І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері



бет2/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
тіл дамыту лекция

Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеулер тіл дамыту әдістемесінің теориясымен практикада қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерін табуға бағытталады. Негізінен мұндай зерттеулер үш  бағытта болады.



  1. Тарихи методикалық зерттеулер /бұрынғы пікірлерге жаңаша көзқарас/.

  2. Эксперимент жұмыстары немесе балабақшада тәжірибе байқау жұмыстарын жүргізу.

  3. Тәрбиешілердің озат тәжірибелерін жинау.

Бұл зерттеулердің қайсысында болсын бастамас бұрын алдымен сол тақырып бойынша жазылған әдебиеттермен танысу қажет. Содан соң алынған тақырыптың мақсатын және зерттеу әдістерін анықтау керек. Мысалы, егер озат тәжірибе жинақтау керек болса, тәрбиешімен әңгімелесу, байқау әдістері қолданылады. Ал эксперимент жұмысы кезінде сол алынған тақырып бойынша ғылыми болжамдар жасалып, балабақшада қолданылатын бала тілінің қалай дамығандығын байқауға сұрақтар, бақылау жұмысының текстері даярланады және бұл жұмыстар бірнеше рет қайталанып, нәтижелері салыстырылады. Мұндай эксперимент жұмыстары 1-2 жылға да созылуы мүмкін. Материалдар жинақтап және сол материалдарды салыстырып болғаннан кейін қорытынды жасалынады. Ол қорытындының нәтижесі шағын бірнеше мақала болып немесе кітапша болып шығарылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет