І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет54/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

Жаттыктыру әдісі. Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі – жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайтадан үйрету қажет.
Жаттыктыру әдісі – тұлғаның бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты сіңіру, оны қалыаты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру.
Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз – тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал.
Жазалау әдісіне мыналыр жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтын, оны байқап пайдаланған жөн.
Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттығы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою – баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бақылау әдісі дегеніміз – баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Ол белгілі тапсырмалар мен талартарды орындауға бағытталады. Ал оны орындату құралына баланың күнделікті іс-әрекетін, мінез-құлқын, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Әңгімелесу – оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғадық өмірді суреттеу барсында қолданылады. Әңгіме әдісіне белгілі талаптар қойылады: қисынды, бірізді, дәлелді баяндау; нақты, бейнелі көтеріңкі көңіл-күймен әңгімелеу; оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, әңгімелесу ұзақтығы бастауыш сыныпта 10 минут, жоғарғы сыныптарда 30 минутиан аспауы тиіс.
Егерде әңгімелесу барысында оқушылардың түсінігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған жағдайда, оларға түсіндіру әлісі арқылы заңдылықтар мен принциптерді, ереже мен тәртіпті сақтаудың маңызын көрсету керек. Тәрбиеші жеке тұлғаның санасын, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді. Түсіндіру әдісін түрлі үлгілі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып бекітуде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады.
Әңгімелесу – оқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай тақырыптарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселелерге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсе, сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптсатыру. Жеке әңгімелесу көбінесе тәртіп бұзу, оқушылар арасында қайшылыөтар туған сәтте қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін алдын ала жоспар құрылып, белгілі жүйемен жүргізілуі тиіс.
Әңгімелеу мен әңгімелесу әдістері танымдық дәріс әдісіне даярлайды. Мектептегі дәріс көбіне әңгімеге жақын бола тұрып, ақпараттық танымдық көлемі жағынан, қисынды құрылымы, дәлелді, жалпы қорытынды жасау және ұзақтығымен ерекшеленеді. Дәріс көбінесе жоғары сыныптарда, оқу орындарында қолданылады. Дәріс жүйелі ауқымды түрде әлеуметтік-саяси, адамгершілік, эстетикалық және басқада тәрбие түрлерінде сыныптан және мектепмектептен тыс оқу тәрбие жұмысында кеңінен қолданылады. Пікірталас - әдісі оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушы лардың назарын түрлі көкейтесті мәселеге аударып, оны ойланып негіздеуге бағыттайды. Сонымен бірге оқушылардың кейбір құбылыстар жайлы пікірін негіздеуге мүмкіндік береді. Пікірталас әдісін ұйымдастыру үшін талқыланатын мәселее мндетті түрде екі түрлі қайшы пікір болуы абзал. Пікірталас нәтижесінде мұғалім тұжырымды қорытынды жасауы тиіс.
Тәрбие әдістерінің Г.А.Щукина жасаған жіктемесі кешенді сипатқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағын қарастырады. Осыған орай, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері – сендіру.
Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірбиесін қалыптастыратын әдістер- жаттықтыру, үйрету, педагогикалық талап қою, тапсырма беру, тәрбиелік жағдай туғызу. Тәртіпке, іс-әрекетке түрткі тудырып, ынталандыратын әдістер – жарыс, мадақтау, жазалау т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет