найы формасы жоқ түлға және осы қасиеттері арқылы бір
грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне
қарама-қайшы, әрі онымен бірлікте болып, бір бүтін қүрайды.
Белгілі бір белгілер жүйесінде бірдей белгінің болмауынын өзі
белгі болып есептеледі. Мысалы, 3 шар алып, оның біреуіне —
белгісін, екіншісіне X белгісін салып, үшіншісіне ешбір белгі
салмасақ, сол шарларды ажыратуда белгінің болмауының өзі
белгі болып табылады.
Нольдік форма парадигмалық сипаты бар грамматикалық
түрлену жүйесінде, түлғалары, сөз байланыстырушы сипаттағы
таза грамматикалық категория шеңберінде гана болады.
Нольдік форманың ерекшеліктері де, басқа үқсас түлғалардан
айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол парадигмалық
жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-қайшьшықта,
екінші жағынан, бірлікте түруы арқылы айқындалады. Бүл —
бір ерекшелігі. Екіншіден, нольдік форма сөз байланыстырушы
түлғалар (жалғаулар) жүйесінде ғана болып, өмір сүре алады,
өйткені нольдік форманың шын мәнінде ғрамматикалық фор-
ма ретінде тілде өмір сүруі тек бір грамматикалық магынаны
білдірумен ғана емес, сонымен бірге ол түлғаның синтаксистік
қызметімен, сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді.
Грамматикалық магынаның формасыз берілуі, оның бар болуы
оның байланыс қызметінен көрініп отырады, яғни нольдік фор-
маны сақтайтын бірден-бір тілдік фактілер - оның сөз байла-
ныстырушы қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: