І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту



бет80/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс мұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған білімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды.Репродуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемдігі мен дағдысын қалыстастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімнің тапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгімінен тұрады, ал оқушының іс-әрекеті үлші бойынша әрекетті орындаудан тұрады.
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша отырып, көрсетуден тқрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәсеені шешу мәселесінен тұрады. Оқушылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақындауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселесі тапсырманы бірнеше бөлікке бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал махмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшелінеді.
Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тәжірбиесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдайлары мен шарттарыныңтүрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.
Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:

  • Оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұсқауларының жалпы бағыттарына;

  • Осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмұнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;

  • Нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;

  • Нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен міндеттеріне;

  • Материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;

  • Оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);

  • Оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жабдықтардың, көрнекі құралдардың, техникалық құралдардың болуына;

  • Мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялы дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше шешімді, яғни: ауызша, көрнекті немесе практикалық нақты әдістер таңдау, өзіндік жұмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдістерін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет