44
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
Қызда мүлдем таңдау еркі жоқ деп түсініп қалма.
Пайғамбарымыздан (оған Алланың сәлемі мен игілігі
болсын) ақыл сұрағандар болған екен кезінде «Маған екі
ер кісі ұсыныс айтып жатыр. Қайсысына жауап берейін?»
деп. Осылайша қамқоршы функциясын пайғамбарымызға
артқан.
Жігіттің жар таңдауы мен қыздың жар таңдауы екі
бөлек екенін түсінген шығарсың. Жігіт жар іздейді. «Осы-
ау» деген адамына сөз салады. Қыз келген жігітті қанша
жерден ұнатып тұрса да, бірден «иә» дей салмайды.
Қамқоршысының ақылына жүгінеді. Себебі жігіт жігітті
жақсырақ таниды. Мысалы, жігіттердің арасында ғана
айтылатын әңгімелер болады. Соған қарап, жігіттің шын
келбетін көруге болады. Ал оны қыз қалай көре алады?
Достарыңызбен бөлісу: