I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет4/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Ғашық болсаң, үйленбе!
 
Универ бітіріп, жан-жағыма қарай бастадым. 
Былайша айтқанда, жақсы варианттар болса, қарастыруға 
дайын едім) Сөйтіп жүргенде, бір оқырмандар клубының 
жиналысына қатысатын боп, көріп қайтайыншы деп бардым. 
Ештеңемен ісім жоқ өзіммен-өзім отырғам. Бір кезде 
спикер боп бір қыз шықты. Не болғанын білмейм, әйтеуір, 
жүрек соғысым жиілеп, ішімде бір xимиялық өзгерістер 
басталды. Бір адамға байландым да қалдым. Иә, мен ғашық 
болдым!
 
Сөйтіп ол қыз жайлы ортақ таныстарымыздан 
сұрастыра бастадым. Ол да мені сырттай біледі екен. 
Маған деген сезімі де жоқ емес сияқты. Телефонын алдым, 
ватсаппен жазыса бастадық. Сол кезде ол қыз мен үшін 
мінсіз боп көрінген еді. Былайша айтқанда, «розовый 
очки» тағып алдым да, көзім байланды да қалды. 2-3 ай 
араласып, сөйлескен соң, «Болды, екеуміз бір-біріміз үшін 
жаралғанбыз, мен оған үйленем» деген шешімге келдім. 
Негізі бұған дейін «сүйген адамымды кездестірсем, бірден 
үйленем» деген ұстанымда жүргем. Сөйтіп шешімім жайлы 
ата-анама айттым. Олар «балам, қайда асығасың, бір-
біріңді танып алыңдар, 2-3 ай сөйлесіп, үйленем дегенің 
не?» деп рұқсат бермеді. Ал мен шаңырақ көтерсем, 
бәрін қатыратыныма сенімдімін. Не деген сенім, не деген 
тәуекел дейм дә. Сол кезде отбасы псиxологиясы, ер мен 
әйелдің бір-біріндегі ақысы, әйел адамның табиғаты деген 
нәрселерді онша білмеймін. Рационал ойлау, ақылға салу 
жоқ. Мені үйленуге асықтырған сезім ғана еді. Оның өзі 
соқыр сезім.


14
Ғашық бо
лсаң
, үйленбе!
I БӨЛІМ
 
Бұл эйфория ұзаққа созылмады. Біраз уақыттан кейін 
ол қызбен арамыз суып, мүлдем бөлек адамдар екенімізді 
білдік. «Розовый очкиімді» шештім. Бұрын байқамаған 
«кемшіліктерін» көре бастадым. Бір жағынан, үйленбей 
тұрып, қош айтысқанымыз да дұрыс болған сияқты.
 
Жалпы осы жерде «ғашықтық» (влюбленность) 
және «маxаббат» (любовь) деген екі түсініктің ара жігін 
ажыратып алғым кеп тұр. Менің кешкен күйім — ғашықтық. 
Санаңда өзің салып алған бір идеал образға кейбір жері 
ұқсайтын адамды кездестіргенде, «міне, менің іздегенім 
осы» деп, кемшіліктеріне көз жұма қарап, оны мінсіз көріп, 
ғашық боласың. Ақылыңды іске қоспай, сезімнің жетегінде 
кетесің. Ғашықтық өз-өзіңмен, екеуара қарым-қатынаспен 
жұмыс істеуді талап етпейді. Ол 1-1.5 жылға дейін жалғасуы 
мүмкін. Ғашықтық буымен алды-артына қарамай үйленіп 
жатқан жастардың көп уақыт өтпей ажырасып кететіні де 
сол үшін шығар.
 
Ал маxаббат — бөлек әңгіме. Ол — санамен, 
жүрекпен, мінезбен жұмыс істеудің жемісі. Айтады ғой 
«нағыз махаббат некеден кейін басталады» деп. Мен 
сәл басқаша айтар едім «некеден кейін жауапкершілік 
басталады. Ал нағыз махаббат екі тарап жауапкершілік 
алғанда басталады» деп. 
Ғашықтық пен маxаббаттың айырмашылықтары жайлы III 
бөлімдегі «Махаббаттың 5 тілі» деген жазбамда толығырақ 
айтып берем.
 
Мен ғашық болғаным үшін ғана үйленуге бел 
буған едім. Бұл — бірінші қателігім. Екінші қателігім нағыз 
маxаббатты, алау сезімді некеге дейін күткенім еді.
 
Отбасын құрам десең, бір адаммен өміріңнің 


15
Ромео мен Дж
улье
тт
а үйленсе,
 от
басылық өмірі қ
анд
ай бо
лар е
ді?
I БӨЛІМ
қалған бөлігін бірге өткізуге дайын бол. Бұл шешім жан-
жақты ойлануды, ақылды іске қосуды, ізденуді талап етеді. 
Дайындық та, білім де керек. Сол үшін, «ғашық болсаң, 
үйленбе!» дер едім.
Ғашықтық тақырыбын өлеңмен сипаттап көріп едім. Оқып 
көрші:
Қиялымыз жасап алған бейнені
Жер бетінен тапсақ қой деп келеміз.
Сол бейнеге ұқсап тұрған кей жері
бір адамға кезіккенде неге біз
жүрегіміз алып-ұшып, мына әлем
гүлге оранып кеткендей,
құрастырып сезім жайлы мың өлең,
құлпырамыз көктемдей?
Болды...
енді сен үшін
ол адамнан артық жан жоқ ғаламда!
Ұқсайтындай оның қылған әр ісі
бейнеңе сен жасап алған санаңда.
«Ғашықтық» деп айтады екен бұл күйді,
Қайдан келген?
Табиғатын ұғып көр.
Дүрсілдеген жүрек қалай тыншиды?
Апарады қайда қиял-үміттер?
Ғашық болған кезіңнің
кереметін жеткізе алмас талай сөз.
Лап етіп тез тұтанатын сезімнің
өкінішті сөнетіні солай тез.
Мүлдем бөлек жан екен ол, бұны кештеу ұғарсың.
Ұнайды тек ол адамның кей жері.
Сен оны емес,
сүйіп қалған шығарсың
қиялыңмен жасап алған бейнені.
 


16
Ромео мен Дж
улье
тт
а үйленсе,
 от
басылық өмірі қ
анд
ай бо
лар е
ді?
I БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет