Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әрбір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын да балаларға түсіндіру қажет. Мысалы: алма – зат есім (лек. м).
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз — сөздердің байланысқөа түскендегі мағынасы. Мысалы: ағаш-тар (қосымша арқылы жүзеге асырылады). Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық формасын меңгерту дидактикалық ойындар және грамматикалық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды.