Кез келген міндеттегі ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді мына бөліктерге бөлуге болады:
ішкі немесе сыртқы көздерден ақпаратты енгізу;
кіріс ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрде ұсыну;
тұтынушыларға ұсыну үшін ақпаратты шығару немесе басқа жүйеге жіберу;
кері байланыс — кіріс ақпаратты түзету үшін осы ұйымның адамдарымен өнделген ақпарат.
АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:
кез келген АЖ талқыға салынуға, жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде құрылуы және басқарылуы мүмкін;
АЖ динамикалық және дамушы болады;
АЖ-ні құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану қажет;
АЖ-нің шығыс өнімі ақпарат, оның негізінде шешім қабылданады;
АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам –компьютерлік жүйесі ретінде қабылдау керек.
АЖ-нің жұмысын түсіну үшін ең алдымен олар шешетін мәселенің мәнін, сонымен қатар ол енгізілген ұйымдастырушылық процестерін түсініп алу қажет. Мысалы, шешімді қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіншілігін анықтау кезінде мыналарды ескеру керек:
шешіліп жатқан басқарушылық есептердің құрылымдығын;
шешім қабылдану керек болатын фирманың басқару иерархиясының деңгейін;
шешіліп жатқан есептің бизнестегі функционалдық саласына қатыстылығын;
қолданылатын ақпараттық технологияның түрін.
Компьютерлік АЖ-де жұмыс істеу технологиясы компьютерлік емес, саладағы мамандарға түсінікті және кәсіптік қызмет процестерін бақылау мен оларды басқару үшін қолданылуы мүмкін.