И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


§ 7. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет67/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

§ 7. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
КӨЛЕМДІК СЕПТІКТЕРГЕ БӨЛУДІҢ МӘНІ
Сұрақ. Түркологияда септік жүйесін грамматикалық және 
көлемдік септіктер деп бөлу тәжірибесі бар. Ол неге сүйенеді 
және оның ғылыми негізі қандай?
Жау ап. Қазіргі қазақ тіліндегі септік жа лғау жүйесі жоғарыда 
керсетілгендей, негізінен алғанда, бір жағынан, басқа да қазіргі
түркі тілдеріндеп, екінші жағынан көне түркі тіліндегі септік 
жалғау жүйесімен бірсыдырғы сәйкес келетіндігі көрінеді. 
Атап айтқанда қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік, 
барыс, табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының сыртқы
түлға лары да, оі лдіретін мағына лары мен қызметтері де негізінен 
үқсас болып келеді. (ИСГТЯ, 45-50). Бүның озі тіліміздегі септік 
жалғау жүйесі өте ерте кезде қалыптасып, оның сөз түрлендіру, 
парадигмалық сипаты, тұлғалық түрлері әрқайсысының 
мағыналық шеңбері, сөйлемде атқаратын қызметі мен сөздер 
арасындағы ғрамматикалық қарым-қатынастары түрақталып, 
кейін жекелеген түркі тілдерінде үлкен өзгеріске түспей 
енгендігін байқатады. Осы түрғыдан қарағанда қазақ тілінің 
өзіндік үлкен бір ерекшелігі көмектес септігі болып табыла- 
ды, өйткені басқа түркі тілдерінде көмектес септік жалғаудың 
мағынасы көбіне септеулік шылау арқылы беріледі. Қазақ 
тіліндеғі көмектес септік тұлғасы (мен, -бен, -пен) да септеулік
108


шылаудан қалыптасқан: 
бірлән, білән - бінән, мінән, бынан,

|
"
мынан - менен, бенен, пенен - мен, бен, пен.
Сыртқы тұлғасы жағынан бұл 
мен, бен, пен 
деген жалғаулық 
шылауға ұқсас болғанмен, одан жасалмаған. Бәлкім, жалғаулық 
шылау мең септеулік шылау төркіндес болып, бір сөзден та- 
рап, бөлек-бөлек қалыптасып, дамуы мүмкін. Сөйтіп, көмектес 
септік жалғауы кейін ғана қалыптасып, септік жалғау жүйесіне 
өте кеш енді. Оның бүл ерекшелігін көмектес септік жалғауының 
сырт түлғасы да аңғартады: біріншіден, сингармонизм заңына 
бағынбайды, жалғаулардың жуан буынды варианты жоқ, 
екіншіден, дыбыс үндестігіне қарай вариантталуы да ерекше, 
басқа септік жалғаулар тұлғасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет