Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
II. Рухани - адамгершілік тәрбиесі
Мақсаты:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы-адамзаттық құндылық-тарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
III. Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу
IV. Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата- аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық, педагогикалық құзы-реттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатына-сын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиет-терін және дарын-дылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
VII. Көп мәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Білім беру ұйымдары-ның білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкес-тендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.