I қаржылық есеп 5B050800 «Есеп және аудит»


Материалдық емес активтер есебі (ХҚЕС 38)



бет6/16
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.5 Материалдық емес активтер есебі (ХҚЕС 38)

Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады. Мүліктегі субъектінің материалдық емес активтерінің үлесі және мағынасының дамуы, техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуы мен, экономикалық қатынастардың дамуымен үлкейеді. Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңдылығына сәйкес материалдық емес активтер келесі тәртіпте бағаланады:



  • дамытылған кәсіпорынның жарғы капиталына құрылтайшылармен олардың салым шотына енгізілген- екі жақтық келісім бойынша. Осыдан салымның бағалануы тәуелсіз аудитормен тұжырымдалуы керек;

  • осы объектілердің дайындық жағдайына келтіру және иеленуі бойынша нақты келтірілген шығыстарды ескере- басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың төлемімен иеленген;

  • келісім бағасы бойынша немесе эксперттік жолмен- қайтарымсыз алынған.

Материалдық емес активтердің әр түрлі мазмұндарын қарастырайық.
«Ноу-хау»- өндірістік тәжірибе, дағдылар және т.б, құжаттама түрінде тұлғаланған, халықаралық қатынастар арасында техникалық білімді анықтау үшін қолданылатын термин. «Ноу хау» сөзін кең мағынада алғанда – өндірістің сол және басқа да түрін ұйымдастыру үшін қажет ететін, бірақ та потенттелген емес түрінде безендірілген, өндірістік тәжірибе мен дағдылар, техникалық құжаттар түрінде рәсімделген, коммерциялық, техникалық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Өндірістік ақпараттың қолдану құқығының есебі. Материалдық емес активтердің осы түріне, белгілі бір уақыт ішінде табыс әкелу мүмкіндігі бар немесе субъектінің оның құрылымына кеткен шығындары, белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс жатады. Мысалы, шет елдегі және ел ішіндегі субъект өнімдерін әлеуетті тұтынушылар туралы банк мәліметтері, қызмет және материалдар, шикізатты жеткізушілер туралы, бәсекелестер туралы және т.б.
Ұйымдық шығындар. Акционерлі немесе бірлескен кәсіпорындарды дамыту кезеңінде пайда болатын шығындар ұйымдыққа жатады. Осындай шығындарға банкттік шоттарды ашу,құжаттарды дайындау, кәсіпорынды тіркеу шығындары кеңесшілерге төлеу, жарнама шығындары жатады.
ЭЕМ-ны қамтамасыз ету бағдарламасы. ЭЕМ-ны қамтамасыз ету бағдарламасы деп белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс және кәсіпорын мен сатып алынған, осы бағдарламаны пайдалану үшін қажет ететін бағдарлама құжаттарын және мәліметтерді өндіру жүйе- жиынтығын түсінеміз.
Сатып алынған табиғи ресурстарды қолдану құқығы. Шет елдегі және ел ішіндегі кәсіпорындарды дамыту кезінде, табиғи ресурстарды сатып алған, қолдану құқығы қажеттілігі (пайдалы қазбаларды , өндіру құқығы, орманды қолдану құқығы, ішкі сулардағы балықтарды аулау және басқалары).
Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері. Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері (әрі қарай тауар белгісі) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бірегейлі тауарларынан тауар және қызметтерді (әрі қарай тауарлар) айыру мүмкіндігін белгілеу деп санайды. Тауар белгісінің құқығы заңмен қолданады, егер кәсіптік іс жүргізетін, ол заңды немесе жеке тұлғаның атында тіркелсе, онда ол тіркелген деп саналады.
Патенттер. Патент деп өнертабысты техникалық шешімін ,мемлекеттік растауын және сол адамға бекітілуін куәландыратын құжат, мақтау қағазы куәлік деп түсіндіріледі. Потенттің амалы оның берілген мемлекет территориясын да таратылады. Потент амалының мерзімі ұлттық заңдылық пен орнатылады(мысалға 15-20 жыл ). Сонымен бірге патент деп қандай да бір саудамен тауарды сатып алу ісінің құқығын куәландыратын құжат түсіндіріледі.
Лицензия (латин тілінен бостандықты, құқықты білдіреді) – сыртқы тауар операцияларын жүргізуге компетентті мемлекеттік органдарымен берілетін шешім (енгізу, шығару немесе мүмкін емес транзит) және т.б. Лицензиялау көмегімен экспортпен импортқа және бір кезде валюталық қаражат шығыстарынан мемлекеттік бақылау жүргізіледі.
«Гудвилл» немесе фирма құны. Осы материалды емес активтердің түрі іс-әрекет жасайтын кәсіпорынды немесе олардың құрылымдық бөлімшелерін сатып алу кезінде дамиды. Яғни осындай кәсіпорындар (бөлімшелер) нарықтық қатынастар кезіндегі, олардың баланстық құны бойынша емес, кәсіпорынның табыстық жағдайына, оның нарықта өндіретін өнімін және басқа да факторларын көздей отырып сатылады – сатып алынады. Сатып алу құнының баланс бойынша активтер сомасынан асып түсуі оның фирма бағасын құрайды.
Интелектуалды меншік.
«Интелектуалды меншік» түсінігі үнтаспа, орындаушы-әртістер, радио және теледидар бағдарламалары, патентті құқық және ойластыру, ғылими ашылу, өндірістік үлгілер құқық, тауар белілер, фирмалық атау және коммерциялық мағына, қажет емес бәсекелестер, сонымен қатар өндіру, ғылым, әдебиеттер, өнерге және басқада құқық ісіне қатысты авторлық құқықтарын, құқықтарын қамтиды.
Қазіргі таңда интелектуалды меншікті таратушы – жеке азаматтардың интелектуалды меншікті кәсіпорын жарғы қорына салымдар жиі жүзеге асуда (ірі ғалымдар, инжерлер, әртістер және т.б).
Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:

  • 2710 «Гудвилл»;

  • 2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;

  • 2730 «Басқа да материалды емес активтер»;

  • 2740 «Басқа да материалды емес активтер құнсыздануы және амортизациясы».

Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.
Материалды емес активтер әр түрлі тәсілдермен түседі:

  • құрылтайшылардан жарғы капиталына салым ретінде;

  • сатып алу жолымен;

  • заңды және жеке тұлғалардың екі жакты өтеусіз беруі.

Материалдық емес активтердің түсімі және істен шығуын материалдық емес актитердің қабылдау-табыстау актісімен ресімдейді. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы және кәсіпорынға жіберілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объект сипаттамасы, оның алғашқы құны, өтелім нормасы және басқа да керекті ақпараттар белгіленуі тиіс.
Қабылданған материалдық емес активтерді ресімдеу кезінде акт әр объектке бір данадан құрылады. Бірнеше бірүлгілі болып қабылданған материалдық емес активтерге, жалпы акт құруға болады. Акт қосымша құжаттамасымен ресімделгеннен кейін, материалдық емес активтердің немесе оның қолдану тәртібін, немесе осы объектінің басқа да кәсіпорынның мүлікті құқықтарымен растайтын құжаттары бас бухгалтермен және кәсіпорын басшысымен немесе уәкілетті тұлғамен тұжырымдалып, бухгалтерияға жіберіледі.
Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға жіберген кезде акт екі данада құрастырылады: материалдық емес активтерді қабылдайтын және ұсынатын кәсіпорын үшін. Материалдық емес активтердің жойылуы алғашқы құны бар, амортизациялық есептеу сомасы бар, баластық құны бар жойылу актісімен ресімделеді.
«Материалдық емес активтерді» бөлімше шоттары бойынша аналитикалық есеп «Материалдық емес активтердің мүкәммалдық есеп карточкасымен» жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалды емес активтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолданылады. Мүкәммалдық карточка материалды емес активтері әрбір жеке объектілеріне бухгалтерия да ашылады. Карточка материалды емес активтердің объектісін кәсіпорынмен беру немесе алу фактісін тұжырымдайтын құжат негізінде бір данада толтырылады: «Материалды емес активтердің алу-беру актісі, техникалық және басқа да құжаттама».
Материалды емес активтердің есепке түсуі кесте 10 көрсетілген корреспонденциялық шоттар негізінде өндіріледі.

Кесте 10 - Материалды емес активтердің түсу есебі





Операция мазмұны

Корреспонденциялық шот

Дебет

Кредит

Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері

2730

5020, 5030

Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері

2730

6280

Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу

2730

3310

Қосылған құн салығы

1420

3310

Материалды емес активтердің істен шығуы келесі түрде болуы мүмкін:



Материалды емес активтердің істен шығу кезінде олардың баланстық (қалдық) құны «материалды емес активтер» 10 бөлімше шотына сәйкес кредиттен 7410 шотының дебетіне есептен шығарылады.
Материалды емес активтерді өндіру табысы «материалды емес активтерді өндіру табысы» 6210 шотының кредиті юойынша көрсетіледі.
Материалды емес активтердің өндірістік шаруашылық ісінің үдерісінде моральды тозуына алып соғады. Бірақ шығынды есептеудің басты мақсаты моральды тозудың материалды емес активтерімен байланысты шығындарды жабу көзін құру үшін емес амортизацияның өнімнің өзіндік құнын немесе кезен шығындарын жабу көздерін пайда болдыруда. Материалдық емес активтердің амортизация есебі үшін 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты жасалған: Бұл шот пассивті, реттеуші, контрактивті. Осы шоттың кредиті бойынша айдың басындағы амортизация қалдығын, амортизацияның, ағынды айда есептелген және есепті айдың аяғындағы амортизация қалдығын көрсетеді; дебет бойынша- материалды емес активтердің амортизациясын есептен шығару (азайту).
Материалды емес активтер бойынша амортизациясы ай сайын алғашқы құнының нормаларымен есептелген және материалды емес активтерін топшылама қолдану мерзімінде есептеледі. Материалды емес активтердің амортизация өлшемін анықтау үшін жылдың басында және алғашқы айында «Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесі» құрастырылады. Амортизация (шығын) есептеу сомасына «Тауарды өткізу бойынша шығындар(жұмыс, қызмет)» 7110, «Жалпы және әкімшілік шығындар» 6210, «Материалды емес активтердің амортизациясының және негізгі қаражаттардың шығыны» 8310, «Аяқталмаған құрылыс» 2610 және басқа да шоттары дебеттеледі және «Материалды емес активтердің амортизация» шоты кредиттеледі. Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы сомасын, сәйкес машинограммаларға және есептік тіркелімдерге жазады. Материалдық емес активтердің шығып қалған объектілерінің амортизация құнының есеп шығарылуы «Материалдық емес активтер амортизациясы» бөлімшелер шотының дебеті бойынша және «Материалдық емес активтер» бөлімше шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді төгендеу. Материалдық емес активтерді төгендеу кезінде: кәсіпорынның өзіндік құқығына жататын нақты материалды емес активтердің бар болуы, олардың баланста дұрыс және толық көрсетілуі; материалды емес активтердің шығынының дұрыс есептелінуін; моральді ескірген активтердің бар болуын тексереді. Материалды емес активтерді түгендеу кезінде объектінің өзінің бар болуын және оның қолданылуына кәсіпорынның құқығын нақтылайтын құжаттардың бар болуын белгілеу қажет. Оларға материалды емес активтердің объектісін немесе оның қолданылу тәртібін тізімдеуші, сонымен қатар кәсіпорынның мүлікті құқығын нақтылайтын құжаттар жатады. Демек, Патенттік тізімдемеде тіркелген лицензиялық шарттың ойлап шығару құқығын сатып алу. Материалды емес активтердің нақты ұйымдық есебін және олардың амортизациясы субъектінің қаржы – шаруашылық ісінің қорытындысының нақты көрсетілімінде үлкен рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет