1. Физикалық шамаға түсініктеме беріңіз. Физикалық шамалардың əртүрлі топтарына жататын шамаларға мысалдар келтіріңіз.
2. Өлшеу процедурасының негізгі операцияларын атаңыз.
3. Өлшеу əдістері қандай белгілер арқылы жіктеледі?
4. Өлшеулердің жіктелу белгілерін атаңыз.
5. Физикалық шамалардың бірліктер жүйесін құрудың басты принциптерін тұжырымдаңыз.
6. Өлшем бірлігін қалай түсінуге болады?
7. Физикалық шаманың бірлік эталоны дегеніміз не? Сізге эталонның қандай түрлері белгілі?
8. Қателіктердің жіктелу белгілерін атаңыздар.
9. Қателіктерді бағалау принциптерін қалай түсінуге болады?
10. Жүйелі қателік дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз.
11. Өлшеу қателігі қандай жағдайда кездейсоқ шама ретінде қарастырылады?
12. Өлшеу сигналының сигналдан айырмашылығы неде?
13. Өлшеу сигналдары жіктелетін белгілерді атаңыз.
14. Өлшеу құралдары дегеніміз не?
15. Өлшеу құралдары қалай жіктеледі?