І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет56/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105
3. «Бип» жатттығу.
Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады.
Талқылау:

  • Дауыс иесін табу оңай болды ма? Неліктен?

  • Қатысушылардың аяқтарынан кім екенін сеінуге бола ма?

4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.
Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқа
мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Идеяны айтқаны үшін – 1 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 2 ұпай беріледі.
Талқылау:

  • Топта ролдер қалай бөлінді?

  • Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?

  • Бір-бірлеріңізге олдау көрсете алдыңыздар ма?

  1. «Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір

біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.
Эмоционалды өрістің жай-күйін анықтау. Түстерді анықтау. (Люшер-Лутошкин бойынша)
Әрбір адам өз бетінше қандай да бір жағдайды немесе құбылысты басынан кешіреді. Бұл жағдай біреуді қайғыртса, екінші біреулерде немқұрайдылықты тудырады, үшінші біреулер ашу шақыруы мүмкін. Мұндай психологиялық жағдайлар кез-келген адамның басынан өтеді. Егер қайғырған адамға өзінің қайғысын қандай түспен көрсетер едің деген сұрақ қояр болсақ, бірінші адам көгілдір, екінші біреу сұр түспен, үшінші адам тағы да басқа түстермен белгілеуі мүмкін. Әдістеме бойынша түстерге мына төмендегі анықтамалар беріледі:
Қызыл түс. Күшті эмоциялар: махаббат, жек көру, ашу, қорқыныш.
Сәбіз реңді түс. Тынышталу. Ішкі тепе-теңдік.
Сары түс. Тұрақсыз көңіл. Өзінің көңіл-күйін баршаға білдіру сезімі. Қызықты және күлкілі оқиғаларды еске түсіру.
Жасыл түс. Сағыныш сезімі. Немқұрайлық. Зерігу.
Көгілдір түс. Жеңіл қайғы. Армандау. Аутизм.
Көк түс. Түсініксіз қайғы. Мазасыздану. Тынышсыздану. Ұйқысыз түн.
Күлгін түс. Қатерге бас тігу. Құпиялық. Біреуді алдау сезімі.
Сұр түс. Қызық емес нәрсе. Немқұрайлық.
Қоңыр түс. Жасанды белсенділік.
Қара түс. Қайғылы бір нәрсені еске түсіру, жағдай, қайғылы жағдайды бастан кешіру.
Ашық түстер.

  • ашық жасыл: өмір қуанышын сезіну;

  • ашық қызыл: қандай да бір жақсылықты күту;

  • ашық сары: күтпеген қуаныш;

  • сирень түсті: кереметті, ғажайыпты күту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет