Гигроний, пентамин, бензогексоний және т.б. ганглиотежегіштер әсерінен ірі тамырлар кеңіп, өкпе ісінуі басылады.
6.5.3. Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер.
Натрий нитропруссиді, эуфиллин жәнет.б. миотроптық спазмолитиктер тамырдың салалы бұлшық еттерін босатады, содан кейін тамырлар кеңейеді.
6.5.4. a - адренотежегіштердың беленсенділігін арттыратын дәрілер.
Фентоламин және одан да басқа дәрілер аминазин, дипразин жатады. Бұлар артериялық қысымды төмендетіп, жалпы гемодинамиканы қалыптастырады. Жүректің қызметі жоғарылап, кіші шеңбердегі қысым төмендейді. Өкпедегі ісінуді басады. Өкпе тамырларынан сұйықтық шығуы төмендеп, сіңірілу көбейеді.
Егер артериялық қысым қалыпты жағдайда болса, өкпе ісінуін азайту үшін осмостық зәр айдайтын дәрілерді қолданады.