Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор. Ата-ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың өнеге - үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б.
Отбасының қызметтері, типтері:
Отбасы құрамын анықтау;
Құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата- анасы ажырасқан отбасылар;
Тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі, отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.
Отбасындағы қарым қатынас сипаты:
Отбасы мүшелерінің қарым қатынасы үйлесімді, тіл табысатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенмен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен.
Отбасы мен бала арасындағы қарым- қатынас көз жұмушылық, қомқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрайлы қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапкершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру.
Баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері теріс баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.
3-ТАРАУ. ОҚЫТУ - ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
16 тақырып. ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру- білімділік, тәрбиелілік, дамытушылы. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері.
Оқытудың әдіснамалық негізі.
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары.
Достарыңызбен бөлісу: |