Көптік үғым мен оған қарама-қайшы жекелік я даралық
ұғымның болуы - жалпы зат атаулыға тән қасиет. Міне, осы
көптік
және
жекелік
үғымдардың
грамматикалық
мағыналарының) ара қатынасынан және сол үғымның белгілі
морфологиялық түлғалар арқылы (жекеліктің арнайы түлғасы
болмай, көптік үғым көптік жалғау арқылы) берілуінен
сан-мөлшер категориясы туады. Сан-мөлшер категориясын
(кейбір еңбектерде көптік категориясы деп аталып жүр) тек
көптік жалғау шеңберінде қарастырсақ, одан көптік жалғау
үғымының сыр-сипаттары, қызметі, стильдік ерекшеліктері,
т. б. айқындалғанмен, грамматикалық категориялық си-
паты ашылмай қалар еді, тек жекелік (даралық) үғыммен
сәйкесті, қатысты қарағанда ғана, оның категориялық сипа-
ты айқындалады. Сондықтан да әңгіме көптік жалғау немесе
коптік үғым жайында ғана болса да, ол жерде грамматикалық
түрғыдан оған қарама-қайшы мәндегі жекелік (даралық)
үғым есте болатындығын үмытпаған жөн. Рас сан-мөлшер
категориясының түрі ретіндегі зат атауына байланысты
жекелік және көптік үғымның шартты мәндері де жоқ емес.
Мысалы, жеке-даралап санауға келмейтін
Достарыңызбен бөлісу: