І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет15/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
ІІ Аралық бақылау сұрақтары
23. Деректердің типтік жіктелуі
Деректерді пайда болу тегіне, сырткы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар класына, оньщ iшiнде шағын топтарға бөлуге болады:
- заттай деректер — археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;
- көркем сүрет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлык туындылары;
- сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халыктың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен;
- жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi;
- дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
- салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғvрыптар.
24. Ескерткіштердің негізгі түрлері
25. Текстологиялық анализ
26. Рашид-аддин шығармалар жинағы
Рашид-ад-Дин өз заманының жан-жақты білімі бар көрнекті ғалымы болды. Оны «Джами ат-таварих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегі танымал етті. Осы еңбегінде Рашид-ад-Дин орта ғасырлық мұсылман тарихшыларына ғана тән дәстүрлі ойларды өзгеше сипаттады.
Рашид-ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегіне көптеген тарихшы ғалымдар, жылнамашылар және монғол империясының түкпір - түкпірінен жиналған ақпаратшылар көп үлес қосты. Сондай-ақ Рашид-ад-Диннің таланты мен бейімділігін ерекше атау қажет. Осындай ірі еңбекті өмірге әкелу үшін дүниетанымы кең және тарихнама саласында жаңашыл көзқараспен танымал болған ғалым қажет болды. Еңбек 1300 жылы басталып, 1311 жылы аяқталды, 3 томнан тұрады.

Осы тұста негізгі мәселеге көшсек. Осы жылнаманың жекелеген тұстарын жазуда кейбір мәселелер қайта қаралды. Себебі, жан-жақты білімі және көреген хан жылнаманы жүйелеп жазуға және түзетуге кеңес беріп отырды. Аса мәртебелі Газан-ханның Алла рахымына бөленген есімдері мен титулдарының күннен-күнге көбеюіне байланысты, жылнама қайта-қайта толықтырылып, көшіріліп отырды.


Газан-ханның әмірімен жылнама, анық-қанығына жетіп, аяқталды.
Өз ғұмырының алтын уақыттарын тарихқа және ғылымның көптеген салаларына арнаған Газан-хан осы жылнаманы оқи және түзей отырып, төмендегідей пікірді айтты.
«Осы кезеңге дейін бірде-бір дәуірде осындай тарих жасалмады. Бұл еңбекте әлемнің барлық халықтарының ұшқыр ойлары және өмір сүру жағдайлары жазылған. Алланың рахымымен және еркімен қазіргі уақытта көптеген қалалар мен елдер туралы толық мәлімет беретін жалғыз кітап осы. Барлық, елдер мен әлемнің түкпір-түкпірінен, даналар мен жұлдызнамашылар, ғалымдар мен тарихшылар түрлі дінмен, түрлі ұлттар болса да Шыңғыс-хан ұрпақтарының қол астында, әміршіге қызмет етуге жиналды.
(Солтүстік және Оңтүстік Қытай, Үндістан мен Кашмир, Тибет пен Ұйғыр) және түрік, араб, франк халықтары, олардың әрқайсысында өз халықтарының діні мен өткені туралы жылнамалар болды. Осылардың барлығын жинақтай отырып, өз атымыздан қысқаша тарих жасауға ұмтылдық. Екі томдық «Сувер-ал-акалим» және «Масалик-ал-мамалик» деп аталатын екі томдықпен қатар, жалпы тарихтың қысқаша компендиумын бірге жұрт назарына ұсынуды жөн көрдік. Әр түрлі жылнамаларды жинақтап, кейінгі ұрпаққа естелік қалдыру идеясы бірде-бір басқарушының ойына келмепті. Осы еңбек біздің атағымыз бен даңқымыздың ұзақ өмір сүруіне себеп болады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет