І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық



бет46/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық
жұмыс жүргізу
Мүгедек және денсаулығы жарамсыз үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп педагог-психологімен және пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс атқарады.
Әлеуметтік педагогтың міндеті:

  1. Оқушы туралы мәліметті сынып жетекшісінен алу және оның әлеуметтік жағдайын, топтамасын анықтау;

  2. Оқушының отбасымен танысу;

  3. Оқушының үйін зерттеу актісін түзу, өзіндік арнайы бөлме бар немесе жоқтығын анықтау;

  4. Педагог-психологпен және ата-анасымен бірлесе оқушының мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтау және байқау;

  5. Оқушының ата-анасымен сөйлесу, сауалнама алу және пән мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алу.

  6. Оқушының бос уақытта немен айналысатынын, қалай және кіммен өткізетіндігін сараптау;

  7. Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне көмектесу.

Әлеуметтік педагогтың оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары





Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1.

Мектеп бойынша оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушыларды анықтау. Медициналық сараптамасының айқындалуы бойынша және оқушының құжаттарын жинақтау.

Қыркүйек

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,
әлеуметтік педагог



2.

Үйде оқытылатын оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету.

Қыркүйек

әлеуметтік педагог, кітапхана қызметкерлері

3.

Үйде оқытылатын оқушылардың тұрғын жай актісін жүргізу. Ата-анасымен, отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау.
Оқушының көңіл-күйін, отбасыдағы хал-ахуалын анықтау.

Әр тоқсан сайын

әлеуметтік педагог, педагог-психолог,
сынып жетекшілер

4.

Үйде оқытылатын оқушылардың сабақ кестесі бойынша мұғалімдердің баруын бақылау, ата-анасымен байланыс жасау.

Үнемі

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,
әлеуметтік педагог

5.

Үйде оқытылатын оқушылардың әлеуметтік ортасымен араласу деңгейін және бос уақытта немен айналысатындығын анықтау, әлеуметтік педагогикалық сараптама жасау.

Үнемі

әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекшілері

6.

Сынып жетекшілерімен бірлесе және әкімшілік тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру

Желтоқсан

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,
әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілер

7.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету: ата-анасына кеңестер беру.

Үнемі

әлеуметтік педагог, педагог-психолог

8.

Оқушының оқу үлгерімін талқыға алу, пән мұғалімдерімен бірлесе әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару.

Үнемі

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,
әлеуметтік педагог, педагог-психолог



Әлеуметтік педагог қолы аты-жөні






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет