ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесінің ерекшелігі
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер - бұл жеті модульда қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жанжақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.
Қ.Бітібаева іс тәжірибесінің ерекшілігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушысубъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін» [3, 7 б.]. Бос отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтушы оқушы болмайды. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі еңбек етуші дәрежесінде болады. Жаңашыл ұстаз Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесінен ұстаздың өз ізденісінен туған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы билер кеңесінің отырысы, мензерттеушімін, пікір қорғау, кіші зертханадағы ғылыми кеңес, ұлылар үндестігі, жобалар сайысы, шешендік турнирі, консилиум, сөз жарысы, өнер жарысы, есеп беру сабақтарында осындай білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туындап жатады. Мысалы, Қанипа апайдың өз еңбегінен үзінді келтірсек: «Ары қарай әр топ өзінің шағын сабағын жүргізеді. Оны әр топтың жетекшісі өзі жүргізеді. Әр оқушы өз пікірін өлеңнен үзінді оқи отырып, немесе сыншылар еңбегінен нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді. Бір топ екінші топқа сұрақтар қояды, толықтырады, әдеби викториналар арқылы сабақты одан әрі жандандыруға болады. Әр топ өз тапсырмасы туралы сөйлеп болған соң, сол топтың жұмысына қорытынды ретінде ғалымдар пікірінен үзінділер оқудың маңызы ерекше болып табылады. Себебі, сыншыл ғалымдар пікірі оқушылар ойын, түсінігін терендетеді, айқын жолға салады, таба алмаған сұрақтарына жауап бергізеді. Санаулы уақыттар ішінде (мейлі, 1 ай оқысын өз бетімен) ірі ақындар шығармашылығын толық меңгеру - үлкен адамдарға да күрделі, қиын дүние. Ал мұндай сабақ түрлерінен оқушылар бір-бірінен бірталай ақпар, білім алады, өйткені олар ойларына ой қосады, пікірлеседі, таласады, оқып үлгермеген дүниелерін басқалардан естиді, қызықса, оны ары қарай окиды. Жалпы, жоғары сынып тек лирика ғана емес, басқа да жанрларды өтудегі ең тиімді әдіс - еркін пікірлесу, әдеби таласқа түсу, өз пікірлерін дәлелді қорғай білу. Сондықтан мұндай тиімді оқыту жолдарын іздену - әр мұғалімнің басты мақсаты болмақ» [4, 119 б.].
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастыратын модульдің 1, 3, 5, 6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. «Сын тұрғысынан ойлау ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу» [5, 265 б.].
Қ.Бітібаева ұсынған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың әдістемесі мен технологияларын бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздар қауымы қолдануда. Оқушының оқу-танымдық қызметі теориялық білім, білік, дағдылар мен ақыл-ой әрекетін меңгеруге, өз әрекетін жүзеге асырудың жолдарын негіздеу, белгілі бір топтағы тапсырмаларды шешу арқылы жалпы әдісті, ұстанымды игеруге бағытталады; оқутанымдық үдеріс барысында оқушы-зерттеуші, ғылымды меңгеруші ғана емес, сол «ғылымды қайта жасаушы». Осы тұрғыдан келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді. Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады. «Ұстаздың әдебиетті оқыту пәлсапасы ой, ойлау, ойланту мәселелерінен тұрады. Әр сабақта оқушыға ой салу, ойланту ұстаздың әдістемесінің биік жемісі. Ол әдебиетті - ғылым, өнер пәні ретінде қарастырады. Байырғы әдістемемен оқытылып келе жатқан әдебиет пәніне жаңа бетбұрыс әкеліп, инновациялық технологиямен оқыту мәселесін қазіргі педагогика ғылымының күн тәртібіне қойды. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін мүлде тың арнаға бұрды деуге болады» [6].
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды [7 44, 246 б.]. Бағалау жөнінде Қ.Бітібаева былай деп ой түйеді: «Бағалау нормативі, оған қойылатын талаптар бағдарламада да берілген. Соны басшылыққа алу керек. Бағалау міндетті түрде түсіндірмелі талдау әдісімен беріледі. Бұл, әсіресе, бала білімін ауызша талдауда іске асырылады. Шығарма, мазмұндама сияқты жазба жұмыстардың аяғында пікір беріледі. Қателері жинақталып көрсетіледі. Талдау әдісімен бағалауда оқушылар пікірімен, сыныптың пікірімен есептесіп отырған да жөн. Оқушы өзіне қойылатын бағаға келісе ме, оны да білудің артықтығы жоқ - Кейде оқушыларға өз білімін өзіне бағалатудың да маңызы зор. Бұл тәсіл оларды әділдікке тәрбиелейді. Өз-өзіне сын көзбен қарауға баулиды. Онда да оқушы бағаны талдау, түсіндіру аркылы қояды. (Соған баулу қажет.) Өз бағасына келіспеген оқушы егер қайта дайындалып келіп, айтайын десе, оған да мүмкіндік беру керек. Баға қоюдағы басты мақсат окушыға білім берудің негізінен туындамай ма? Баға қоюда мұғалім ерекше әділ болғаны жөн. Қатал талап та, терең талдау да, көрегендік пен мейірім де, тіпті кешірім де бағалау кезінде өте керекті мәселелер. Әсіресе, «орташа», «төмен» оқитын, денсаулығы нашар немесе жетім балалар білімін бағалауда мұғалімге педагогикалык әдеп, ерекше ілтипат керек. Әділ, қатал болам деп, үнемі «2» немесе «3» қоя беру мұғалімді де, оқушыны да жетістіктерге жеткізбейді. Тамаша ұстаздар «екілікті» баланы жазалау түрі деп, әлдіненің әлсізге жасаған қысастығы деп түсініп, оны қоя беруден бас тартады. Оның орнына нашар оқу себебін анықтайды, көмектеседі, қосымша сабақ өткізеді, өз сабағын барлық оқушыға қызықты етіп өтетін дәрежеде ойластырады. Қазір балаларды қабілеті, ынтасы, икеміне қарай оқыту тәжірибеге молынан енуде. Бұл - аса құптайтын мәселе. Мұғалім алдында математикадан қабілетті оқушы отырса немесе әнші, өнерпаз бала отырса, қолы шебер, ісмер бала отырса, оған кешіріммен қарап, үлгерімін жақсарту үшін, ізденген жөн. Баға - тек бала білімінің анықтаушысы емес, ол мұғалім еңбегінің де жемісі, анықтаушысы болып табылады [8, 137 б.].
Қ. Бітібаеваның ұжымдық оқыту арқылы оқушыларды іздендіру, зерттеу жұмысына баулудағы төл тәжірибесіне үңілгенде, оның әсіресе жұптық тәсілді «жаңғырта», «жаңарта» пайдаланғанын көруге болады. Ұстаз алдын - ала балаларды дайындайды, жұптаса, топтаса, ұжым болып ізденудің амал - тәсілдеріне дағдыландырады, жетелейді. Өтілетін жеңіл тақырыптарды екі бөлімге бөліп, жұптарға береді. Жеке - жеке оқып, екінші кезекте бір - біріне сыбырлай сөйлесе отырып айтады, осы іс әрекетке жаттықтырған соң, келесі сабақтарда жұптар жұмыс істеп болған соң, өз қалаулары мен нәтижелерін өз таңдаулары бойынша басқа жұптармен бөліседі. Енді мұғалім ұжымға проблема тастайды, ең алдымен топтар ол проблеманы ізденсе, соңынан бүкіл ұжым болып талқылайды. Бір проблеманы әр топ әр қырынан зерттейді, әр топтың өз тапсырмасы болады, қорытындыда ұжым бірге отырып ситуацияны шешеді.
Ұжымдық оқытудың оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмысына баулудағы ұтымдылығы төмендегідей:
- Дербес ізденіске, зерттеу жұмысына, алдыдағы проблеманы шешуге жұмылдырады.
- Білім деңгейлері жоғарылайды, өз ізденістері арқылы білімдерін яғни оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтереді.
- сыни көзқарастарының дамуына түрткі жасайды, бір - бірінің жұмысына пікір білдіруге, талдауға, қорытынды жасауға жетелейді.
- Зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға деген қызығушылықтарын оятып, танымын белсендіреді.Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс- әрекетін, қызметін ұжым атқарады. Яғни жаңа білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл- кеңесші қызметін атқарады.Дамыта оқытуда шығармашылық еңбекке кең жол ашады.Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс- әрекетіне түрткі жасайды. Оқытудың бұл түріде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады.
Кесте-1
Оқушы іс- әрекеті
|
Мұғалім іс- әрекеті
|
Мәселені шешуші. Өнім жасаушы.
Әдіс- тәсілдер, әр түрлі жолдар іздеуші, табушы. Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен қарам- қатынасқа түсуші (жоба, модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).
Керегінде мұғалімді де пікір таласына шақырушы. Өз еңбегін өзі саралаушы, қорытындылаушы.
|
Оқушыларды дербес таным іс- әрекетіне кіргізуші,оған түрткі жасаушы. Тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуші. Ақылшы,көмек беруші;
Бірлесіп іздеуші, керегінде олармен пікір таласына, диалогиялық әңгімеге кіруші. Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызушы.
Оқушылардың ізденісін қолдаушы, мақұлдаушы.
Қол жеткен нәтижені саралаушы, коррекция жасаушы.
|
Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендемейді. Оқытудың қай түрі болмасын мұғалім – ол мұғалім. Бірақ оқытудың бұл түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс- әрекетті өз мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқытуда да мұғалім мен оқушы іс- әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа бағытталады.
Педагогикалық технологиялардың ерекшелігі мен тиімділігі – оның талабы. Осы мақсатқа жетудің өзі оның іс – әрекетіне байланысты жұмыс жүргізуде. Сондықтан тиімділігі:
Белсенді жұмыс
Қызығушылық
Тыңдау
Шешім
Бағалау
Жоғарғы дағды қалыптасады.
Технологияның нәтижесі тиімді және дұрыс болу үшін, мұғалім мынаны ескеруі қажет:
Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу.
Сабақ барысын технология негізінде дұрыс құру.
Оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне мән беру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға іздену жұмыстарын жасау.
Оқушылардың жауабына еркіндік беру.
Осындай технологиялар оқу – тәрбие жұмысында оқушының жеке басын дамытуға бағытталып отырады.
Қорыта айтқанда, технологияларды дұрыс қолдану арқылы оқушылардың ішінен дарынды, қабілетті оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттыру.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген сөз бекер айтылмаса керек.Өйткені , өзі үнемі ізденісте жүретін мұғалім де, шәкірт те шығармашылықпен қызыға айналысады.Мектеп - рухани өмір ұясы, ал мұғалім оқу мен тәрбиенің мазмұны мен формасын тиімді тәсіл арқылы қалыптастыратын бірден – бір тұлға десек, осы нәтижеге жету үшін жаңа технологияларды оқып – үйреніп, пайдалана білу керек.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдістәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттықкоммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Қ.Бітібаева еңбектерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориялық мәселелері жазылмағанымен, ұстаздың барлық сабақтарында дерлік ақпараттық коммуникациялық технологиялар тәжірибе жүзінде үздіксіз қолданылып отырады. Республикалық атаулы зертханасы әрбір сабақты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды барынша қолдана отырып жүргізуге лайықталып, жан-жақты жабдықталған. Ұстаз еңбектерінен сонымен қатар «ақпараттық-технологиялық карта» деген жаңа терминді кездестіреміз. Айталық, «Әдебиетті оқытудыі әдістемесі мен технологиясы» еңбегінде ұстаз С.Сейфуллин мен М.Әуезовтің шығармашылығын толық танытатын технологиялық картаны ұсынады. Аталған технологиялық карталар - барлық ұстаздарға пайдалануға ыңғайлы, тақырыпқа байланысты толық ақпараттарды қамтитын, жүйелі, ғылыми негізделген дайын дидактикалық өнім.
5. Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту – мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Қанипа Бітібаева өмірінің соңғы күндеріне дейін дарынды балаларға арналған гимназияинтернатта жұмыс атқарды. Өз ісіне адал берілген халық анасы, ұлы ұстаз қаншама дарындарды танып, тауып, баптап, бәйгеге қосты. Бұл сөзімізге шәкірттерінің алғыс сөздері дәлел бола алады. Ал біз Қ.Бітібаеваның сабағына қатысып, тәнті болған ұлы ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің пікірінен үзінді келтіргіміз келеді: «Қанипаның балалары көркем мәнінді жақсы оқиды екен. Білімдері мен қызықтырады. Ал, мұғалімнің іс – тәжірибесін, әсіресе, сыныпты топқа бөліп, шағын әдеби айтыс ұйымдастыруы маған қатты ұнады. Оқушылар өз ойын еркін жеткізе біледі, әрі оқығандарын жақсы талдайды екен. Осы әдісті университет студенттеріне пайдалануға болады» [9, 20 б.].
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен технологиясы» еңбегінде жас ерекшелігі мәселесіне арнайы тоқталады, тіпті оған «Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру» атты тарау арнайды. Ұстаздың айтуынша, мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту – білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап-даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарды нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді.
Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі екендігін айта келіп, әр топтағы балалармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін, қандай шығармаларды қалай оқыту қажет екендігін жан-жақты талдап, ашып береді. 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде белгілі бір идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды. Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы мен физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастады. Балалық «шалалық» немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, «бірбеттілік», «қайтпастық» мінездерден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы «мен айтам», «мен оқимын» деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын неге аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз абай болғаны жөн», - деп ескертеді [4].
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. [10]. Қанипа Бітібаева өзі қызмет атқарған мектеп-гимназиясы деңгейінде ғана емес, республика деңгейінде, қала берді әлемдік педагогикада ұстаз көшбасшылығының үздік үлгісін көрсетті. Бұл жөнінде Қ. Бітібаеваның шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор А.М. Картаева былай деп жазады: «Қ.Бітібаеваның еңбектері әдіскер ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп мұғалімдері үшін ғылыми әрі әдістемелік жағынан сонылығымен, құндылықтарымен ерекшеленетін аса қажетті еңбектің қатарынан саналады [11]. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай – ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
2.2 Қ.Бітібаеваның «Ой Тастау, Ойланту, Ойлау» технологиясы
Жаңашыл ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. «Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», - дейді ұстаз [1].
Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани жетістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ұстаз ұлттық құндылықтарды көркемсөзді танудан, көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Ұлы педагогтың қазақ әдебиетін жүрегімен сезінуге, оны оқыту мәселелерін жан-жақты талдауға арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары ұстаздар қауымына нағыз бағдаршам болып келеді. Ұстаздың басты ұстанымы — көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, оқушының білімді өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу. Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың өн бойында ол шешуші роль атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналып кетеді. Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады.
Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Ұстаз тәжірибесінің тағы бір ерекшілігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады.
Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін» [2]. Бос отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтушы оқушы болмайды. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі еңбек етуші дәрежесінде болады.
«Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» деген ұлы Абай сөздерін ұстаным еткен ұстаз, «Ғылым таппай, мақтанба», «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп, дарынды шәкірттерін ғылым-білім нәрімен сусындатудан жалықпай келеді. Жаңашыл ұстаздың өз ізденісінен туған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы «Билер кеңесінің отырысы», «Мен-зерттеушімін», «Пікір қорғау», «Кіші зертханадағы ғылыми кеңес», «Ұлылар үндестігі», «Жобалар сайысы», «Шешендік турнирі», «Консилиум», «Сөз жарысы», «Өнер жарысы», «Есеп беру сабағы» деген түрлерін кезіктіруге болады.
Қ.Бітібаева ұсынған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың әдістемесі мен технологияларын бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздар қауымы қолдануда.
Оқушының оқу-танымдық қызметі теориялық білім, білік, дағдылар мен ақыл-ой әрекетін меңгеруге, өз әрекетін жүзеге асырудың жолдарын негіздеу, белгілі бір топтағы тапсырмаларды шешу арқылы жалпы әдісті, ұстанымды игеруге бағытталады; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушы-зерттеуші, ғылымды меңгеруші ғана емес, сол «ғылымды қайта жасаушы». Осы тұрғыдан келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді. Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Оқушының жеке тұлғасын арнайы тілдік жағдаяттар ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жүйесіне адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесі негізгі болады. Тұлғалық парадигмаға көшу қазіргі білімнің басты тенденцияларының бірі болып саналады. Бұл – технократтық қоғамның дағдарысынан туындаған адам жайлы ойлаудың тереңдігінің көрінісі. Тұлғалық парадигма білімнің мөлшерінің өсуі, ондағы бірсарындылық сияқты құбылыстарды мойындамайды, керісінше ол оқу үдерісіндегі ішкі ізгілікке негізделеді.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Білім беру жүйесіндегі қайта құрудың негізгі бағыты – жеке тұлғаның дамуы. Оқушы тұлғасының рөлін жоғары көтеру тәсілі бүгінгі қазақ тілі сабағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың басты ұстанымдарының біріне айналып отыр. Бұл ұстаным оқыту жүйесінің әрбір компонентінде көрінеді. Ол оқыту мен тәрбиелеу мақсатын байланыстырады, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда бірыңғай оқу-тәрбие педагогикалық үрдістердің тәсілдері мен жағдайын сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім, білік, дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруды, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасаудың тәртібін қарастырады. Білім беру үрдісіне қойылып отырған заманауи талаптарға сәйкес қазақ тілін оқытудың жаңа мазмұны оқушылардың жан-жақты құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Қазақ тілі мен әдебиетін ғылыми тұрғыдан терең меңгеріп, рухани құндылыққа айналдыру оқу үдерісінің басты мәні мен мақсатына айналған кезде, оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігіне қол жеткізіледі. Білімнен құзыреттілікке қағидасына негізделген жаңаша оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына, оқытудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани-адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс.
Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми зертханасы оқушының, ұстаздың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға негізделе отырып:
- іс жүзінде болашағы бар білім беру мақсатын жүзеге асыру;
- әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
- білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін дамытудың жолдарын анықтау;
- әрбір оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалау мүмкіндігін беру;
- оқушының әлеуметтік біліктілігін қамтамасыз етумен шұғылданады.
Дарынды балалардың дара ерекшеліктерін дамытуға түрткі жасауды алдына мақсат етіп қойған республикалық ғылыми зертханада басты тұлғалардың жұмысы өзара субъекті-субъектілік қарым-қатынасқа құрылып, оқу мен тәрбие тілдік тұлға қалыптастыруға бағытталады, жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жүзеге асады.
2.3 Қ.О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологияларының тиімділігі
Қазіргі заман талабы, бүгінгі өскелең өмір қарқыны мұғалімдер алдына ерекше маңызды, әрі жауапты талаптар қоюда. Мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі. Ұстаздың Ой тастау, ойланту, ойлау технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет, - дейді ұстаз [1].
Ұстаздың басты ұстанымы — көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, оқушының білімді өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу. Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың өн бойында ол шешуші роль атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналып кетеді. Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар ой тастауда белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады.
Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Ұстаз тәжірибесінің тағы бір ерекшілігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін . Бос отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтушы оқушы болмайды. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі еңбек етуші дәрежесінде болады.
Бітібаеваның ынытымақтастық педагогикаға негізделген тұлға танымдық жұмыс жүйесі ұстаз бен оқушы жұбының оқу үрдісіндегі тану, іздену, тақырыпты тың тұрғыдан игеру әрекеттерін белсенді де қарқынды тұрғыдан құруға негізделген.
Бітібаева технологиясы бойынша нәтижелі варианттарды таңдап алуға болады. 1988 жылы басылып шыққан Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары атты методикалық нұсқауында оқудың мынандай формаларын көрсеткен:
1.Жалпы сыныптық
2.Топтық
3.Индивидуалдық
Аталған оқу формалары қазіргі СТО технологиясының диалогтік оқыту әдісіне сәйкес келеді.
Қ. Бітібаеваның ұжымдық оқыту арқылы оқушыларды іздендіру, зерттеу жұмысына баулудағы төл тәжірибесіне үңілгенде, оның әсіресе жұптық тәсілді жаңғырта, жаңарта пайдаланғанын көруге болады. Ұстаз алдын - ала балаларды дайындайды, жұптаса, топтаса, ұжым болып ізденудің амал - тәсілдеріне дағдыландырады, жетелейді. Өтілетін жеңіл тақырыптарды екі бөлімге бөліп, жұптарға береді. Жеке - жеке оқып, екінші кезекте бір - біріне сыбырлай сөйлесе отырып айтады, осы іс әрекетке жаттықтырған соң, келесі сабақтарда жұптар жұмыс істеп болған соң, өз қалаулары мен нәтижелерін өз таңдаулары бойынша басқа жұптармен бөліседі. Енді мұғалім ұжымға проблема тастайды, ең алдымен топтар ол проблеманы ізденсе, соңынан бүкіл ұжым болып талқылайды. Бір проблеманы әр топ әр қырынан зерттейді, әр топтың өз тапсырмасы болады, қорытынды да ұжым бірге отырып ситуацияны шешеді.
Ұжымдық оқытудың оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмысына баулудағы ұтымдылығы төмендегідей:
- Дербес ізденіске, зерттеу жұмысына, алдыдағы проблеманы шешуге жұмылдырады.
- Білім деңгейлері жоғарылайды, өз ізденістері арқылы білімдерін яғни оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтереді.
- сыни көзқарастарының дамуына түрткі жасайды, бір - бірінің жұмысына пікір білдіруге, талдауға, қорытынды жасауға жетелейді.
- Зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға деген қызығушылықтарын оятып, танымын белсендіреді.
Қ. О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары - баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген модель, жоба, бағалау парағы, постер жасау, миға шабуыл, технологиялық карта терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс - тәсілдерінде бұрыннан бар екендігін еңбектерінен көре аламыз. Сондықтан да Бітібаева технологияларын жаңа технологиялармен сәйкестендіріп қолдану тиімді.
Бітібаева мынандай оқыту методтары мен әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық ситуация тудыру
Болжау жасау
Практикалық жұмыстар
Танымды іздендіру тапсырмалар
Анкета
Әдеби дискуссия
Диалогтік әңгіме
Түсіндірмелі репродуктивті
Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми - теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан - жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, конструкциялау технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс - тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған.
ІІІ. Эксперименттік бөлім
Зерттеліп отырған мәселенің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүйесі Қарағанды облысы Приозерск қаласының №2 ЖОББМ КММ жүргізілді. Мен осы курстық жұмысымның тәжірибелік бөлімінде Қ.Бітібаеваның «Ой тастау. Ойлау. Ойланту» технологиясын 4-сыныптың ағылшын тілі сабағында қолдану нәтижесін көрсеттім. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды. Қ.Бітібаеваның әдіс-тәсілдерінің ең кең тараған технологиялардың бірі – «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Ағылшын тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту болғандықтан, оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізуді мақсат ете отырып, осы бағытта пәнге қызығушылық туғызатын әр түрлі жұмыстар жүргіздім.
Жүргізген тәжірибемнің экспериментке дейінгі және кейінгі кезеңінде оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылықтарын анықтап, білім сапасы деңгейін бақылап, салыстырмалы диагностика жүргіздім. (кесте-1)
1-кесте.
4-сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері
Деңгейлері
|
Экспериментке дейін, %
|
Эксперименттен кейін, %
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
Эксперимент тобы
|
Жоғары
|
26
|
25
|
29
|
27
|
Орта
|
53
|
56
|
58
|
55
|
Төмен
|
21
|
19
|
13
|
18
|
Сурет-1
4-сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы
деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері
(Экспериментке дейінгі кезең)
Сурет-2
4-сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы
деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері
(Эксперименттен кейінгі кезең)
Экспериментінің нәтижесіне сараптама жасау-озат ұстаз тәжірибесін ағылшын тілі пәнінде қолданудың оқушылардың білім сапасы деңгейлерін біршама жоғарылауына әсерін тигізгендігін көрсетті. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырды; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етті; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қ.Бітібаева ұсынған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың әдістемесі мен технологияларын бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздар қауымы қолданып жатыр. Озат ұстаз ұсынған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың әдістемесі мен технологияларын бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздар қауымы қолдануда. Оқушының оқу-танымдық қызметі теориялық білім, білік, дағдылар мен ақыл-ой әрекетін меңгеруге, өз әрекетін жүзеге асырудың жолдарын негіздеу, белгілі бір топтағы тапсырмаларды шешу арқылы жалпы әдісті, ұстанымды игеруге бағытталады; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушы-зерттеуші, ғылымды меңгеруші ғана емес, сол «ғылымды қайта жасаушы». Осы тұрғыдан келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді. Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады.
Жаңашыл ұстаз Қ. Бітібаеваның іс - тәжірибесінен ұстаздың өз ізденісінен туған оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы Билер кеңесінің отырысы, мен - зерттеушімін, пікір қорғау, кіші зертханадағы ғылыми кеңес, ұлылар үндестігі, жобалар сайысы, шешендік турнирі, консилиум, сөз жарысы, өнер жарысы, есеп беру сабағы деген түрлерін кезіктіруге болады.
Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми зертханасы оқушының, ұстаздың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға негізделе отырып:
- іс жүзінде болашағы бар білім беру мақсатын жүзеге асыру;
- әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
- білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін дамытудың жолдарын анықтау;
- әрбір оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалау мүмкіндігін беру;
- оқушының әлеуметтік біліктілігін қамтамасыз етумен шұғылданады.
Міне, осындай әдіс-тәсілдерді үйлесімді пайдалану, тәжірибе көрсеткендей ең алдымен сабақтың оқу-тәрбие мақсатынан туындап отыр.
Қ.Бітібаева – ұлағатты ұстаз ғана емес, талант иесі. Ол тек көркем шығармаларды оқытып, білдіріп қоймайды, әр шығарманың өзіндік ерекшелігін, бояуын, эмоция арқылы оқушыларды көркем әдебиетке қызықтырып отыратын ұлағатты ұстаз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абдрахманова Ж Қазіргі білім берудегі технологиялар Кембридж бағдарламасы – кәсіби кемелдену кепілі // «Оқытудағы инновациялық технология - білім беруді жаңа сапамен қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2013. – 265-268 бет.
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Мұғалімдерге арналған құрал. - Алматы: Рауан, 1990. - 199 бет.
3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы: Екінші басылымы. - Алматы: Мектеп 2003. - 336 бет.
4. Бітібаева Қ.О. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Бірінші кітап. - Алматы: Дәуір-Кітап баспасы, 2012. – 314 бет
5. Бітібаева Қ. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу. - Семей: «Үш биік», 2007. – 120 бет. Құрманбаева Ш.Қ. Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы // Білім көшбасшысы. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. - 2014. - № 1. - 6-бет.
6. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997. – 284 б.
7. Картаева А.М. Қ.Бітібаеваның М.Әуезов шығармаларын оқыту технологиясы // Білім көшбасшысы. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. + 2014. - № 1. - 15 бет.
8. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 425 бет.
9. Құдайбергенова К.С.Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы, 2007.
10. Мерсер Н. «Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер» /1995/.
11. Наурзалина Г.Б. Кембридждік тәсілмен бағалау жолдары // «Оқытудағы инновациялық технология - білім беруді жаңа сапамен қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2013. – 245-249 бет.
12. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007.
13. Ұстазға тағзым (Әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева жайлы естеліктер). Құрастырған: А.Картаева, Ш.Құрманбаева. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Берел баспасы, 2015. – 158 бет
14. Ферхо С., Байхонова С., Тоқпатаев У., Құрманова Ж. Аңызға айналған ұстаз. – Өскемен: ТОО «Медиа-Альянс», 2005. – 224 б.
Достарыңызбен бөлісу: |